Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет102/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   218
ӘОЖ 372.881.1(045) 

 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨПТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 



 

Байкелова Б.Ә. 

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті,Қазақстан 

 

Аңдатпа. 

Еліміздегі  білім  берудің  барлық  сатыларында  халықаралық  қатынас  тілдеріне 

үйретуде коммуникативтік әдіс-тәсілді қолдану кеңінен қанат жаюда. Аталмыш мақалада үш тілде 

білім  беру  жағдайында  әлеуметтік  мәдени  компонентті  қолданудың  маңыздылығы,  бұл 

компоненттің  мүмкін  деген  мазмұны  және  оқытылатын  шет  тілі  елінің  мәдени  аясындағы 

мәселелер қарастырылады.

 

Түйінді сөздер: білім беру, болашақ, технология, әліпби, мәдениет. 

 

Қазіргі  таңда  елімізде  көптілді  және  көпмәдениетті  білім  беру  жоғары  білім  беру 

жүйесіндегі  ең  басты  бағыттардың  бірі  болып  табылып  отыр.  Жоғары  оқу  орны  көптілді  және 

көпмәдениетті  тұлғаның  қалыптасып  дамуында  ең  маңызды  кезең  болып  саналады.  Осы  жерде 

негізгі  және  өмірлік  принциптер  саналы  түрде  қалыптасады.  Жоғары  білім  ордасы  студентке 

қолайлы орта туғызып, оның тілдік, ұлттық-мәдени, этникалық қажеттіліктерінің толықтай жүзеге 

асуына мүмкіндік береді және жеке тұлға ретінде гуманистік жалпыадами қасиеттерінің үйлесімді 

дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері толассыз жүріп 

жатқан  реформалау  процесінің  барысында  ел  экономикасы  ғана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік 

рухани сала да өзгеріске ұшырауда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани 

жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласында:  «Болашақта  ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи 

байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен  айқындалды.  Сондықтан,  әрбір 

қазақстандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  XXI  ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болады.  Мысалы, 

компьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға 

басуына сөзсіз қажетті алғышарттары. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», 

«Мәдени  және  конфессияаралық  келісім»  сияқты  бағдарламалар-  ұлтымызды,  яғни  барша 

Қазақстандықтарды  XXI  ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы»,  -  деп  атап  көрсетілді. 

Еліміздегі  білім  беру  жүйесін  реформалау,  міне  соның  айғағы.  Республика  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы  дәстүрлі жолдауларында осы заманғы 



228 

 

білім беруді дамыту, кадрлар біліктілігін ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан 



әрі  өркендеуі-Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 

маңызды құралдардың бірі екендігін атап көрсетіледі. Елбасы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, 

Бір  мүдде,  Бір  болашақ»  атты  жолдауында  да  ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғандығын, мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын 

тілдерін  білуге  тиіс  екендігін,  оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік 

ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  барысында  білікті  мамандар  ұсыну 

маңыздылығын ерекше атап көрсетіп, жоғары кәсіптік білім беру саласының алдына зор міндеттер 

жүктеледі  [1,  б.  4].  Көптілді  білім  беру  мәселесінің  өзектілігі  жаһанданудың  жаңа 

мыңжылдығында  қазақстандық  қоғамның  барлық  салаларында  болып  жатқан  көптеген 

өзгерістермен  байланысты.  Бұл  өзгерістердің  барлығы  да  қоғамдық  жаңару  мен  әлемдік 

интеграциялық процестерге ұмтылумен сипатталады. Қазақстан экономикасының қарыштап  алға 

басуы  елімізде  шетел  тілдерін  меңгерген  мамандарға  деген  сұранысы  қалыптасты.  Шетел  тілін 

кәсіби  меңгеру  макроэкономикалық  және  маңызды  әлеуметтік  факторға  айналуда.  Осы  мәселеге 

байланысты  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беру  жүйесін  дамытудың 

Концепсиясында ұлттық білім берудің мақсаты ретінде көптілділік, еуразиялық көпмәдениеттілік, 

коммуникативтілік,  технократтылық  базалық  құзіреттілік  ретінде  айқындалды.Үш  тілді  (қазақ, 

орыс  және  ағылшын)  білсе  көптеген  мүмкіндіктерге  ие  болатынын  қоғамдағы  адамдар,  әсіресе 

жастар  түсіне  бастады:  нарықтық  экономикасы  бар  қарқындап  өзгеріп  тұрған  ашық  типтегі 

қоғамда  интеграциялану,  болашағы  мол  жұмысқа  орналасу,  түпнұсқасындағы  әлемдік 

мәдениетпен танысып, сусындау, әлем мен әлемдік мәселелерді  кеңінен ұғынуда. Сондықтан да, 

көптеген ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер үшін жоғары оқу орнын таңдауда білім сапасы 

мен жаңа технологиялар, инновациялық бағдарламалар, халықаралық білім беру кеңістігіне шығу 

мүмкіндігі  шешуші  факторлар  бола  білді.  Президентіміз  -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан 

халқына  Жолдауындағы  “білім  беру  жүйесінде  үш  тілдің  –  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін, 

ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде 

ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау”- міндетін атап көрсетілді. Ал мұның 

өзі оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойылып отыр. Негізгі мақсат  – 

өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез 

бейімделетін,  белгілі  бір  ғылым  саласында  білімі  мен  біліктілігін  көрсете  алатын,  көптілді  және 

көпмәдениетті  құзіреттіліктерді  игерген  жеке  тұлға  қалыптастыру.  Еліміздің  әлемнің  дамыған 

мемлекеттер  қатарынан  орын  алу  үшін  бәсекеге  қабілетті,  жан-жақты  дамыған  жас  ұрпақты 

қалыптастыру  мәселесі  алға  шығып  отыр.  Өйткені,  тек  бәсекеге  қабілетті  азаматтар  ғана 

Отанымыздың  тұрақты  дамуына,  бәсекеге  қабілеттілігіне  өз  үлесін  қоса  алады.  Шығармашылық 

тұрғыдан  ойлайтын,  ой-өрісі,  дүниетанымы  дамыған,  Қазақстан  қоғамының  әлеуметтік-

экономикалық,  рухани  қалыптасуының  жаңа  міндеттерін  іс  жүзінде асыруға  дайын  жас  ұрпақты 

тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі  – білім беру мекемелерінде көптілді және билингвалды 

білім беруді жолға қою болып табылады. Жоғары кәсіби білім беру бәсекеге қабілетті және сапалы 

болып,  бітіруші  түлек  шетелдік  жоғары  оқу  орындарында  білімін  әрі  қарай  жалғастырып, 

магистратура,  докторантураға  түсу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Қазіргі  заманда  бірнеше  тіл  білу 

қажеттілігін  әлеуметтік  факторлар  анықтап,  қоғамда  көптілді,  көпмәдениетті  тұлғаға  деген 

сұраныс  туады.  Ал,  мұның  өзі  сапалы  білім  берудің  уәждемесі  болып  табылады.  Қазіргі  таңда 

дүние  жүзілік  мәдениеттің  дамуы,  халықтың  сана-сезімінің  өсуі,  дүниежүзілік  қауымдастыққа 

кіруі  бірігіп  қалған  пікірлер  мен  қағидаларды  сын  көзбен  қарап,  жаңаша  әдістемелік  қатынас 

тұрғысынан ойлау мен жан-жақты әрекетімізді ұйымдастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті 

мәселесіне айналып отыр

[4]


. Мұндай жағдайда ұлтаралық мәдениеттің, коммуникативтік қарым-

қатынастың  күшеюі  табиғи  нәрсе.  Еліміздегі  білім  берудің  барлық  сатыларында  халықаралық 

қатынас  тілдеріне  үйретуде  коммуникативтік  әдіс-тәсілді  қолдану  кеңінен  қанат  жаюда.  Бұл 

реттегі оқыту мазмұнында тілді нақты бір жағдайларға байланысты қолдануды анықтап, себепші 

болатын, сондай-ақ, оқушының немесе студенттің басқа тілдегі коммуникативтік хабардарлығына 

әсер  ететін  фактор  ретінде  әлеуметтік  мәдени  компонентке  басты  назар  аударылады.  Аталмыш 

мақалада  үш  тілде  білім  беру  жағдайында  әлеуметтік  мәдени  компонентті  қолданудың 

маңыздылығы, бұл компоненттің мүмкін деген мазмұны және оқытылатын шет тілі елінің мәдени 




229 

 

аясындағы  мәселелер  қарастырылады.  Қазіргі  таңда  шетел  тіліне  коммуникативтік  тұрғыдан 



оқытудың  кеңінен  таралып,  дамуына  байланысты  тілді  белгілі  бір  әлеуметтік  және  мәдени 

жағдайларға  байланысты  қолдануға  көбірек  көңіл  бөліне  бастады.  Осы  кезге  дейін  қолданылып 

жүрген  жекелеген  бір  сөйлем  немесе  фраза  төңірегінде  ғана  қарастырылатын аудиолингвальды 

әдіс оқушыны  немесе  студентті  өзінің  ішкі  ойларын  басқа  тілде  бірден  жеткізе  білуді  үйретуге 

жарамсыз  екендігі  анықтап  отыр.  Коммуникативті  қарым-қатынас  тұрғысында  оқытудың 

батыстағы  танымал  өкілдері әлеуметтік  мәдени  компонентті  әлеуметтік  лингвистикалық  білім 

берудің  құрамды  бөлігі  ретінде  қарастырылды.  Яғни,  мінез-құлық  ережелерін,  құндылықты, 

қарым-қатынас қағидаларын білу тіларалық қатынасты дұрыс таңдап, әрі қарай дамуына септігін 

тигізеді.  Шетел  тіліне   оқытудағы  әлеуметтік  мәдени  компонент  мазмұнын  әлеуметтік  қарым  - 

қатынас 


құралы 

ретінде, 

ұлттық 

ой 


өріс 

 

(менталитет) 



және 

 ұлттық 


игілік  тәрізді  үш  бағытта   қарастыруға  болады. Әрине, мәдениетті барлық жағынан да қамтитын 

кез-келген жасанды кедергілермен шектеп қоюға болмайды. Сондықтан да, аталған компоненттер 

«мәдениет» категориясына қатысты қалыптасқан маңызды көзқарастар жүйесінің басты бағыттары 

ретінде ғана ұсынылады [2].  

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы-қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 

саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында:  «Біз  2025  жылдан  бастап 

әліпбиімізді  латын  қарпіне,  әліпбиіне  көшіруге  кірісуіміз  керек  деп  айтқан  болатын.  Бір  кезде 

тарих  бедерінде  біз  мұндай  қадамды  жасағанбыз.  Балаларымыздың  болашағы  үшін  осындай 

шешім  қабылдауға  тиіспіз  және  бұл  әлеммен  бірлесе  түсуімізге,  балаларымыздың  ағылшын  тілі 

мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы-қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»,-деп атап 

көрсеткен  болатын.  2017  жылдың  27  қазан  күні  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  қазақ 

тілінің әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

Қоғам  тарапынан  қолдау  тапқан  бұл  негіз  көптеген  талқыларға  түсіп,  ұлттық  комиссияның 

сараптамасынан  өтіп,  кезең-  кезеңімен  көшірілуі  қамтамасыз  етілді.  Елбасы  бастамасымен  қолға 

алынған  аталмыш  бастама  үкіметте  талданып,  жүзеге  асырудың  жолдары  айқындалады.  Осы 

жиында ҚР Президенті Әкімшілігінің  басшысы Н. Нығматуллин «Еліміздің әрбір азаматы латын 

тіліне көшу-бұл әлемдік өркениетке  қол жеткізудің басты жолы екенін білуге тиіс. Өйткені латын 

тілі-  адамзатты  дамытуда  ең  күшті  тілдердің  бірі.  Бұл  ғылыми  техниканың  ХХІ  ғасырда  IT 

техналогиялық тілі. Сондықтан осындай жауапкершілікке біз үлкен дайындықпен келдік, көптеген 

жұмыстар  атқарылды»,  -деп  баяндайды.  Жаңа  қазақ  әліпбиі  қазіргі  кириллицадағы  42  әріптің 

орнына  латын  әріпінің  25  таңбасымен  таңбаланатыны  болғаны  белгілі.  Әліпбидің  дәл  қазіргі 

жобасын  жасауда  ең  бірінші  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі  ескеріледі.  Нәтижесінде  ұсынылып 

отырған  әліпби  25  әріптен  тұрады.  Бұл  1  әріп–бір  дыбыс,  бір  әріп  2  дыбыс  және  бір  дәйекше 

жүйесінің  дыбысы.  Қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін  толық  қамтамасыз  ету  үшін  әліпбиге  сегіз 

дәйекше қосылады, бұл қазақтың төл дыбыстарын белгілейді», - деді 

[2].  


Ш.Шаяхметов атындағы 

тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшысы Ербол Тілешов 

филология ғылымдарының докторы жаңа әліпбиге латын тілінің тек байырғы әріптері алынғанын 

атап  өтті.  Елбасы  қазақ  елі  латын  әріпіне  көшу  процесі  біртіндеп  құжаттарды  қатаң  бағалаумен 

іске асатынында көрсетіп айтып кеткен болатын. Сондай-ақ Елбасы өткен жылдың сәуір айында 

жарияланған  «Болашаққа  бағдар  рухани  жаңғыру»   мақаласында  қазақ  әліпбиінің  жаңа 

графикадағы  бірыңғай  нұсқасын  қабылдап  ағымдағы  жылдан  бастап  жаңа  әліпбиді  үйрететін 

мамандарды,  орта  мектептерге  арналған  оқулықтарды  дайындауға  кірісетіндігімізді,  алдағы  2 

жылда  ұйымдастыру  және  әдістемелік  жұмыстар  жүргізілетінін  нақты  көшу  межесінде  көрсетіп 

берген  болатын.  Міне,  сан  жылдар  бойы  сараланған  дүние  өз  шешімін  тауып  отыр.  Латын 

әліпбиінің әлемде қолданылуы өте ауқымды және тәуелсіз елімізге аса қажет екені мәлім. Ұлттық 

стратегиялық мақсатымызға айналған жаңа қазақ әліпбиінің жаппай қолданысқа енуіне атсалысып 

отырған  ғалымдар,  бұл  құжаттың  болашағының  жарқын  болатынын  баяндайды.  Латын 

графикасына негізделу көпшілікке сауалдар туғызды. «Мектептегі балалар қалай оқиды?» немесе 

«Егде кісілердің жағдайы не болмақ?» деген сияқты сұрақтар көпшілікті бей жай қалдырмады. Бұл 

сауалдарға  келетін  болсақ,  Елбасы  қолға  алған  «Үш  тұғырлы  тіл»  саясатының  арқасында 

мектептегі бастауыш сынып оқушылары ағылшын тілін жетік меңгеруіне жол ашатынын негізге 

алатынын  ескертті.  Біз  мына  нәрсені  түсінуміз  керек:  латын  графикасын  енгіздік  екен  деп 




230 

 

латынша  сөйлеп  кетпейміз,  не  болмаса  төл  дыбыстарымызды  да  жоғалтып  алмаймыз.  Біздің 



қазақша төл дыбыстарымызбен сөйлесуіміз сақталады, тек латын әліпбиінде ғана жазатынымызды 

дұрыс  түсінуіміз  керек.  1929-1940  жылдар  аралығында  латын  әліпбиін  қолданғанбыз.  Қазіргі 

бәсекелестіктің  заманында,  XXI  хасырда  латын  қаріпіне  көшуміз  біз  үшін  жеңіл.  Алдағы  осы 

шешімдердің  арқасында  өзгеде  дамыған  елдермен  тереземіз  тең  болатыны  сөзсіз.  Рухани 

жаңғыруымыздың  темірқазығы  болып  отырған  жаңа  әліпбиімізді  өмірге  енгізу  де  қазақ  тілін 

жаңғыртып қана қоймай жахандық ақпараттың тіліне айналатынына сенеміз. Елбасы қабылдаған 

шешім болашақта оң нәтижесін беріп, бүгінгі күн тарих беттерінде алтын әріппен жазылады деген 

сенімін,  халық  сенімін  жеткізгім  келеді.  Латын  графикасына  көшу  ешқандай  саясатқа 

негізделмеген.  Ең  басты  қажеттілігін  тілдің  өзі  талап  етіп  отыр.  Тілдің  ішкі-сыртқы  жағдайын 

қазіргі жазудың айтылымға кері әсер етіп, өзге тілден кірген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме 

дыбыстардың  төл  сөздеріміздің  фонетика–граматикалық  талаптарын  бұза  бастауы  секілді  түрлі 

жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Себебі, біз, қазақтар, орыс тілін өз ана тіліміздей 

меңгерген,  сөзерді  арластырып  айта  беруге  де  үйренген,  тіпті  кейде  қай  тілде  сөйлеп,  қай  тілде 

тыңдап  отырғанымызды  өзіміз  де  аңғармай  қалатын  дәрежеге  жеттік.  Бұрынғы  жазбаларда, 

«Қазақтар сөйлегенде ән салып тұрғандай» деп тамсанған екен. Мұның себебі тілімізде сөздің қос 

дауыссыздан  басталмауы,  бір  дауысты  бір  дауыссызды  соңынан  ертіп  әуезді  айтылуында. 

Сондықтан  да  болар,  бұрынғы  ата-бабаларымыздың  «кровать,  стакан,  стол,  трактор»  деген 

дауыссыз дыбыстардың арасына дауысты дыбыстарды қосып,  «қазақы» түрде әндете айтады. Ал 

қазір керсінше қазақ тіліндегі сөздер арасындағы дауысты дыбыстарды жеп қою жиі ұшырасады. 

Ал  бұл  келеңсіздікті  жоюдың  басты  жолы-латын  әліпбиі  арқылы  тіл  тазалығын  сақтап  қалу  [3]. 

Елбасымыздың  «Әлеммен  бірлесу»  деген  сөзіне  назар  аударатын  болсақ,  латын  әліпбиін  қазіргі 

таңда  көптеген  мемлекеттер  қолдануда.  Соның  ішінде:  Өзбекстан,  Түркіменстан,  Түркия  және 

Әзірбайжан  мемлекеттері  қолдануда.  Енді  осы  мемлекеттер  қатарын  Қазақстан  да  толықтырмақ. 

Қазіргі  таңда  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  латын  әліпбиіне  көшу  саясаты  еліміздің  әрбір  азаматын 

бей-жай  қалдырмасы  анық.  «Ұлттың  құралы  тіл»  дегендей,  әр  ұлттың  өзінің  ұлттық  болмысына 

сай  тілі,  сөйлеу  өнері  болған.  Осы  орайда,  латын  әліпбиіне  көшудегі  негізгі  ұтымдылық,  тіл 

ауыспай,  таңбаның  ауысуы  сынды  өзгерістер,  туған  тіліміздің  мерейін  көтеріп,  тілдің 

шұбарлануынан  сақтары  сөзсіз.  Қазақта  «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  дегендей  ұлт  болып,  ел 

болып осы бастаманың нәтижелі орындалуына бір кісідей ат салыссақ, көздеген ұлттық мақсатқа 

қол жеткізуіміз анық айта аламыз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру// Егемен Қазақстан. 2017. 12 сәуір. 

2.  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты». 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен 

Қазақстан. 2012. 15 желтоқсан. 

3. https://qazaquni.kz 

4. http://www.syrboyi.kz 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет