Ауыртпалық жағдайын 3 топқа бөледі: 1. Жеңіл дәрежелі түрінде тізе ұршығы сыртына ауысады, тізе буынын
жазғанда ұршық көлемді түрде қозғалады.
2. Ортаңғы дәрежелі түрінде, ұршықты сыртына қарай бұрғанда ұршық
сагитальды жазықтығына айналады. Жүргенде тұрақсыздық білінеді де, ауру
көп құлайды.
3. Ауыр дәрежелі түрінде буынның бүгілуі нашарлайды, себебі ұршық
буынның сырт жағына орналасады, тізе буынының сырт жағында орналасады
және тізе буынын жазғанда ұршық буын сыртында орналасады.
Ересек балалардың буынында екінші реттегі өзгерістер болады,
жіліншік сыртқа қарай ауысқандықтан ортан жіліктің сыртқы айдаршығы
жазықтанып кем өседі.