Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме



бет19/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
ҚЗ улану ошағында жүргізілетін іс-шаралар қоздырғыштар мен оның қолданылу тәсіліне қарай екі кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезең – қоздырғыш түрін анықтағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жалпы эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар: карантинді хабарлау, улану ошағының өлшемі, сынақтар алынып, қоздырғыштар түрін анықтау үшін зертхналарға жіберіледі. Аумақтарды, ғимараттарды, имараттарды залалсыздандыру, санитарлық өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Базарлар, ойын-сауық мекемелері, яғни адам көп жиналатын орындар жабылауы мүмкін. Адамдар мен транспорттар қозғаласына шектеу қойылады.
Екінші кезең – қоздырғыш түрін анықтаған соң. Бұл кезеңде карантиндік режим сақталады, немесе обсервациямен (ауру организмнен сау организмге берілмейтін аурулар кезінде) ауыстырылады. Карантин хабарланған аумақтағы кейбір аурулар аумағында қауіпті аумақ белгіленеді. Бұл аумақта медициналық және ветеринарлық бақылау ұйымдастырылады, азық-түлік өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану орындарына бақылау ұйымдастырылады. Карантин хабарланған аумаққа апаратын барлық жолдарға ескерту белгілері қойылады.
Карантиндік аумақтағы аурулар мен ауру белгісі бар адамдар оқшауланады, оларды емдеу ұйымдастырылады, аулулар араланып, тұрғындар қаралады; бөлмелер, киімдер, аяқ киімдер дезинфекцияланады, су көздеріне, азық-түліктер қоймаларына бақылау күшейтіледі, иммунизация және антибиотиктермен шұғыл егу жұмыстары жүргізіледі; медициналық мекемелердің жұмысына эпидемиялық режим қойылады. Улану ошағына тек қана ошақты жоюға жұмылдырылатын медициналық персоналдарға ғана өтуге рұқсат етіледі. Зақымдану ошағына жіберелетіндерге алдын алу вакцинациясы жасалынады.
Заманауи зақымдау құралдарымен зақымдану аумағында жүргізілетін негізгі жұмыс түрлерімен танысқан соң сабақтың жетекшісі «ағымдағы жылдың 24.03. сағ. 6.00-де N қаласына ауадан соққы берілді, қаланың орталығы қираған, химиялық қарулардың қолданылу мүмкіншілігі бар» тапсырмасын береді, оқытушыларға қалыптасқан жағдайды бағалау және ЗЗҚ уланған аумақта ҚБҚЖ жүргізу шешімін қабылдауды тапсырады. Содан кейін бірнеше оқытылатындарды тыңдайды. АҚШБ роліндегі оқытылушы барлауды ұйымдастырады, алынған деректерді жалпылап,. АҚБ ұсыныстар дайындайды. Алынған деректер негізінде АҚБ заманауи зақымдау құралдарымен зақымдану аумағында ҚБҚЖ жүргізу шешімдерін қабылдайды. АҚБ ҚБҚЖ жүргізу шешімінің мазмұны №1 қосымшада келтірілген. АҚҚ командирлері ретінде болатын оқытылатындар бағыныштыларға бұйрық және өкім бере отырып жұмыстарды жүргізу шешімдерін қабылдауға жаттықтырылады. Сабақтың жетекшісі ҚБҚЖ жүргізу туралы шешімдердің бір-екеуін тыңдайды, қандай да бір нақтылықтар болмаған жағдайда қосымша сұрақтар қояды, осылайша оқу материалының толықтай игерілуіне көз жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет