Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет159/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: қорқыныш, үрей, балалар,  алғышарттар, арттерапия, әдістемелер,  музыка-

терапия, ертегітерапия, денеге бағытталған   терапия, изотерапия, сурет салу . 

 

Балалардағы    қорқыныш    проблемасымен  көптеген  ғалымдар  айналысқан  Ш.Левис,  А.М. 



Прихожан,   И.К. Макшанцев, Е.Г. Макарова,  А.И. Захаров,  А.А. Осипова, С.Боулби,  Т.Рэчмен, 

В.Р.Кисловская  және т.б. өз еңбектерінде қарастырған. 

Қорқыныш индивидтің-биологиялық 

немесе  әлеуметтік  тіршілік  етуіне  қауіп  төнген  ситуацияда  пайда  болатын,  ақиқат  немесе  қияли 

қауіп-қатерге  бағытталған  эмоция.  Өмірдегі  ситуациялардағы  сынақ  сәтттерде  кездейсоқ 

жағдайларда  эмоцияналды  мазасыздық  туындап,  күрделі  психологиялық  мәселелерді, 

қиындықтарды,  шешілген  немесе  шешілмеген  қабылдау  көрінісін  елестетуге  болады.  Күнделікті 

өмірде әртүрлі қиыншылықтардағы мазасыздық, сонымен қатар адамдарда туындайтын уайым бұл 

қорқыныш пен үрейдің пайда болуына әкеледі.  

Балалық қорқыныштар, үрейлер егер де оларға дұрыс қарап, пайда болу себептерін түсінсе, 

көп  жағдайда  ондай  қорқыныштар  ізсіз  жоғалып  кетеді.  Егер  де  олар  ауыртатындай  күрделі 

немесе  көпке  дейін  сақталса,  онда  ол  баланың  физикалық  және  нерв  жүйесінің  әлсіздігін, 

жанұядағы  конфликті  жағдайдағы  ата-ананың  өзін  дұрыс  емес  ұстануы  туралы  айтып,  жақсы 

белгілерден еместігін көрсетеді. Балаға әсер етіп, қорқынышынан арылуға көмек беру үшін, ата-

анаға қорқыныштың не екенін, қандай қызмет атқаратынын қалай пайда болып, дамитынын және 

балалардың ең көп қорқып, оның неліктен екендігі туралы білуі қажет. 

Баланың  көзінше  өлім,  ауру,  өрт,  өлтіру  туралы  әңгімелер  оның  психикасына  еніп,  оған 

нұксан келтіреді. Егер де тіпті бала күтпеген шу немесе түртуден шошынатын болса да, осының 

бәрі қорқыныштың шартты - рефлекторлы сипаты жайында сөйлеуге негіз береді. Қорқыныш пен 

мазасыздықтың  психологиялық  және  мінез-құлықтық  реакциялары  сан-қилы,  әлдеқалай  және 

ғажап.  Қорқыныш  пен  мазасыздық,  үрей  әдетте,  шешім  қабылдауға,  қиналуға,  қимыл-қозғалыс 

координациясының  бұзылуына  әкеліп  соқтырады.  Қорқыныштың  себебі  болып  қауіптің  басы 

болатын  жағдайлар,  шарттар,  оқиғалар  болуы  мүмкін.  С.Боулби  қорқу  себебі  қауіпсіздікті 

қамтамасыз ететін бір нәрсенің қатысуынан да болуы мүмкін деп көрсетеді. Қорқыныш зат ретінде 

қандай да бір адамды немесе объект бола алады. Кейде үрей нақты ештеңеге байланысты болмауы 

мүмкін, олар жөнсіз қорқыныштар ретінде қайғырылады. Қорқыныш пен үрей жапа шеккеннен де 

болуы  мүмкін,  бұл  балалық  шақта  сезімдер  арасында  байланыстың  тууына  байланысты. 

Қорқыныш  пен  үрей  себептерін  бірнеше    классқа  бөлуге  болады.  Бастауыш  мектеп  жасындағы 

балаларда қорқыныш пен үрейдің пайда болуы. 

1. Әлеуметтік-мәдени және психологиялық алғы шарттары. 

Бала алғашқы жылдары барлық таныс емес әрі жаңа заттардан қорқады, ертегі кейіпкерлері 

мен  заттарды  жандандырып,  бейтаныс  жануарлардан  қауіптеніп,  ата-анасының  мәңгі  өмір 

сүретініне  сенеді.  Кішкентай  балалар  үшін  бәрі  шын,  демек  олардың  қорқыныштары  шындық 

сипатқа ие. Жалмауыз кемпір - жақын маңда жүретін тірі жан. Тек олар түйсіктерін ажырата алып, 

сезімдерін  жеңіп  және  абстракты-логикамен  ойлай  бастағанда  ғана  баланың  елестері  бірте-бірте 

ақиқат  сипатқа  иелене  бастайды.  Көптеген  өркениеттерде  балалар  өзінің  дамуында  бірнеше 

қорқыныш сезімін көреді. 



2.Қорқыныш пен үрей жасаралық және невротикалық болады. 

Жасаралық  қорқыныштар  эмоционалды  сезімтал  балалар  арасында  олардың  жеке  және 

психикалық  дамуының  ерекшеліктерін  бейнелеу  ретінде  белгіленген.  Әдетте  олар  келесідей 

факторлар әсерінен пайда болады: қорқыныш сезімінің ата-анасында бар болуы; баламен қарым-

қатынастағы  қобалжулық;  қатерден  баланы  шамадан  артық  қорғау  және  құрбыларымен 

араласудан  оңашалау;  ата-анасының  біреуінің  балаға  деген  көптеген  тыйымдар  салу  немесе  ата-

анасының  екіншісінің  балаға  толық  бостандық  беру,  сонымен  қатар  жанұядағы  барлық 

ересектердің  көптеген  іске  аспайтын  бай-баламдар;  ер  балаларға  қатысты  өзіне  жыныстас  ата-

анамен ролдік ұқсастыруға мүмкіндіктің болмауы; шошу сияқты психикалық жарақаттар; мұқтаж 



326 

 

не  әдейіленген  жанұялық  ролдерін  ауыстыру  салдарынан  анасының  әр  уақыт  жүйкелік-



психикалық үнемі ауыртпалық көруі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет