Ауру этиологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Дегенмен де
көпшілік оқымыстылар (Н. П. Новаченко, М. И. Ситенко, М. В. Волков т.б.)
остеохондропатияның пайда болуының алғашқы себебі ортан жілікбасының
кеуекті жерінде зақымданусалдарынан қан айналысының нашарлауынан
болатындығын айтты.
Ортан жілік басының остеохондропатиясы жасырын басталып, белгісіз
жүреді де, кейіннен жамбас-сан буынында аздаған ауру басталып, ауруда
ақсау басталады. Көпшілік уақытта ауру тізе буынынан басталады да,
ауырғандық кешке қарайкүшейе түсіп, түнде ауырғаны басылады. Аяқты
басып жүрсе және үлкен ұршыққа салмақ түсірсе буында ауру
сезілмейді. Кейіннен жамбас-сан буынында аяқтың сыртқа қарай
тартылуы мен буыннан айналуы азаяды.Толық диагноз қоюда рентгендік
тексерістің маңызы өте зор. Кейде Лауенштейн жағдайында рентгенге
түсірген жөн. Бұл жағдайда сан басының аздаған болса да шірігендігін
анықтауға мүмкіндік болады. Рентгендік қөріністер аурудың сатысына
байланысты.
Уақытында ауруды ерте анықтап, ерте дұрыс емдемесе ауырған бала
келешекте өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін.
220
158 сурет. Остеохондропатияның көп кездесетін
орындарын көрсететін торап
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.