49.Парашютші жауынгердің орныққан жылдамдығы
A) 3 м/с
B) 5 м/с C) 7 м/с
D) 10 м/с
E) 13 м/с
50.Егер жауынгер тағы 11 кг артық жүк алса, орныққан жылдамдығы
A) 2 % -ға артады
B) 4 % -ға артады
C) 6 % -ға артады
D) 8 % -ға артады
E) 10 % -ға артады
Линзалар
Асан кітапты көзіне әдеттегіден жақын, шамамен 16,7 см қашықтықта ұстап оқитыны белгілі болды. Ата-анасы оны дәрігерге апарып, көзілдірік таңдап берді. Енді Асан кітапты кәдімгідей 25 см қашықтықта ұстап оқитын болды. Алайда атасы өз көзілдірігінің орнына Асанның көзілдірігімен қараған кезде тіптен ештеңе көрінбейтінін айтты. Жасөспірім баланың көзі диаметрі 20 мм шар тәрізді болады.
51.Асанның көзінің ақауы және оның көзілдірігінің линзасының түрі
A) жақыннан көргіштік, жинағыш
B) жақыннан көргіштік, шашыратқыш C) алыстан көргіштік, жинағыш D) алыстан көргіштік, шашыратқыш
E) анықтау мүмкін емес
52.Асанның атасының көзінің ақауы және оның көзілдірігінің линзасының түрі
A) жақыннан көргіштік, жинағыш
B) жақыннан көргіштік, шашыратқыш
C) алыстан көргіштік, жинағыш D) алыстан көргіштік, шашыратқыш
E) анықтау мүмкін емес
53.Асан көзілдірік таққан кезде «көзілдірік-көз» жүйесінің оптикалық күші
A) нөлге тең
B) нөлден үлкен C) нөлден кіші
D) белгісіз
E) нөлден үлкен де кіші де болуға болады
54.Асанның көзілдірігінің оптикалық күші
A) -1 дптр
B) -2 дптр C) 0,5 дптр
D) 2 дптр
E) 1 дптр
55.Асан көзілдірігімен кітап оқып отыр. Кітаптағы биіктігі 2 см суреттің Асанның көзінің тор қабығындағы кескінінің биіктігі
A) 1 мм
B) 2 мм
C) 0,8 мм
D) 1,6 мм E) 2,5 мм
Асқын салмақ
Асқын салмақ, мысалы, ғарыш кемесінің жер бетінен көтерілу сәтінде пайда болады. Асқын салмақ жағдайында адамның ішкі органдары да өзінің салмағын арттырады. Мұндай кездері адам ауырлықты сезінеді, ал төтенше асқын салмақ адам денсаулығына зиянды. Бұл кезде ғарыш кемесінің а үдеуі g еркін түсу үдеуінен бірнеше есе артады. Сол сияқты ұшақты төменгі «өлі тұзақтан» тік шүйілуден алып шығарда ұшқыш та асқын салмаққа тап болады. Асқын салмақты k=1+ қатынасымен бағалауға болады. Жаттыққан ұшқыштар, ғарышкерлер салмақтың k= 5 есеге дейін артуына шыдай алады. (g=10 м/с2)
56.Ұшқыш шыдайтын шекті жылдамдықпен жасалған «өлі тұзақтың» төменгі нүктесінде массасы m ұшқыштың салмағы
A) P=mg B) Р=2mg C) P=3mg D) P=4mg E) P=5mg
57. «Өлі тұзақтың» төменгі нүктесінде ұшқыштың салмағы қауіпсіз мәнінің шегіне 4 кН-ға жеткен болса, ұшқыштың массасы
A) 80 кг B) 85 кг
C) 70 кг
D) 75 кг
E) 90 кг
58.Ұшақты «өлі тұзақтан» төменгі нүктесіндегі тік шүйілуден алып шығарда массасы 70 кг жаттыққан ұшқыштың шекті салмағы
A) 700 Н
B) 2500 Н