Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет127/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   218
Түйінді сөздер: Рухани жаңғыру, білім, идея, ғылым,технологиялық оқыту, Smart education. 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 



бағдарламасы  еліміздің  көркеюінің жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын айқындайтын күрделі 

ой,  құнды  пікір,  тиімді  шешімдерге  құрылған  маңызды  құжат  болып  табылатыны  баршамызға 

аян.[1] 

Бұл  мақалада  сананы  рухани  жаңғырту,  ұлттық  болмысымыз  бен    ұлттық  кодымыздан  

айырылып қалмай, оны әрмен қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру және әлемдік құндылықтармен, 

принциптермен    үйлестіріп,  рухани  жаңғыру  идеяларын  білім  беру  саласында  Қазақстан 

Республикасының    игілігіне  жарату  жолындағы  мақсат-мүдделер  туралы  өзекті  мәселе 

қарастырылады. 

Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, көзі ашық, көкірегі ояу білімді азаматтар мен 

азаматшалар  елімізге  ауадай  қажет.  Республикамызда  білімнің  жалпыға  ортақ  салтанаты  болуы 

тиіс. 

 Оның  тайға таңба басқандай айқын себептері бар. Технологиялық революцияның дамуын 



қарасақ,  алдағы  он-жиырма  жылдықтарда  қазіргі  кәсіптердің,  мамандықтардың    жартысына 

жуығы  жойылып кетеді. Бүгінгі жаңа нәрсесі ертең-ақ ескіге айналатын экономиканың дамыған 

заманында  заманнан  қалып  кетуге  болмайды.  Бұл  жағдайда  кәсібін  неғұрлым  қиналмай,  жеңіл 

өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. 

Осыны  бек  түсінгендіктен,  біз  білімге  аса  назар  аударып  әлемдегі  ең  алдыңғы  қатарлы 

елдердің санатына қосыла аламыз. Табысты болудың ең тиімді, басты факторы білім екенін әркім 

мейлінше терең түсінуі керек. Еңбек пен малдан бұрын білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. 



267 

 

Себебі,  құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен  биік  қоятын  ұлт  қана  жетістікке  жетеді.  Білім 



барлық істің бастауы, берекесі,мәні мен мағынасы  екенін естен шығармаған жөн. 

Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа,  білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен 

көрегенділік  пен  ұлттың  алға  жылжуын  жылдамдататын    қозғаушы  күш.  Бұл  –  егемен  еліміздің 

жарқын болашағы мен уайымсыз келешегі үшін жасалып жатырған елеулі жұмыс. Өйткені, рухани 

байлығымыздың терең болғаны  азаматтарымыз бен азаматшаларымыз үшін де, әрбір  қоғам үшін 

де, кіндік қанымыз тамған туған жеріміз үшін де өте маңызды үдеріс.[1] 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  айтса  айтқандай-ақ,    «қазір  бой  жарыстыратын  емес,  ой 

жарыстыратын  заман»  болып  отыр.  Білекке  емес,  білімге  сенетін  заман  туды.  Заманауи  әлемде 

елдің  күш-қуаты,  ең  алдымен,  білім  мен  ғылымда  болатын  уақытта  өмір  сүріп  жатырғанымыз 

белгілі. Сол білімімізді пайдаға, тұрмыс игілігіне жарата білсек қана бағаланады. 

Пайдасыз  білімге  емес,  пайдалы  білімге  ұмтылу,  міне-  бүгінгі  таңдағы  басты  мақсат. 

Елбасы мақаласы  назарда  тұратын  мәселелерді  қамтыған.  Мақалада  маңызға  ие  болған  саланың 

бірі-  білім  беру.  Осы  тұрғыда  мемлекет  басшысы  білім  беру  сапасын  арттырып,  жастардың 

бәсекеге  қабілетті  болуын  меңзейді.

 

Елімізде  «Болашақ»  бағдарламасы  арқылы  көптеген  жастар 



шетелдердің  сапалы  университеттерінде  білім  алып,  мемлекет  қолдауы  арқылы  мамандар 

дайындалды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 

сәуірде  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында:  «Біріншіден,  қазақ  тілін  біртіндеп 

латын  әліпбиіне  көшіру  жұмыстарын  бастауымыз  керек.  Біз  бұл  мәселеге  неғұрлым  дәйектілік 

қажеттігін  терең  түсініп,  байыппен  қарап  келеміз  және  оған  кірісуге  Тәуелсіздік  алғаннан  бері 

мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. [2]  

 Біз  2025  жылдан  бастап  әліпбиімізді  латын  қарпіне,  латын  әліпбиіне  көшіруге  кірісуіміз 

керек.  Бұл  –  ұлт  болып  шешуге  тиіс  принципті  мәселе.  Бір  кезде  тарих  бедерінде  біз  мұндай 

қадамды  жасағанбыз.  Балаларымыздың  болашағы  үшін  осындай  шешім  қабылдауға  тиіспіз  және 

бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, 

ең  бастысы  –  қазақ  тілін  жаңғыртуға  жағдай  туғызады»  –  деп  латын  әліпбиіне  көшудің 

қажеттілігін атап өтті. [2]  

Латын  әліпбиі  әлемдік  өркениетке  аяқ  басуымызға  септігін  тигізеді.  Кириллица  жазуын 

әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланса, ал  дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. 

Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады.  Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем, жаңа 

білім.  Оның  үстіне,  латын  тілі  –  жаңа  технология  тілі,  ғаламтор  тілі. 1929-1940  жылдары  латын 

әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер 

ұрпақ  қиындықсыз  оқи  алуына  жағдай  жасалып  жатырғандай.  Бүгінде  әлемнің  әр  түкпірінде  5 

миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. [3]   

Қандастарымызбен  жақындасудың  маңызы  айтпаса  да  түсінікті.  Әліпби  өзгерту   төл 

сөздерімізді  жазуда  кеткен  олқылықтарды  жөнге  келтіруге  көмектесіп,   қазақ  сөздерінің  дұрыс 

айтылуына  ықпал  етеді.  Бүгінде  латын  әліпбиі  сәнге  айналып  үлгерді  десем,  артық  айтқандық 

емес.  Әлеуметтік  желілерде  латын  қаріптерімен  жазатын  жастар  саны    жетіп  артылады.  Қорыта 

келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық 

әлемімен  ықпалдасуға,  қазақ  халқы  ертеден  қолданған  әліпбиімізге  қайта  оралып,  ұлттық 

санамыздың  қайта  жаңғыруына  жол  ашады.Облыста  1321  білім  беру  ошағы  бар.  Олардың  565-і 

жалпы  білім  беретін  мектептер.  Бүгінгі  күні  514  мектеп  «Күнделік.кз»  бойынша  жұмыс  істейді. 

Яғни,  қағаздардың  бәрі  электронды  түрде  толтырылады.  Ол  үшін  мектептер 1400-ден  аса 

мультимедиялық  құралдармен  жабдықталған.  Сондай-ақ,  оқу  орындары  «Рухани  жаңғыру» 

жобасы  аясында  робототехника  элементтерін  пайдалануда.

 

Қазақстандағы  қазіргі  білім  берудің 



маңызды  бөлігі  –  осы  үштұғырлы  тілде  білім  беру.Бұл  білім  алушылардың  басқа  ұлтардың 

мәдениетін білуі,өмір сүру салтын, дәстүрін білу, халықтардың рухани құндылықтарын тану,өзге 

ұлтардың  мәдени  құндылықтарын  сыйлау  қадірлеу  жүйесі.  Осыған  орай  мемлекеттік  тілдің 

қызметін  арттыру  үшін  түрлі  бағдарламалар,  жобалалар  қабылдана  бастады.  Солардың  бірі  – 

«Үштілділік»  мемлекеттік  бағдарламасы.

   Үш  тілде  оқыту  –  заман  талабы.  Негізгі  мақсаты: 

бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту 

және  қалыптастыру.

«Сананы  жаңғыртудың»  мазмұнын  негіздей  отырып, білім  берумен  қатар, 



268 

 

эволюциялық  дамыған,  ұлттық  бірегейлігі  сақталған,  бәсекеге  қабілетті,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу 



саналы  азаматтарымызды  көбейту  басты  назарда.  Қазақстан  әлем  бойынша  ең  жаңа  деген  оқу 

формаларын  зерттеп,  білім  саласында  үнемі  жаңарту  жасап  келеді.  Сонымен  қатар  өкініштісі 

елімізде  ақпараттық  қоғам  әлі  толық  қалыптаспай  жатыр.Сұранысқа  орай  технология  даму 

үстінде.  Білім  ұйымдары  «E-learning»  негізінде  электронды  оқытуды  2015  жылға  қарай  50%  ал 

2020  жылға  қарай  90%  іске  асыратыны  мақсаттық  индикатормен  анықталған.  Бірақ  соңғы 

жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды. Сәйкесінше, E-learning 

орнына  SMART-learning  келуі,  ақпараттық  қоғам  орнына  «smart  қоғам»  қалыптасуы  біздің 

елімізде  де  күтілуде.  Қазіргі  таңда  Smart  технологиясын  өндірушілер  –  АҚШ,  Канада,  Оңтүстік 

Корея  елдері.  Заман  талабының  білім  беруді  жаңғыртудың  негізгі  бағыттарының  бірі  оқыту 

процесін  ақпараттандырудың  қажеттілігі  болып  табылады.Осыған  байланысты  көкейтесті 

сауалымызға жауап табу мақсатында тақырыбымызға байланысты ақпараттарды саралап көрейік. 

Smart  education  негізгі  идеясы  неде  екенін  білу  үшін  білім  берудің  дамуының  үдерісін 

қарастыруымыз  қажет.  Шартты  түрде  оны  үш  кезеңге  бөлуге  және  келесі  көзқараста 

қарастыруымызға болады.  

I кезең: Кешегі таңда студенттің білім алатын көзі оқытушы болды. Басқа жерден білім ала 

алмады.  Тек  қана  дәрісханада  немесе  оқытушы  берген  кітаптарды  оқыды.  Оқу  орындарының 

мақсаты индустриалды өндіріске маман даярлау болды.  

II  кезең:  Бүгін  студенттің  білім  алатын  жалғыз  көзі  оқытушы  ғана  емес,  студенттер  бір-

бірімен ақпарат алмасады және жаңа білім деңгейін қалыптастырады. Сонымен қатар білім беруде 

жаңа  педагогикалық  технологиялар  ұстаз  шеберлігін  жетілдіруге  ықпал  жасап,  шәкірттің  ойлау 

қабілетін  ұштала  түсуінен  әсері  мол.  Сонымен  бірге  әлеуметтік  рухани  жан  дүниесінің 

маңыздылығын  іріктеуге,  ізгілікті  жағын  дамытуға  бағыттайды  және  өзінің  психологиялық 

даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді. 

III  кезең:  Ал  ертеңгі  күні  студенттің  білім  алатын  көзі  интернет  болмақ,  технологиялар 

жаңа  білім  жаратуға  жекеше  түрде  бағытталады.  Оқыту  үдерісі  әртүрлі  бағыттарда  білім 

нысанының  қозғалысын  реттеуде  болжауға  болады.  Яғни  студенттен  оқытушыға  және  кері 

қатынаста, студенттен студентке және т.б. 

 Оқу орнының түлегі өз мамандық иесі ғана емес, ол әлеуметтік ортада өз жауапкершілігін 

сезіне  алатын,  өздігінен  әрекет  етуге  және  қабілетті  қайшылықтарды  ашуға  мейлінше  жетілген, 

оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлға 

ретінде қалыптаса алады. 

Соңғы он жылдықта цифрлық қоғам белсене дамуда және білім экономикасы, электрондық 

армия,  электрондық  мәдениет,  электрондық  денсаулық  сақтау,  электрондық  мемлекет, 

электрондық  ғылым  сияқты  атрибуттармен  белгілі  нысанға  келді.  Электрондық  оқыту  цифрлық 

қоғамның құрылымына енгізілді және оның орталық, жүйелік элементі болып табылады. Алайда, 

электрондық  оқыту  туралы  айтқанда  негізінде  технологияға  тірелеміз.  Қазіргі  уақытта 

электрондық  оқыту  инновация  емес  болып  отыр.  Онда  түсініксіз  көмескі  айқындамалар  қалаған 

жоқ. 


Білім  беру  контенті  студенттерге  еркін  қолжетімді,  оқытушы  мен  студенттердің  кері 

байланысын  қамсыздандыру,  арасындағы  білімдер  сабақтастығы,  әкімшілік  мақсаттың 

автоматтандырылуы 

осылардың 

барлығы 

технологияларға 

жатады. 

Smart 


education 

тұжырымдамасының  негізі  барлық  білім  беру  үдерісінің  кешенді  модернизациясы  мен  осы 

үдерісте  пайдаланатын  әдістері  және  технологиялары  болып  табылады.  Smart  тұжырымдамасы 

білім  беру  бағытында  жаңа  технологияның  пайда  болуына  өз  септігін  тигізеді,  атап  айтқанда 

ақылды  тақта,  ақылды  экрандар,  интернетке  әр  жерден  кіру  сияқты  және  әр  технологиялар 

контентті жаңаша жасау үрдісін, оның жеткізуін және актуализациялауын қалыптастырады. 

Оқыту  тек  сыныпта,  дәрісханада  ғана  емес,  үйде  немесе  кез  келген  жерде:  қоғамдық 

жерлерде мұражайда, кафеде т.б. жалғасады. Негізгі білім беру үдерісін байланыстыратын элемент 

- белсенді білім беру контенті болады және мезгілдік пен кеңістік ауқымдарды шешу үшін соның 

базасында  дара  репозиторий  құралады.  Smart  education  тұжырымдамасының  негізінде  оқытуды 

жекешелендіру  идеясы  жатады,  нақты  тыңдаушыға  бағытталған  контентті  оқытушы  құрастырып 

жасау арқылы және академиялық білімдерді басқару арқасында жетуге болады. 




269 

 

Жаңа  білім  беру  контенті  студенттерге  құзыреттілік  моделіне  сәйкес  дағдылар  алуға 



көмектеседі.  Ал  Smart  education  философиялық  тұрғыдан  оқытушы  әзірлеме  дайындағанда  әр 

студентке  жеке  қарым  –  қатынас  жасау,  талғам  бойынша  пән  таңдауға  септігін  тигізеді.  Осыған 

орай, Болон жүйесі реттеліп келтірілген. 

Демек, студенттің өзі нақты мамандандырылған пәнді құрастыруға қатыса алады. Студент 

оқу  жоспарын  өзіне-өзі  құрастырады,  мұндағы  оқытушының  міндеті  оған  көмек  беру.  Smart 

education  пән  бойынша  курс  құрастырғанда  техникалық  әзірлемесіне  байланысты  оқытушыға 

уақыт үнемдеуіне жол береді. Модуль түрінде жүзеге асырылған, арнаулы бейнемен суреттелген 

бар контентті қолдана алады. Технологияның көмегімен осы модульдарды көрінген тізбектілікте 

жинауға мүмкіндік алады, ең бастысы автоматталған режимде.  

Соңғы  уақытты  айрықша  үлкен  мәлімділікті  жастар  арасында  әлеуметтік  сервистер  алды. 

Мысалы,  Twitter,  Facebook  т.б.  сияқты.  Дегенмен,  интернет  желісінде  контенттің  орналасуы  мен 

технологиялардың  игерілуі  білім  беру  үдерісінің  байыпты  жоғарылау  сапасының  түрткісі.  Жаңа 

тұжырымдаманың  енуіне  байланысты  оқытушының,  студенттің  рөлі  ауысады.  Егер  бастапқыда 

студент сабаққа келіп, материалдарды жазуға міндетті болса, яғни білім алудың жалғыз көзі дәріс 

болды.  Ал  бүгінгі  студент  базалық  ақпараттық  технологияларды,  интернеттің  іздеу  құралдарын 

өте жақсы қолданады. Керекті мәліметін өз бетінше іздеп таба алады. 

Осыған  байланысты  дәріс  жазуға  мүмкіндік  қажет  етпейді.  Бірақ  ол  жол  бағдарлаушыға 

мұқтаж-  бұл  оқытушының  функциясы,  ол  жаңа  білімдерді  құрастыруға,  студенттің  қажетті 

білімалуына  бағыттау,  әдеттегі  қолданылатын  технологиялардың  көмегімен  студент  білімінің 

сапасын  қанағаттандырып,  қамсыздандырады.  Рухани  жаңғыру  және  білім  беру  ісі  дегенде 

еңбектің  екінші  тарауындағы  «Жаңа  гуманитарлық  білім:  Қазақ  тіліндегі  100  оқулық»  атты 

жобаны атамай кетуге болмайды. Бұл игілікті істе қазіргі кезеңде өз шешімін тауып, жаңа құрыл-

ған  Ұлттық  аударма  бюросы  тарапынан  аударылған  әлемдегі  үлгілі  оқулықтардың  алғашқы  легі 

биылғы жаңа оқу жылында студенттермен табысты.

  

 «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 оқулық» атты жобаны мәні мынада: 



1. 

Тарих,  саясаттану,  социология,  философия,  психология,  мәдениеттану,  дінтану, 

лингвистика,  медиа,  экономика,  менеджмент,  кәсіпкерлік,  инновация  ғылымдары  бойынша 

студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау. 

2. 

Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі 



ең  жақсы  100  оқулықты  әртүрлі  тілдерден  қазақ  тіліне  аударып,  жастарға  дүние  жүзіндегі  таң-

даулы  үлгілердің  негізінде  білім  алуға  мүмкіндік  жасау.  2018-2019  оқу  жылынан  бастап 

студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастау. 

3. 


Осыларды  қамтамасыз  ету  үшін  қазіргі  аудармамен  айналысатын  құрылымдар 

негізінде  мемлекеттік  емес  «Ұлттық  аударма  бюросы»  құрылды.  Ол  Үкіметтің  тапсырысы 

бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарды бастап кетті. [6] 

100 оқулықты аудару ісі кезең-кезеңімен жүзеге асады. Биыл 17 оқулық аударылса, келесі 

жылғы  саны  да  бекітіледі.  Енді  қандай  оқулық  аударылады  деген  мәселе  бойынша  жоғары  оқу 

орны оқытушылар ұсыныс білдіреді. 

Жалпы,  оқулықты  аудару  ісіне  қатысты  өзіндік  шарттар  бар.  Біріншіден,  міндетті  түрде 

әлемдегі танымал оқу орындарының дәрістерінде қолданылған болуы керек, кем дегенде үш-төрт 

рет қайта басылған, сондай-ақ, ең соңғы басылымы соңғы үш-төрт жылда жариялануы керек. Сол 

шартқа сай келетін оқулықты ұлттық комиссия бекітеді.

 

Алдымызда күтіп тұрған маңызды өзгеріс 



– латын графикасына көшу. Елбасы келісім бере салысымен, 17 оқулықты латын қарпімен беттеу 

процесі басталады.

  

 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні,  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдар-



ламасының  іс-шараларын  жүзеге  асыру  жұмысы  оқу-біліммен,  ғылыммен  тығыз  байланыста  ат-

қарылатын  жүйелі  үдеріс.  Мұны  күнделікті  өмір  тәжірибесі  көрсетіп  келеді.  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев айтпақшы:  

«Сынаптай  сырғыған  уақыт  ешкімді  күтіп  тұрмайды,  жаңғыру  да  тарихтың  өзі  сияқты 

жалғаса  беретін  процесс.  Екі  дәуір  түйіскен  өліара  шақта  Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру  және 

жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр».  




270 

 

Айналып келгенде, латын әліпбиіне көшу, цифрлық Қазақстан құру, үштілділік білім беру 



жүйесінің  бәрі  бір-бірімен  байланысты  дүние.  Елбасы  100  оқулықты  аудару  мәселесін  бекер 

көтерген жоқ. Ойы ұшқыр, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтардың өсуі үшін бүгінгі ұрпаққа 

ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой –пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі 

қажет.


 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030» Жолдау. 

2.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  2017  жылы  12  сәуірде  «Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру» мақаласы.

 

3. Qazaquni.kz 



4.Г. Аманбаева

  «


Рухани жаңғыру. Білім саласындағы бәсекелестік

» 

 



5.  Р.И.  Баянкулов  «Smart  education  жүйесі  –  озық  технологиялардың  жетістігін  білім  беру 

саласына пайдалану жолдарын айқындау», 2015. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет