Травматология



Pdf көрінісі
бет32/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   297
Ауырсыну-сүйек  сынғанда  сөзсіз  болады  да,  бұлшықеттердің 
рефлекторлық  қатаюына  әкеп  соғып,  сүйек  сынықтарының  бір-бірімен 
ажырасуын  ұлғайтады  да  сол  күйінде  тұрақты  қалдырады.  Сондықтан  да 


25 
 
ауырған  жердің  жанын  келтіруге  және  бұлшықеттің  қатаюымен  күресуге 
үлкен  маңыз  берген  жөн.  Түрлі  ауруды  жансыздандыру  әдістерінің  ішінде 
кең көлемде қолданылатын жалпылай (эфирлік наркоз) және ауырған жердің 
жанын  кетіру  (жергілікті  жансыздандыру,  өткізгішті  блокада,  сүйек  іші 
арқылы  жансыздандыру,  жұлын  арқылы  жансыздандыру  және  басқалары). 
Жалпылай наркоз бергенде, не басқа түрлі жансыздандырғанда бұлшықеттің 
қатайғаны  толығымен  не  шамалап  азаяды  да,  сүйек  сынықтарын  орнына 
салуға  мүмкіншілік  пайда  болады.  Кейінгі  кездерде  ет  қатаюы  толығымен 
босамаса қосымша кураре түрлі дәрі (релаксанттар) қолданылады. 
Бұлшықетті  босаңсыту  үшін  аяқты  не  қолды  буындарынан  бүгу  керек 
(ортофизиологиялық  жағдай).  Бұл  жағдайда  бірімен  бірі  күштері  қарсы 
бұлшықеттерінің  (мышцы  антагониста)  күштері  теңесіп  сүйек  сынықтарын 
орнына түсіруге мүмкіндік болады. 
Сүйек сынықтарын орнына салу үшін әртүрлі әдістер қолданылады: 
1.Бір мезгілді қолмен тарту. 
2.Сүйек арқылы қаңқа тартып біртіндеп орнына салу. 
3.Операциялық жолмен бекіту. 
Жаңа  сынған  сүйектерді  орнына  салу  үлкен  қиындық  тудырмайды. 
Қиындық  орнына  салынған  сүйек  сынықтарын  бір  қалыпта,  әбден  сүйек 
біткенше  ұстап  тұру  болып  табылады.  Жоғарыда  айтылғандай,  сүйек 
сынықтарын  орнына  түскен  күйінде  ұстап  тұру  үшін  мынадай  әдістер 
қолданылады: 
1. Гипстік таңғыш. 2. Үздіксіз тарту. 3. Операция жасап бекіту. 
Сынған  сүйекті  орнына  салғаннан  кейін  қандай  әдіспен  бекітілсе  де 
бекітілген сынық толығымен сүйек біткенше ұсталу керек. Көп уақыт сынған 
аяқты,  не  қолды  таңғыштармен  қатырып  тастаса  бұлшықеттер  семіп  қалу 
және  буындардың  қозғалысы  нашарлау  қаупі  туады.  Сондықтан  да  сынған 
сүйекті  емдеу  әрқашан  функционалдық  болуы  қажет.  Бұлшық  еттердің 
солып қалуын болдырмау үшін гипстік бекіткішпен жүргенде бекітілген аяқ 
қолдардың  еттерін  ұдайы  жиырып,    босатып  отыруды  үйрету  керек. 
Әрқашан есте болатын жағдай: аяқ сынығын емдегенде алдымен оның тіреу 
қабілетін  қалпына  келтіру  болса,  қолды  емдегенде  оның  толық  қозғалысын 
қалпына келтіруді мақсат ету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет