Транспорт в XXI веке: состояние и перспективы



Pdf көрінісі
бет43/58
Дата12.03.2017
өлшемі8,29 Mb.
#8891
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58

 

1.

 



Есенова  Қ.  Қазіргі  қазақ  медиа-мәтінінің  прагматикасы  (қазақ  баспасӛзі 

материалдары негізінде). – Алматы:2007. – 450 бет,6-бет 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



357 

 

 



2.

 

 Ерназарова  З.Ш.  Қазақ  сӛйлеу  тілі  синтаксистік  бірліктерінің  прагматикалық 



негіздері: филол.ғылым.докт. дисс. ... – Алматы, 2001. - 206 бет. 

3.

 



Арутюнова Н.Д. Фактор адресата // Известия АН СССР. Серия литературы и языка. – 

1981. Том 40, №4.– С.356-367. 358 бет. 

4.

 

Е.Ю.Клюев  «Речевая  коммуникация».  –  М.:  Риполклассик.  2002.  с.316.  18,19  бет. 



Сонда. 18,19 бет. 

5.

 



Кузнецов И.Н. Риторика. Минск: Амалфея, 2000. С. 177-178. 

6.

 



 Цапкина Е.А. «Обозначение речевых тактик в диалоге».-М.: 2008.128 стр. 

 

 



Шыныбекова  А.С.  –  к  ф.ғ.к.,  М.Тынышбаев  атындағы  Қазақ  кӛлік  және 

коммуникациялар Академиясы (Алматы қ., Казахстан) 



Шыныбекова  А.С.  –  Райымбек  батыр  атындағы  №  50  «Қазғарыш»  мектеп-

лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

 

ПРАГМАЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ИЛЛОКУЦИЯ МӘСЕЛЕСІ 

 

Тілді  белгілі  бір  қоғамда  адам  әрекетінде  жұмсалуын  сипаттайтын  және 

түсіндіретін  прагматика  тілдік  бірліктердің  жағдаятқа  сай  таңдалуын  анықтау,  олардың 

сӛйлеу  әрекетіне  коммуникативті  бағытталған  әдеттегі  жағдайларда  қолданылу  тәртібін 

орнату  сияқты  мәселелермен  айналысады.  Бұл  тек  лингвистикалық  білімді  ғана  емес, 

сондай-ақ  энциклопедиялық  білімді  де  талап  етеді.  Ӛйткені  кез-келген  сӛйлеуші  ӛмір 

сүріп  жатқан  қоғамда  белгіленген  адамдардың  ӛзара  қарым-қатынасында  қолданатын 

коммуникативті  әдептің  ережелері  мен  конвенцияларын  білуі  керек.  Ч.Моррис  айтып 

ӛткендей, прагматика қатынас кезінде коммуниканттарға әсер ету үшін тілдің қолдануын 

қарастырады.  Прагматиканың  пайда  болуы  сӛйлеу  әрекетін  зерттеумен,  сӛйлеу 

механизмін  талдаумен,  сӛйлеудің  әлеуметтік  актісіменбайланысты.Оның  орталығында 

сӛйлеуші  тұлғасы  мен  қатынас  процесіне  әрбір  сӛйлеушінің  енгізген  субьективті 

бастамасы орын алады [1,55 бет].  

Сӛйлеу 


қатынасы 

сӛйлеу 


актілерінің 

тізбегінен 

тұратындықтан, 

лингвапрагматикадағы  ең  маңызды  болып  саналатын  теория  –  сӛйлеу  актілеріне  оны 

құраушы  үш:  иллокуция  (мақсат)  –  локуция  (шығару  -  произнесение)  –  перлокуция 

(нәтиже)  сәйкес  келетін–  Дж.Остин,  Дж.Серльдің  және  т.б.  сӛйлеу  актілерінің  теориясы 

саналады.  Егер  иллокуция  –  сӛйлесімді  жіберушінің  вербальді  және  вербальді  емес 

құралдарды таңдауын анықтайтын сӛйлеу актісінің негізгібуыны болса, онда перлокуция 

–  бұл  –  адресант  сӛйлеу  арқылы  адресатқа  ықпал  ететіндіктен,сол  үшін  қатынас  жүзеге 

асатындықтан, перлокутивті тиімділікке қарай ұмтылады. Лингвистикалық  прагматикада 

қазіргі уақытта бірнеше фундаментальді бағыттар қалыптасқан. Олардың біреуі  – сӛйлеу 

актілері  туралы  ілім.  Бұл  ілім  Дж.Остиннің  атымен  байланысты  және  тілдік  ойындар 

туралы  Л.Витгенштейннің  (1985)  идеясынан  бастау  алған  болатын.  Бұл  ілімнің  негізі 

тілдік сӛйлесімдердің әлемдегі оқиғалар туралы хабарлауы және шынайы және жалған деп 

жіктелуінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  адамдарға  олардың  кӛмегі  арқылы  қандай  да  бір 

әрекет етуге мүмкіндік беруінде жатыр. Мұндай сӛйлесімді Дж.Остин  «перформативтік» 

деп  атап,  олардың  жіктемесін  ұсынған  болатын.  Ол  сонымен  бірге  «локутивтік, 

иллокутивтік  және  перлокутивтік  актілер  сияқты  маңызды  түсініктердіде  енгізіп, 

оларғаанықтама  берген  болатын  [2].  Бұл  зерттеу  бағыттарынкейінненДж.  Серль,  Д. 

Вандервекен (1985), Дж. Версурен (1980),Д.Вундерлих (1976),Дж.Лич (1963), Т. ван Дейк 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



358 

 

 



(1981), Р. Харниш(1980),Г. Г. Почепцов (1981), Ю. Д. Апресян (1986),Н. Д. Арутюнова, Е. 

В.  Падучева  (1985),  И.  П.  Сусов  (1985)  және  басқалар  ӛз  еңбектерінде  жалғастырған 

болатын.  Осы  келтірілген  авторлардың  кӛбісі  ӛздерінің  жеке  сӛйлеу  актілерін  жіктеу 

формаларын ұсынған болатын. Бірақ та олардың ешқайсысы да сӛйлеу актілерін жасайтын 

тілдік  құралдарды  анықтау  міндетін  алға  қоймады.  Бұл  міндеттерді  алғаш  рет  шешудің 

мәселесін  Т.  Баллмер  мен  В.  Бренненштуль  алға  қойды.  Олар  ағылшын  тілінің  4800 

етістігі  үшін  күрделі,  кӛп  сатылы  классификациясынқұрып,  сӛздікті  басып  шығарған 

болатын.  Оларданкейін  барлық  етістіктер  ағылшын  тіліндегі  37  бастапқы  топтарға 

бӛлінген  сӛйлеу  актілеріндегі  етістіктерінің  семантикалық  сӛздігін  А.Вежбицкая  жазып 

шықты  (1987).  Айтылған  бағыт  деңгейінде  сӛйлеу  актісінің  теориясының  формасы 

жасалынды  және  иллокутивтік  мағынаның  логикалық  негізі  қаланды.  Бұл  міндеттерді 

Дж.Серль  менД.  Вандервекен  жүзеге  асырған  болатын.  Сӛйлеу  актілерінің  теориясы 

лингвистиканың  қолданбалы  саласында  кеңінен  таралды.Мұндағы  негізгі  назар  ғылыми, 

ғылыми-техникалық  жарнамалық  және  іскери  құжаттар  мәтіндерінің  сӛйлеу  актілік 

ұйымдастырылуына  аударылға  болатын.  Зерттеудің  екінші  бағыты  сӛйлеу  қатынасының 

ережелері  мен  конвенцияларына  арналды.  Бұл  бағытта  сӛйлеу  актілері  осы  ережелерді 

қолданатын әліпби ретінде қарастырылды. 

Коммуниканттар арасындағы сӛйлеу қатынасы әрқашан да қандай да бір мақсатқа 

жету  үшін  жүргізіледі.  Мұндай  мақсат  мәлімет  алу  немесе  хабарлауға,  қандай  да  бір  іс-

шараны ӛткізу үшін келісуге, қандай да бір іс-әрекет жағдайы туралы пікір алмасу немесе 

уақытты тиімді ӛткізуге арналады. Егер мақст болса, оған қол жету үшін қажетті құралдар 

да  болу  керек.  Мұндай  құралдарға  вербалды  алмасу  –  ауызша  түрдегі  диалог  немесе 

жазбаша қатынас формасында қолданылатын хаттар жатады. Вербалды алмасу белгілі бір 

деңгейде  ұйымдастырылу  керек.  Бұл  ұйымдастырулар  әртүрлі  ережелермен  реттеліп 

отырады. Олардың ішіндегі ең маңызды тӛрт тобы бар, нақтылап айтар болсақ: 

1) сӛйлесімдік ӛзара әрекеттерді ұйымдастыру ережесі

2) дискурсты ұйымдастыру ережесі; 

3) ақпараттық алмасуды ұйымдастыру ережесі

4)  қатынастағы  коммуниканттардың  мәртебелік  рӛлдерін  ескеру  ережесі.  Белгілі 

бір  мақсатқа  қатысты  сӛйлеушінің  орындауы  қажет  СА-і  оны  жүзеге  асыру  шартымен 

қатар иллокутивтік акт ретінде қызмет етеді. Қолданыс барысында пайдаланылатын тілдік 

құралдарға  қатысты  СА-ілокутивтік  акті  деп  аталады.  Ал  нәтижеге  қатысты  СА-і 

перлокутивтікқызмет  атқарады.  Дж.  Остин  енгізген  иллокуция  түсінігі  сӛйлеу  әрекетінің 

үш деңгейлі құрылымын айқындайтын ең басты жаңалық болды. Бұл түсінікті алғаш рет 

енгізе отырып Дж. Остин оның анықтамасын бермейді, тек иллокутивтік актілерге: сұрақ, 

жауап,  ақпарат  беру,  ескерту,  тағайындау,  сын  айту  т.б.  мысалдар  келтіреді.  Және  де 

мұнда  иллокутивтік  акт  интенциямен  (мақсат  түсінігі)  және  конвенциямен  реттеліп 

отырады [2]. Иллокутивтік актіні конвенциялық әрекет ретінде түсінікті Дж. Серльберген 

болатын [3]. Ол конвенция түсінігін ереже түсінігімен алмастырып, иллокутивтік актінің 

ережеге  бағынатын  әрекет  екендігін  түсіндіруге  тырысады;  барлық  ережелерді 

регулятивтік  («соған  дейінгі  қалыптасқан  әдеп  формаларын»  реттеуші,  мысалы,  этикет 

ережесі) және конститутивтік («жай ғана реттеп қоймай, жаңа әдеп формасын жасайтын 

ереже»)  деп  бӛледі  [3].  Дж.  Серль  «уәде  беру»  иллокутивтік  актісі  үшін  ережелер 

жиынтығын  жасайды,  басқа  актілерді  талдау  бағдарламасын  белгілейді;  сӛйлесім  – 

коммуниканттардың  ойын  беруші  құралы  және  де  сӛйлеуде  жүзеге  асырылатын 

факторлар  болып  табылады  дейді.  Иллокутивтік  актінің  негізі  СА-де  оның  иллокутивтік 

күші  немесе  иллокутивтік  қызметі  ретінде  айқындалады.  Бұған  мына  компоненттер: 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



359 

 

 



иллокутивтік мақсат, мақсатқа жету тәсілі, иллокутивтік күштің қарқындылығы, қосымша 

жағдайлар, пропозиционалдық мазмұн шарты, әлеуметтік әдеп ережелерімен анықталатын 

тиімділік  пен  нәтижелік  шарттары,  қалыпты  басталу  және  аяқталу,  сӛйлеуші  мен 

тыңдаушы  үшін  шынайылық  шарттары  жатады  [3].  Ережеге  сай,  сӛйлеу  әрекетінің  екі 

жақты актісі үшін ең аз контекст ретінде «қарапайым интеракцияны» немесе интерактивті 

блок құрушы бір рет әрекет алмасатын акт есептеледі. Интерактивті блоктың әрбір бӛлігі 

қатынасқа  қатысушының  жекелеген  жүрісін  білдіреді,  бұл  жүріс  сӛйлесім  қимылы  да 

сӛйлесімдік емес әрекет те бола алады. Прагматика мен оның құраушы бӛлігі – Дж.Остин 

мен  Р.  Серльдіңеңбегінде  айтылған  сӛйлеу  актісінің  теориясы–алдымен  «қарапайым 

тілге» және жанды сӛйлеу тілінің процесіндегі сӛйлесімге қатысты пайда болған болатын, 

соңғы жылдардағы зерттеулер кӛркем шығармадағы прагматикалық тәсілдің жемістілігін 

нақты  кӛрсетіп  отыр.  Осы  айтылғандаркӛркем  сӛз  прагматикасын  зерттеудің  нысанын 

анықтайды. Бұл – адресанттың коммуникативтік мақсатына жетуі үшін және адресаттың 

жауап  реакциясын  алуы  үшін  тіл  материясын  ұйымдастыру  құралдары  мен  тәсілдері 

арқылы  реципиентке  кӛркем  сӛздің  әсер  етуінің  мазмұндық  интерпретациясы  болып 

табылады. 

Мақсаттың  әртүрлі  сипаты  сӛйлесімнің  мағыналық  жағын  түрлендіріп  отырады. 

Бұл ниеттің әр түрлі реңкте айтылуы сӛйлеу жағдаяты мен тыңдаушының мүмкіндіктеріне 

тікелей байланысты. Сондықтан мақсаттардың  сыртқа шығу формасы, сӛйлеушінің тілдік 

құралдарды  таңдауы  оның  тілді  меңгеру  дәрежесіне  ғана  емес,  сыртқы  кӛптеген 

мәнбірлерге  тәуелді  болады.  Осы  тұста,  Иманғалиева  ӛз  зерттеу  жұмысында, 

коммуникативтік  ниеттің  диалог  түрлерінің  ерекшелігін  айқындаушы  негізгі  мәнбір 

екенін сипаттай отырып, негізінен кең қолданылатын мынадай коммуникативтік ниеттерді 

атап  кӛрсетеді.  Олар:  1)  интеллектуалды  ниет  (мәлімет  алу,  кӛбіне:  позицияны  анықтау, 

пікірді қолдау, тақырыпты ӛрбіту); 2) Бұл диалогты қатысымда бірінші коммуниканттың 

қойған  сұрағының  негізгі  интенциясы  мәлімет  алу  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ӛз 

тыңдаушысын  қолдап  оған  деген  жеке  қатысын  білдіру  де;  3)  қатынасты  ниет 

(әңгімелесуші  қолдау болмаса шеттету, әңгімені  жалғастыру болмаса аяқтау);4)  әрекетке 

итермелеу  ниеті  (белгілі  бір  әрекетке  бағыттап,  оны  орындауға  итермелеу)  [4,43]. 

Сонымен кез-келген қатысымның мақсаты қарсы жақтан қандай да бір әрекетке итермелеу 

(әңгімені тоқтату болмаса әңгіме желісін басқа арнаға бұрып, жалғастыру немесе жай ғана 

хабарлау) болып табылады. Коммуникант алдына нақты, кейде керісінше, жалпы мақсат 

қоя  отырып,  сӛйлеу  жағдаятына  ойша  баға  береді,  сӛйте  отырып,  ӛзінің  сӛйлеу  әдебін 

айқындайды.  Сӛйлесімді  сыртқа  шығарған  кезде  сӛйлеуші  тыңдаушының  алғашқы 

реакциясын тудырып қана қоймайды ол осы реакция арқылы ӛзінің интенциясын жүзеге 

асыру  үшін  белгіленген  тактикаларының  әрі  қарай  қаншалықты  орынды  ӛрбитіндігін 

байқайды.  Коммуникативтік  ниет  сӛйлеуші  сӛйлесімнің  нақты  мақсатын,  яғни,  оның 

сұрап  тұрғанын  болмаса  нақтылап  тұрғанын,  кінәлайтынын  болмаса  ақтайтынын,  ақыл 

беріп  тұрғанын  болмаса  талап  етіп  тұрғанын  кӛрсетеді.  Коммуникативтік  ниет  – 

әңгімелесушілердің сӛйлеу әдебін реттеуші  болып табылады. Бұл интенция қажеттілікті, 

уәжді,  ойды  бейнелейтін  қатысым  себептерін  эксплицитті  етеді.Мақсат  барлық  кезде 

тілдік  құралдармен  эксплицитті  түрде  кӛрінбесе  де,  ол  әрдайым  сӛйлеуші  санасында 

болатыны анық. Қатысым кезінде мақсаттардың мәні, олардың шешілу жолдары адамның 

жеке мінездемесіне қызмет етеді десек, ниеттердің үйлесімі мен олардың шешілу жолдары 

адамның жеке мінездемесіне қызмет етеді десек, ниеттердің үйлесімі мен оларды жүзеге 

асыратын  тактикалар  сӛйлеу  әдебін  әр  алуан  етеді.  Бұл  дегеніміз,  П.Ф.Сторосон 

сипаттаған  күрделі  ниеттің  болуы  [5,131].  Ол  –  сӛйлеушінің  әсер  ету  үшін  кӛздеген 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



360 

 

 



мақсатын  тануға  бағытталған  негізгі  ниет.  Әңгімелесуші  сӛйлесімнің  функционалдық 

түрін,  сӛйлеушінің  коммуникативтік  мақсатын  анықтай  алуы,  тура  және  жанама  сӛйлеу 

актілерін  айыра  білуі  тиіс.  Сонда  осыларды  ескере  отырып,  тыңдаушы  тілдік  қатысым 

барысында жағдаятқа сай, үйлесімді жауап береді.  

Коммуникативтік  актіде  уәждемелік  мәнбірлер  маңызды  рӛль  атқарады.  Себебі 

сӛйлеу әрекеті сӛйлеушінің сӛйлеу мақсатына, демек коммуникативті ниетіне негізделеді. 

Сӛйлеу интенциясы – бұл белгілі психикалық жағдай: уәж және сӛйлеу актісінің мақсаты. 

Уәжді сӛйлеу актісінің басты себебі, ықпал етуші күші деп түсінуге болады.Ал, мақсат  – 

әрекеттің  қалаулы  нәтижесін  ойша  сезіну.  Интенцияның  қалыптасуы  қарым-қатынаспен 

байланысты  және  сӛйлеушілердің  қатысым  жасау  қажеттігіне  тәуелді.  Сондықтан 

зерттеушілер макроинтенция ұғымын енгізеді. Макроинтенция диалогте обьективті түрде 

кӛріну  себеббі,  ол  әлеуметтік  уәждемелерге  бағынады.  Интенциялардың  ӛзара 

ықпалдасуын,  яғни  бірін-бірі  тудыратын  ӛзара  байланысын  Л.П.Чахоян  мен  Ш.А. 

Паронян интеракция деп атайды. Зерттеушілер мақсаттардың мұндай байланысы адамдар 

арасындағы  қатысым  түрлерін  белгілейтінін  жазады.  Себебі  қарым-қатынасты 

анықтайтын  психологиялық  мәнбір  –  қатысымның  мақсаты  мен  қатысым  тапсырмасы 

екені анық. [6,74] 

Сонымен,  сӛйлеу  актілері  теориясын  зерттеу  еңбектерінде  басты  орынды 



иллокутивтік  акт  иеленеді.  Иллокуция  түсінігін  алғаш  рет  енгізіп,  оның  артынан 

иллокуцияның тӛрт негізгі белгісін бӛліп жазған ғалым Д.Остин болатын.  Иллокутивтік 



сөйлесімдердің  жасырын  перформативі  болады.  Иллокутивтік  акт  қандай  да  бір 

конвенцияға  сәйкес,  әңгімелесушілердің  ӛзара  келісімімен,  олардың  әрқайсысының 

коммуникативтік  мақсаты  серіктесінің  коммуникативтік  ниетіне  кедергі  келтірмейтін, 

коммуниканттардыңалдын-ала  ойластырылған  мақсаттарының  белгілі  бір  санын  алға 

қойып  жүзеге  асырылады.  Сӛйлеу  актілері  теориясын  ғылыми  зерттеу  жұмыстары 

айтылыстың  «иллокутивтік  күші»  немесе  «иллокутивтік  семантика»  деп  аталатын 

түсініктеріне  сүйенеді.  Иллокутивтік  күш  –бұл  сӛйлеушінің  сӛйлеу  кезінде:  бұйрық, 

сұрақ, ӛтініш, нақтылау, уәде беру және т.б. сӛйлесімдерді жүзеге асыру тілегін білдіретін 

сӛйлеу  актісінің  түрі.  Бірақ  та  Дж.Остин  мен  Дж.Р.Сѐрльдің  түсініктері  бойынша 

иллокутивтік күш (белсенді, мағынаның субъективтік аспектісі) сӛйлеушінің ішкі әлемін 

қандай  да  бір  сипаттап  беруге  жатпайды.  Иллокутивтік  күш  болмыстың  түсінігі  немесе 

сӛйлеушінің  ішкі  әлемін  сипаттау  түсінігі  болып  табылмайды,  ол  тек  сӛйлеушінің 

сӛйлесімді  айтқан  кезде  жүзеге  асатын  актісін  ғана  жасайды.  Сонымен,  Дж.Остин  мен 

Дж.Р.Сѐрльдің  сӛйлеу  актілері  философиясында  субьективтік  аспект  ӛзінің  ақпараттық 

сипатын  жоғалтады.  Алайда,  сӛйлесімде  шынайы  және  жалған  болып  кездесетін  бізді 

қоршаған әлемнің обьективті бейнелеуі кӛрсететін пропозиционалдық мазмұн сақталады. 

Иллокутивтік актілер ӛзара мақсаттары ғана бойынша емес, сонымен бірге бірқатар 

басқа да белгілері бойынша да ажыратылады. Серль құрастырған иллокутивтік актілердің 

универсалдық классификациялау негізін автордың ӛзі «иллокутивтік актілер арасындағы 

айырмашылықтар  бағыттары»  деп  атаған  белгілер  топтарын  құрайды:  мақсаты 

(мысалы,  хабарлау  үшін  –  әлемдегі  болып  жатқан  жағдайды  кӛрсету,  бұйрық  үшін  – 

адресатты  әрекетке  итермелеу,  уәде  беру  үшін  –  ӛзіне  міндеттеме  қабылдау,  құттықтау 

үшін  –  сӛйлеушінің  белгілі  бір  кӛңіл  –  күйін  білдіру;  шындықпен  сӛйлесім  арасындағы 

сәйкестік бағыты (мысалы, хабарлау жағдайында сӛйлесім шындықпен сәйкестендіріледі, 

бұйрық жағдайында, керісінше, шындық сӛйлесімге сәйкестендіріледі); сӛйлеушінің ішкі 

жағдайы  (мысалы,  нақтылау  кезінде  –  соған  сәйкес  пікірдің  болуы,  қатынаста  –  мақсат, 

ӛтініште  –  тілегі,  алғыста  –  алғыс  сезімінің  болуы);  сӛйлеу  актілері  пропозиционалдық 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



361 

 

 



мазмұнының ерекшеліктері (мысалы, болжауда пропозиция мазмұны келер шаққа жатады, 

хабарлама  білдіруде  –  осы  және  ӛткен  шаққа  қатысты  болады;  уәде  беруде  пропозиция 

субьектісі  –  сӛйлеуші,  ал  ӛтініште  –  тыңдаушы  болады);  сӛйлеу  актісінің  тілдік  емес 

заңдар жинағы және институттармен байланысы (мысалы, біреуді ӛзінің орынбасары етіп 

тағайындаудың  сӛйлесімдік  актісі,  негізі  құжат  түрінде  ресімделетін,  сӛйлеушінің 

соныңдеңгейіндетиісті билікке ие болуын, оның жартысын осы сӛйлеу этикетінің кӛмегі 

арқылы сол ұйымның басқа мүшесіне артатын қандай да бірұйымның болуын алға қояды; 

мақсат  ӛлшемдері  бойынша  ұқсас,  бірақинститутционалдық  айқындалмаған  жағдайды, 

бізді  біреудің  алмастыруын  –  қандай  да  бейресми  рӛлде:  ауруханадағы  туысқанымызға 

ӛзіміздің орнымызға баруды, біздің орнымызға мектепке ата-аналар жиналысына баруды 

сұраған – біздің «орынбасарымыз» болуды ӛтінген жағдаймен салыстырыңыз. 

Прагмалингвистика  мен  сӛйлеу  әрекеті  теориясында  иллокуция  термині  жетекші 

орынға  ие  болып  отыр.  Бұл  тұтастай  түсінік  пен  оның  компоненттерінің,  негізінен,  әр 

түрлі зерттеушілердің анықтамаларынан кӛп айырмашылығы жоқ. Мысалы, Дж.Серль мен 

Д.Вандервекен  иллокутивтік  күшті  анықтау  үшін  сӛйлеушінің  қандай  иллокутивтік 

мақсатқа жетуге тырысатынын және осы мүмкін болатын әлемде оған қаншалықты қолы 

жеткенін,  қандай  тәсілмен  және  пропозиционалдық  актінің  қандай  қарқындылықпен 

жасалғанын,  сонымен  бірге  мұнда  қандай  пресуппозициялар  жасалатынын,  қандай 

психологиялық жағдайда, осы әлемде қандай қарқынмен берілетіндігін білу жеткілікті деп 

есептейді  [7,245].  Мысалы,күшпен  істелінетін  әрекеттіорындау  үшін  бұйрықтың 

иллокутивтік  күшіне  жету  тәсілі  –  бұйрық  беру  үшін  оған  билік  беретін,  сӛйлеушінің 

қызметтік  жағдайынан  бастап  адресаттың  осы  әрекетті  орындауын  тоқтатуғадейін 

әкелетін,  қажет  емес  түрде  қарастырылатын  әрекеттердің  орындалу  маңыздылығына 

байланысты түрлерге бӛліну мүмкіндіктері болады. Иллокутивтік күштің қарқындылығын 

синонимдік  сыңарлардың:  бір  нәрсе  туралы  сұрау  –  бір  нәрсені  талап  етуі,  бір  нәрсеге 

теріс  баға  беру  –  бір  нәрсеге  қарсы  болу  түрінде  беруге  болады.  Иллокутивтік  күшті 

теориялық  қырынан  анықтаудың  формуласы  бӛлшектік  күйде  мынандай  түрде  беріледі: 

әрбір  иллокутивтік  күш  «жеті  элементтің  реттелген  кезектілігін  көрсетеді

иллокутивтік  мақсат,  иллокутивтік  мақсатқа  жету  тәсілі,  иллокутивтік  күшке  жету 

қарқыны,  пропозиционалдық  мазмұнның  шарты,  қосымша  щарттары,  шынайылық 

шарттары,  осы  иллокутивтік  күштің  шынайылық  шарттарының  қарқындылығы»  [7,261-

262].  Осы  формуладағы  шынайылық    шарты  деп  сӛйлеушінің  психологиялық 

жағдайларының жиынтығы айтылады.  

Біздің  иллокутивтік  аспектіні  талдауымызда  ақпарат  түрлерінің  ӛзара  кірігу 

шекаралары сӛйлесімдегі бір ақпарат түрінің екіншісінен (бір ақпараттүрі бар сӛйлесім де 

кездеседі) басым болуы туралы айтуға мүмкіндік беретіні сияқты, әртүлі иллокуциялар да 

сӛйлеу  актісіне  иерархиялық  қатынаста  болуы  мүмкін.  Сонымен  қатар,  лингвистердің 

барлығы  бұл  пікірмен  келіспейді.  Мысалы,  Дж.Остин  барлық  тура  және  жанама  сӛйлеу 

актілерінде  бір  ғана  иллокутивтік  қызмет  болады,  кері  жағдайда  серіктестердің  бір-бірін 

түсінуі  мүмкін  болмас  еді  деп  есептейді.  Алайда,  Дж.Серль  (1986),  Д.Вундерлих  (1981), 

Г.Г.Почепцов,  Иванов,  Бурлаков,О.Г.Почепцова  (1979)  еңбектерінде  сӛйлем-сӛйлесімнің 

бірденекі  иллокуцияны,  әсіресе  жанама  сӛйлеу  актілерінде  оны  жүзеге  асыру  қабілеті 

туралы  нақты  айқындап  дәлелдейді:  мысалы,  директивтерде  олар  екі  иллокуцияның  – 

нақтылау  мен  бұйырудың  бірге  жүру  мүмкіндігін;  сұраулық  сӛйлемдердегі  сұраудың 

жетекші  иллокуциясы  –  пайымдаудың  (1)  қосымша  ілескен  немесе  ӛтініштің  (2)  қатар 

жүру  мүмкіндіктерін  қарастырған.  Ақпараттың  бірнеше  түрлерінің  қатар  келу 

мүмкіндіктері,  бірнеше  иллокуция  мен  сӛйлесімнің  салдары  сияқты  осы  кӛзқарас 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



362 

 

 



тұрғысынан жанама сӛйлеу актісіне (біз бұл терминді-дәстүрлі мағынасында қолданамыз, 

ол  құбылыстың  негізін  бермейді,  белгіленуші  менбелгілеушінің  сәйкессіздігін  білдіреді, 

сәтсіз  алынғандеген  пікірлер  болса  да)  де  назар  аударуға  мүмкіндік  жасайды.  Дж.Серль 

«бір  иллокутивтік  акті  басқасын  жүзеге  асыру  арқылы,  қатыстық  жүзеге  асырылатын» 

жанама сӛйлеу актілерін сӛйлеу әрекеті деп кездейсоқ анықтамайды[3,196]. Және де бұл 

құбылыста  коммуникацияның  «кӛлеңкесінде»  қалған  иллокутивтік  күштер  жоғалып 

кетпейді,  керісінше,  алғашқы  және  одан  кейінгі  екінші  иллокуциялар  сӛйлеу  актісінде 

қатар  жүреді.  Алғашқы  иллокутивтік  актілер  Дж.Серль  терминологиясында  (басқа 

терминологиялық  жүйеде  жетекші,  алғашқы  иллокуцияға  сәйкес  келеді)  екінші 

иллокутивтік  акт  (қатар  жүретін,  екінші  иллокуция)  сӛйлемнің  тура  мағынасымен 

анықталатын  уақытта  сӛйлеудегі  қандай  да  бір  сӛйлемді  шынайы  жүзеге  асыру  болып 

табылады.  Сондықтан  да  біздің  зерттеу  жұмысымызда  жанама  (имплициттік)  СА-і  деп 

имплицитті берілген иллокуциялық сӛйлеу актісін айтамыз.  

Иллокуцияның біреуі екіншісін ӛзіне толық бағындырады деген пікір дұрыс емес, 

тек сӛйлеу актісіндегі біреуінің алғашқысымен салыстырғанда коммуникативтік мәні аса 

кӛп  болмайды.  Сонымен  біз  О.Герасимованың  (1985),  Г.Г.Почепцовтың  (1975), 

Р.Конрадтың (1985), Дж.Серльдің (1986), екінші (тура) иллокутивтік күші біріншімен бір 

уақытта жүзеге асырылады деген кӛзқарастарымен толық келісеміз. Мұнда тек бір ғана – 

жанама сӛйлеу актісі ғана негізге алынады.Жанама сӛйлеу актілері тіркелген тілдік немесе 

сӛйлеу  табиғатына  ие  болады:  тілдік  жүйеге  жиналған  сӛйлем  формасы  мен 

оныңпотенциалдық мазмұны бір-біріне сәйкес келуі не болмаса бір-біріне кереғар болуы 

да  мүмкін.  Бірінші  жағдайдағы  потенциалдық  кӛп  мағыналық  сӛйлемді  сӛйлеу 

жағдаятында жүзеге асырудың нақты жағдайларына байланысты болып келеді (сұрақтың 

тура мағынасы жанама бұйрық формасына ауысып кете алады). 

Сонымен,  бұйрықты  СА-нің  иллокутивтік  күшімен  қатар,  біздің  ойымызша, 

экспрессивтік,  метакоммуникативтік  және  де  иллокутивтік  күштердің  басқа  түрлері  де 

бірге  жүре  алады.Сӛйлемдердің  потенциалдық  коммуникативтік  мағынасы  сұраулардың 

да бұйрықтардыңда ортақ семасы – сұрау болады, бірақ сұрақпен адресант қандай да бір 

ақпаратты  беруді,  хабарлауды  сұрайды,  ал  ӛтініш/бұйрықты  ол  адресатты  бейвербалды 

әрекет  жасауға  бұйырады.  Жетекші  иллокуция  –  бұйрық  пен  оған  қоса  жүретін  –  сұрау 

әртүрлі  перлокутивтік  тиімділікке  жеткізеді  және  жауап  реакциясындағы  бірнеше 

қадамдардың саны да олардың әртүрлі коммуникативтік бағытын кӛрсетіп отырады.Тура 

(қатар  жүретін)  мағына  сұраулы  сӛйлемнің  пропозиционалдық  мазмұнынан  ақпараттық 

жауапты  айқындайды.  Коммуникативтік  маңызды  рӛлді  жетекші  иллокуция  орындайды, 

ол  әрекетке  негізделгенқимылды  орындауға  бағытталған  сӛйлесім-стимулдың  ақырғы 

интециясын анықтайды. 

 

Әдебиет 


 

1.

 



Речевое воздействие в сфере массовой коммуникации. –М., 1990. – 194 с.,55 бет 

2.

 



Остин Дж. Слово как  действие //  Новое  в зарубежной  лингвистике.  Вып.17. Теория 

речевых актов. М., 1986. - С.22-130. 

3.

 

Серль Дж. Р. Косвенные речевые акты. // Новое в зарубежной лингвистике. Выпуск 



XVII. Теория речевых актов. М.: Прогресс, 1986.–С. 195-222. 

4.

 



Имангалиева  Г.С.  Типология  диалога:  дисс.  ...  канд.филол.наук:10.02.20.–  Алматы, 

1999.43 бет.  

5.

 

 П.Ф.Сторосон. Намерения и инновация в речевых актах.- М.Наука.1986. 131 бет. 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



363 

 

 



6.

 

Чахоян  Л.П.;  Паронян  Ш.А.  Взаймодействие  интенций  как  фактор, 



определяющий  типы  межличностного  общения  //  Личностные  аспекты  языкового 

общения. – Калинин, 1989.– С.67-74. 69бет. 

7.

 

Серль  Дж.,  Вандервекен  Д.  Основные  понятия  исчисления  речевых  актов  // 



Новое в зарубежной лингвистике. – М.: Прогресс, 1986. – Вып. 18. – С.242-263. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет