Графикте әртүрлі жануарлар мен жәндіктердің ең үлкен жылдамдықтары келтірілген. Ал адамның ең үлкен жылдамдығы 11 м/с.
Жылда
мдық, км/сағ
Жылдамдық, км/сағ
Акула
43,2
Арыстан
66,6
Тазы
63
Түлкі
54
Гепард
111,6
Қоңыз
12
Керік (жираф)
51
Шыбын
18
Кенгуру
48
Тасбақа
0,5
221.Берілген кестеде адам жылдамдығынан үлкен жылдамдықпен қозғалатындар саны
A) 9
B) 5
C) 7
D) 8
E) 6
222.Шыбынның 1 минутта түзу ұшқан қашықтығын, тасбақа жүріп өтетін уақыт
A) 30 мин
B) 36 мин
C) 26 мин
D) 18 мин
E) 9 мин
223.Тазы өзінен 50 м қашықтықтағы түлкіні байқап қалып қуды. Екеуі де тұрақты жылдамдықпен түзу бойымен қозғалады деп есептеп, тазының түлкіні қуып жету уақыты
A) 10 с
B) 20 с
C) 50 с
D) 25 с
E) 40 с
224.Акула өзінің азығын 3 км-ден анықтай алады. Азығына дейін акуланың жүзетін уақыты
A) 0,25 сағ
B) 250 с
C) 7,5 мин
D) 360 с
E) 0,04 сағ
225.Гепард өзінің максимум жылдамдығымен 1 мин қана жүгіре алады. Осы қашықтықты арыстанның жүріп өтетін уақыты
A) ≈ 2 мин
B) ≈ 100 с
C) ≈ 150 с
D) ≈ 3 мин
E) ≈ 200 с
Ауада ұшу
Ауа шары жоғары көтерілу үшін оны тығыздығы ауаның тығыздығынан кіші газбен толтыру қажет. Бұл сутегі, гелий, азот немесе қыздырылған ауа болуы мүмкін. Денеге әсер ететін ығыстырушы күш ауырлық күшінен көп болса, дене Жерден ажырап, жоғары көтеріледі. Осы принцип негізінде жасалған ауаға көтерілетін ұшатын аппараттар аэростаттар деп аталады.
Ресейлік жиһанкез Федор Конюхов 2016 жылдың маусым айында «МОРТОН» атты ауа шарымен Австралиядан бастап, Жерді айналып саяхаттап шығады. Конюховтың Жерді айналып ұшқан ауа шарының сипаттамалары төмендегідей: шардың көлемі 15 500 м3, шар қабығының массасы 450 кг, оны толтырған гелийдің тығыздығы 0,18 кг/м3. (g=10 м/с2, ρауа = 1,29 кг/м3)
226.Шарға әсер ететін Архимед күші
230.Егер тығыздығы 0,72 кг/м3 ыстық ауамен толтырса, «МОРТОН» ауа шарының көтергіш күші
A) 10 кН
B) 30 кН
C) 35 кН
D) 50 кН
E) 80 кН
Айсберг
Айсберг — мұхитта немесе теңізде еркін жүзіп жүрген мұз кесегі. Әдетте айсберг жағалаудағы мұздан бөлініп шығады. Теңіз суының тығыздығы 1025 кг/м³, ал мұздың тығыздығы 900 кг/м³ болғандықтан, айсберг көлемінің жуық шамамен 90 %-ы су астында болады. Айсбергтердің орташа массасы 4 млн.т. Ұзақ жылдар бойы жауған қар қабаттары тығыздалуы нәтижесінде миллиардтаған кішкентай мұз кесектеріне айналып, айсбергті «өсіре» береді. Мұздың кішкентай кесектерінің жарық сәулесін шағылдыруы бойынша оларды кішкентай айна сынықтары деуге болады.
231.Бір айсбергке әсер ететін ауырлық күшінің орташа мәні (g=9,8м/с2)