Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет173/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Суреттер. Психологияны оқытуда сурет оқытудың  ыңғайы және кең қолданатын құралы 

болып табылады.  Көбіне суретті оқытушы    өзінің  жеке   ойланумен салады.  Кейде әдістемелік 

әдебиеттердегі  суреттерді қолдануға болады.  Сәтті салынған сурет обьектіні оқытуда оған зейін 

аудартуда  маңызы  зор.  Динамикалық  суреттің  дидактикалық  салмағы  жоғары.  Бұл  жағдайда 

оқытушы  дұрыс  жетпеген  элементті  толықтыруға  мүмкіндігі  болады.  Мысалы:  А.Маслоу 

бойынша  қажеттіліктің  классификациясының  онтогенетикалық  дамуын  көрсететін  динамикалық 

суреттерді демонстрациялауға   болады[6,119б.]. 

Психологияны оқыту барысында оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалық 

құралдары  (ОБҚ)  (электронды  оқулықтар,  электронды  курстар,  дәрістер,  слайд-дәрістер, 

мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады. 

Оқу бағдарламалық құралдары келесі аспектілерге сай болуы керек: 

–    психологиялық –  аталған  бағдарлама  оқу  уәжіне,  психологияға  оқу  пәні  ретінде  қалай 

ықпал  етеді,  оған  деген  қызығушылықты  арттыра  ма,  төмендетеді  ме,  машинада  құрастырылып 

ұсынылған қиын әрі күрделі, дәстүрден тыс талаптары білім алушыларда қиындықтар тудыра ма; 

– психологиялық – бағдарлама қаншалықты көлемде психология курсының жалпы бағытын 

түсіндіре  алады  және  де  білім  алушылар  бойында  психологиялық  іс-әрекет  туралы  оң 

көзқарастарын қаншалықты көрсете алады; 

–  әдістемелік –  бағдарлама  материалды  меңгертуге  дұрыс  таңдалған  ба,  студенттерге 

ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешімін тапты ма, материал әдістемелік тұрғыдан дұрыс 

берілген бе; 

–  ұйымдастырушылық –  компьютерді  және  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолданумен 

өткізілетін сабақ дұрыс жоспарланған ба, білім алушыға өзіндік жұмыстарды орындау үшін уақыт 

жеткілікті көлемде беріле ме және т.б. 



346 

 

Осы  жайттардың  басын  ашып  құрастыру  өте  үлкен  еңбекті,  арнайы  іскерлік,  дағды  мен 



уақытты талап етеді. Сонымен қатар оқу сабақтарының сапасы (дәрістер, семинарлар) виртуалды 

иллюстративтік материалдарды әзірлеу мен өңдеу сапасына байланысты болады. 

Кең  таралған  құралдың  бірі  –  мультимедиялық  презентация.  Презентация  –  логикалық 

жағынан  бірізді  жүйеленген,  мәтіндік  және  көру  материалдары  (фотосуреттер,  суреттер, 

диаграммалар,  бейнероликтер  және  т.б.)  бар  слайдтар.  Презентация  мақсаты  студенттерге 

оқытылып жатқан тақырыптың мәнін түсіндіруге және оның негізгі ойларын есте берік сақтауға 

көмектеседі. 

Слайдтағы  материалдар  айқын  құрастырылып,  оларда  тек  тірек  тезистері,  маңызды 

ұсынымдар,  ойлар,  түсініктер,  суреттері  болуы  мүмкін.  Сонымен  қатар  қатал  дизайн,  барлық 

слайдтарға  ортақ  шрифт,  бірыңғай  шаблон  қолдану,  сапалы  оқылатын,  көрінетін  жазулар  мен 

бейнелер  болуы  керек  Презентация  әзірлеу  барысында  мынандай  ортақ  ұсыныстарды  қолдану 

керек: 


– презентация үшін жинақталған оқу материалы айқын құрылымдалған, жүйеленген болуы 

тиіс; 


–   иллюстрациялауды қажет ететін оқу материалы іріктелініп алынуы керек; 

– презентация әзірленетін тақырып бойынша немесе тұтас оқу материалы бойынша басты 

және жанама ақпаратты анықтап алып, мақсат пен міндеттерді тұжырымдау керек; 

 –  презентацияны  әзірлеудің  жалпы  сызбасы  қисындық  жағынан  бірізді  және  параллельді 

байланыстар тізбегін құрайды (пәнаралық, ғылым аралық, пән ішілік және т.б.); 

–  презентацияның  құрылымына  жоспар-конспектісі  кіреді,  онда  басты  ұғымдардың 

анықтамасы,  ойлардың  қорытындылары,  слайдтардың  аты  мен  мазмұны,  мәтін  үзінділері, 

суреттер, сызбалар, кестелер, фотосуреттер, белгілер (графикалық бейнелер, басқа да символдар) 

беріледі; 

–  презентация  түрін  таңдап  алу  қажет.  Ол  екі  типті  болады:  ажыратылымсыз  (музыкалы 

және  музыкасыз),  кадрлық  (музыкасыз).  Ажыратылымсыз  презентация  дәріске  дейін  не  одан 

кейін, ал кадрлық презентация лектордың сөйлеу барысында, дәріспен қатар жүріп отырады; 

–      презентация  шрифті  мен  бейнелері  ірі,  нақты,  анық,  түрлі-түсті  болуы  арқылы  оның 

сапасын айқындайды; 

–   мәтін мен бейнелер бір-бірін толықтырып отырулары керек; 

–  слайдтағы  негізгі  ойларға,  анықтамаларға,  ережелерге  дәріс  материалдарын  бекіту  үшін 

әлсін-әлсін оралып отырған дұрыс; 

–   видеотүсірілім мен анимация материалдарын қолдануға болады; 

–  слайдты  ұсақ  жазбалармен,  әр  түрлі  иллюстрациялармен,  жүгіріп,  айналып  тұратын 

жазулармен  безендірудің  еш  қажеті  жоқ,  ол  қызығушылықты  төмендетіп,  презентацияны  бүкіл 

мән-мағынасынан ажыратады. 

Осылайша, мультимедиялық презентациялар студенттердің қаралып отырған материалдың 

мәнін жете түсініп, есте сақтаулары үшін аса маңызды. 

Дербес  компьютер  – психология  бойынша  оқу  сабақтарының  әр  түрлі  кезеңдерінде 

қолданылатын  әмбебап  оқыту  құралы.  Сонымен  қатар  ол  оқыту  құралдарының  кең  көлемін 

қолданатын дәстүрлі оқыту аясына да ене алады. Дербес компьютер білім алушылардың белсенді 

түрде оқу іс-әрекетіне араласуына себепкер бола тұра, студенттердің оқу материалын түсініп, есте 

ұстауларына негіз бола алады. 

Оқытудағы  компьютердің  негізгі  қызметі  –  оқытушылық.  Оқыту  кезінде  компьютерді 

қолданудың негізгі міндеттері мынандай: 

1) оқу үдерісі кезінде кері байланысты қамтамасыз ету; 

2) оқу үдерісін жекелендіруді қамтамасыз ету; 

3) оқу үдерісінің көрнекіліктігін арттыру; 

4) әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздестіру; 

5) оқылып жатқан үдерістер мен құбылыстарды модельдеу; 

6) ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру. 

Мақсаты  мен  міндеттері  жағынан  компьютерлік  оқыту  бағдарламалары  иллюстрациялық, 

кеңестік,  тренажер-бағдарламалар,  оқу-бақылау  бағдарламалары,  операциялық  орта  болып 



347 

 

бөлінеді.  Олардың  бірі  білім  мен  іскерліктерін  бекітуге  арналса,  екіншілері  жаңа  ұғымдарды 



қалыптастыруға  негіз  болады.  Білім  алушыларға  зерттеулердің,  іс-тәжірибелердің  тікелей 

қатысушылары болуға мүмкіндік беретін үйрету бағдарламалары да бар. 

Бір  бағдарламада  бірнеше  режимдердің  тоғысуы  сирек  (оқыту,  жаттығу,  бақылау) 

кездеседі. Оқыту режимінде жұмыс істей отырып, бағдарлама экранға оқу ақпаратын шығарады, 

оны  меңгеруге  арналған  сұрақтарын  қояды.  Егер  жауабы  қате  болса,  машина  дұрыс  жауабын 

табуға  көмектеседі  немесе  дұрыс  жауабын  бірден  айтып,  жаңадан  сұрақ  қояды.  Жаттығу 

режимінде  тек  сұрақтар  мәтіні  экранға  шығады,  қате  жауап  берілсе,  толықтырулар  айтылады, 

жауап нәтижелері сақталмайды, оларды ойлауға берілген уақыт шектелмейді. Бақылау режимінде 

тапсырмалар  нұсқасын  компьютер  өзі  таңдайды,  ойлану  уақыты  шектеулі  болады,  қате  жауап 

берілсе,  дұрыс  жауабы  айтылып,  түсіндіріледі.  Соңынан  қате  жібергендер  тізімі  құрылып,  баға 

қойылады. 

Компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану жолдары әр түрлі: бүкіл топпен жұмыс немесе 

жеке жұмыс. Көрсетілген жұмыс істеу жолдары аппарат құралдарының бар не жоқ болуына ғана 

емес,  дидактикалық  мақсаттарға  да  байланысты.  Егер,  дәрісханада  тек  оқытушының  компьютері 

ғана  болып  немесе  оқытушы  тапсырмаларды  ұжымдық  жұмыс  арқылы  орындатуды  міндет  етіп 

алса, ол оқытушылық компьютер арқылы оқу тобының жұмысын ұйымдастырады. Мұндай жағдай 

студенттердің  әрқайсысының  компьютермен  жеке  жұмыс  істегенінен  гөрі  нәтижелі  болады. 

Қорыта  айтқанда,  психология  пәнін  оқытуда    жоғарыда  аталып  өткен    техникалық  және 

көрнекіліктерді  қолдану  және  компьютерлік  жүйелерді  пайдалану  білім  алушылардың    білім, 

іскерлік,  дағдыларын  қалыптастыруға,    танымдық  іс-әрекеттерін  белсендендіруге  ықпалын 

тигізеді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет