Травматология



Pdf көрінісі
бет269/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   297
 
 
164 сурет. Омыртқа қисаюының клиникалық көріністері 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
 
165 сурет. А) артынан қарағанда б) жанынан қарағанда  
в) алдынан қарағанда г) рентгенограммасы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 


244 
 
Доғаның  ауытқуына,  қисаюына  қарай  сколиоз  жай  жәнекүрделі  болып 
бөлінеді.  Егер  майысу  доғасы  біреу  болса  жай,  екі-үшеу  болса-күрделі  деп 
аталады. 
Сколиоз  тобына  жататын  деформациялардың  ішінде  мешелдісколиоз 
жиі кездеседі. Фридланд мәліметтері бойынша ол 50%-ын құрайды. Мешелді 
сколиоздың  дамуы  омыртқа  денесіндегі  /бөлшек,  қосымшалардың/   
апофиздің  толық  әктенбеуі  себебінен  болады.  Бұл  жағдайда  омыртқа 
денесінің  остеопорозына  /сүйек  тіндерінің  сиреуі/  әкеліп  соғады. 
Ауыртпалық  түскен  сайын  омыртқаның  кеуде  бөлігі  мен  бел  лордозының 
физиологиялық майысуы арта түседі. Мешел салдарынан болатын бұлшықет 
әлсіздігі,  баланы  қолда  дұрыс  көтермегендік  және  қисық  отыру  омыртқа 
денесінің  бір  жағының  дамуына  кедергі  келтіреді,  омыртқа  торсықтанып 
майысу  ұшында  оның  денесі  деформацияға  ұшырайды.  Омыртқаның  сол 
жаққа  томпақ  болып  қисаюы  көп  кездеседі.  Мешелдік  сколиоз  2-3  жастағы 
балалар  арасында  ұшырасады.  Егер  мешел  белгілері  бар  болса  диагнозды 
дұрыс  қоясыз.  Инфекциялық  аурулармен  ауырғандықтан  бұлшықет 
байланыстырғыш  аппараттары  әлсізденген,  бүкіл  бұлшықеттері  босаңсыған 
үлкендеу  жастағы  балаларда,  әрі  қолайсыз  жағдайда  "дағдылы  сколиоз" 
дамиды.  Оның  мешелдік  сколиоздан  айырмасы  қисықтың  айқын  емес  және 
бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Өзі әлсізденген бұлшықетке 
түсетін  қолайсыз  жағдайларға  мысалы,  омыртқаға  түсетін  ауыртпалықтың  
біркелкі  еместігінде:  партада  немесе  пианино  жанында  ұзақ  отыру  жатады. 
Бұлшықеті  әлсіз  балаға  денесін  түзу  ұстау  қиынға  түседі,  оған  бір  жағына 
қарай  қисайып  отыру  оңай  келеді  ал  бұл  өз  ретінде  кеуде  және  бел 
омыртқаларына ауыртпалықтың біркелкі түспеуіне әкеліп соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет