Травматология



Pdf көрінісі
бет250/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   297
Болжамы. Туа біткен бұлшықетті қисық мойынды ерте емдегенде ғана 
жазылып кетеді. Ал, емделмеген жағдайда түзелмейтін ауыр түр өзгерістері 
қалыптасады:  басы  иық  үстіне  еңкейе  қисайған,  беті  иыққа  тиеді,  бет 


233 
 
теңсіздігінің үлкейгендігі соншалық, иек ортасынан қасқа дейінгі аралық сау 
жағымен салыстырғанда екі есе кішірейген. 
 
Біздің клиникадағы жаңадан енгізілген қисық мойынды емдеудегі 
операция тәсілі 
1970  ж  бастап  1996  ж  дейін  туа  болған  бұлшықеттік  қисық  мойынды 
операциялық  жолмен  емдеу  үшін  жаңадан  ойлап  тапқан  операциялық 
тәсіліміз  бар.  Ол  қара  малдың  ішкі  пердесін  (париетальная  брюшина)  алып, 
орап  орамды  жіп  жасаймыз,  ұзындығы  оның  10-12  см,  жуандығы  3-5  мм 
(баланың жасына қарай) жасаймыз. Баланы наркозбен ұйықтатып бұғананың 
үстімен  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  аяқшалары  төстен  бұғанаға 
бекіген  жерінен  4-6см  бұғана  бойымен  тілеміз.  Сөйтіп,  төс-бұғана-емізікше 
бұлшықетінің  капрондық  ұстағышпен  тігіп,  көлденең  кесеміз.  Ұстағышты 
баланың 
басын 
біртіндеп 
қисайған 
жағына 
қарай 
иіп 
сол 
бұлшықеттерастындағы  беткей  шандырларды  имек  қысқышпен  енгізіп, 
скальпельмен  кесеміз.  Содан  соң  терең  жатқан  шандырды  тағыда  көлденең 
4см кесеміз. Әрі қарай бұлшықет жоғары қарай тартылып кете береді. Соны 
біртіндеп  жоғары  көтеріп,  айтылған  шандырларды  біртіндеп  көлденең 
деңгейде  тіліп  отырамыз.Сөйтіп  төс-бұғана-емізікше  бұлшықеттінің 
ұзындығы  бойынша  орта  деңгейге  дейін  жетеміз.  Сол  жерде  беткейлік 
шандыр  мен  терең  шандырдың  қосылған  жерінде  беткейлік  және  терең 
шандыр  қосылған  жерін  Микулич    қысқышы  көмегімен  көтеріп  тілеміз. 
Сонда  төс-бұғана-емізікше  бұлшықеті  6-8  см  дейін  жиырылады.  Сол 
кеңістікте іш пердеден жасалған жіпті осы еттің орталық және төстік бөлігіне 
тігеміз. 
Операция алдында анасының, әкесінің мойынының ұзындығын еске ала 
отырып, трансплантант ұзындығын керекті деңгейде баланың жасына сәйкес 
1,5- 2 см ұзындық жасап тігеміз.  
Осындай  әдіспен  1970-1992  жылға  дейін 317  балаға  операция  жасалды. 
Жастары  6-14  жасқа  дейін.  16-18  жастағы  жасөспірімдерге  осы  операцияны 
жасағанда  көбінесе  сатылы  еттерді,  тіпті  трапециялық  еттерді  де  Z-тәрізді 
ұзартатын  боламыз.  Нәтижелері  өте  жақсы  болды.  Сондықтан  осы  тәсілді 
заманауи өзгерістерге қарамай әліде жалғастыру керек деп ойлаймыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет