ӘОЖ 821.512.122(045)
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ
Төрехан М.
Ғылыми жетекші: Бағдатұлы М.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Қазақстан
Андатпа. Мағжан Жұмабаев өз өмірін Түркістанға арнаған Орта Азияның ортақ ақыны.
Тәуелсіздік пен тұтастықты, әсемдік пен батырлықты, елдікті жырлаған тұлға. Мағжан
поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Міне, мақалад Түркі халықтарының
бірлігі тақырыбы М.Жұмабаев поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы екендігі туралы
айтылады.
Түйінді сөздер: түркі әлемі, ақын мұрасы, тәржімаланған шығармалар, ұлттық руханият,
ақын жүрегі.
«Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем,
- деп атап көрсетті Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында, -
тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да
111
білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық
қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп
жатады».
Қазақ халқының философиялық және әлеуметтік ойын зерттеуші ғалымдар осындай
ерекшеліктерді ескеріп, ұлттық әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру формасы ретінде
түсінгені, көркем әдебиет туындыларын салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып зерделегені,
жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы философиялық мазмұнды ашып көрсету үшін оны
философиялық ойлау құралдары көмегімен қайта саралағаны дұрыс болар еді.
Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі
әлемі зиялы қауымының санасы мен сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі
ерекше құбылысқа айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларында айтылатын
қағидалар мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға жуық уақыт
өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, уақыт озған сайын ұлттық ұлыстық, жалпы адамзаттық
философиялық-әлеуметтік проблемалар қатарында алдымыздан қайта шығып отыр.
Ол қандай ойлар, қандай толғаныстар еді?! Жалпы, қазақтың киіз туырлықты үйінде
дүниеге келіп, әлемдік мәдениетке ерекше құбылыс болып қосылған Мағжан Жұмабаев
шығармашылығының қайнар бастаулары қайда жатыр?!
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР ТЫНЫСЫ Мағжан Жұмабаев, ең алдымен, ақын. Ақынды
алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған халқының, бүкіл түркі жұртының,
Шығыс мәдениетінің, жалпыадамзаттың тағдыры толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін
керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-
аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында әуелгіде, өршіл ұлттық рух кемерінен
асып төгіледі:
«Шынында менің өзім де - от,Қысылған кәрі көзім де - от.Мен оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен жанамын Оттан туған баламын.Талай зулап ұшқанмынАльпіге барғам
АлтайданБалканға барғам Қытайдан...»
Ақынның «от» деп отырғаны - халықтың ұлы рухы. Ұлттың тарихи және философиялық
зердесін оятып, рухын көтеру арқылы ғана бодандықтан құтылуға, ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге
тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді танытуға болады деп есептейді ол:
«Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,Мен - Күн ұлы, көзімде күн нұры бар,Мен келемін,
мен келемін, мен келем, Күннен туған, ғұннан туған Пайғамбар»
Жоқ, жоқ, бұл - кезеңде Еуразия құрлығын ат тұяғымен дүбірлеткен, алыс-жақын ұлыстарға
мәдениет пен шаруашылықтың жаңа тәсілдерін үйреткен, бірақ кейін тағдырдың жазуымен
әлемдік өркениет көшінен кенжелеп қалған өлке перзентінің аспандағы айды алам деп секірген
тарпаңдағы емес, бұл - өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе,
армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта косылуға болады
деп үміттенген азаматтың парасатты да мақсатты әрекеті [1].
Мағжан Жұмабаевтың "Алыстағы бауырыма" өлеңіне түрік ақынының жауабы:
Мағжан Жұмабаев - түркі халықтарының тегі бір тұтастығы мен бірлігін жүрегінен өткізе
жырлаған ақынның бірі һәм бірегейі.
1919-1920 жылдары Мағжанның Ататүрiк бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы
«Алыстағы бауырыма» атты өлең жазғаны белгілі. Арада 83 жыл уақыт өткенде бұл өлеңге түрік
ақыны Фейзуллах Будак өлеңмен жауап жазған.
Мағжан поэзиясы туралы Фейзуллах Будак: "Түркі әлемі мен түрік ұлтының тәуелсіздік
күресінде көптеген ұлдарының қаны мен көптеген зиялылардың әрі сиясы, әрі қаны мен жаны бар.
Осылардың ішінде Мағжанның орны бөлек. Өйткені Мағжан – өлеңіндегі күш-қуатты Түркістан
аймағындағы түркілердің бөлек хандықтар мен елдерге бөлінбей тұрған мықты кезеңінен алады.
Мағжанның денесі бодан болған туған жерде көзін ашып, бүкіл өмірін бодан елде өткізсе
де, оның рухы мен арманы еркін түрік қағанатының кең-байтақ даласында қанат қағады және
өлеңдері де осындай қайнардан күш алады. Мағжан Жұмабай – көне түркі жерінде ғасырлар бойы
жалғасқан ыдыраудан кейін, жылдар бойы жалғасқан құлдық дәуірде отарлаушылардың жүйелі
түрде қазақ, қырғыз, өзбек сынды ұсақ атауларды бекіту талпынысына қарсы өлеңдерінде қайтпай
ортақ түрік атын және түрік болмысын паш еткен саналы дауыс.
112
Оның өлеңдерінде ұлттың аты – Түрік, отанның аты – Түркістан. Мағжан Жұмабайдың
Түрігі оның жүрегіндей кең алқапта өмір сүреді және оның жүрегі Ұлы Әлем Түркі аймағының
әрбір бұрышында соғады. Мағжанның ұлт ұғымына құрылған өлеңдеріндегі жалынды сөз тек
оның әдеби күшінен емес, сонымен қатар өзі мен ұлтына деген терең сүйіспеншіліктен, ұлтындағы
ұлы күштен туады. Мағжанның өлеңдері – Түріктің Түркістан аймағында қырық руға бөлініп,
қырық ұлтқа ыдырап, қырық атаумен аталуына себеп болған стратегияларға және сол
стратегиялардың жүзеге асуына жағдай жасаған ішкі қателерге қарсы көтерілген саналы бас
көтерудің жан айқайы.
Сондықтан Мағжан – өлеңіндегі осы биік санаға байланысты Түркі әлемі әдебиетінде және
сонымен бірге Түрік ұлтының тіршілігіндегі ең биік құндылықтардың бірі", - дейді «Түркия үні»
радиосына берген сұхбатында.
Назарларыңызға қос өлеңді қатар ұсынып отырмыз. Мағжан Жұмабаев. Алыстағы
бауырыма
Алыста ауыр азап шеккен бауырым,Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,Қамаған қалың
жаудың ортасындаКөл қылып көздің жасын төккен бауырым.Алдыңда ауыр қайғы жатқан
бауырым,Өмірі жапа шеккен жаттан бауырым.Түксиген жүрегі тас жауыз жандар,Тірідей терің
тонап жатқан бауырым.Апырмай, емес пе еді алтын Алтай -Анамыз бізді тапқан асау
тайдай!Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,Жүзіміз емес пе еді жарқын айдай!Алалы алтын
сақа атыспап па ек,Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек.Алтайдай анамыздың ақ сүтіненБірге еміп,
бірге дәмін татыспап па ек.Тұрмап па еді, біз үшін мөлдір бұлақСылдырап, сылқ-сылқ күліп,
таудан құлап.Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын,Тілеген бір-бір тұлпар бейне пырақ!Алтайдың
алтынКүні еркелетіп,Келгенде жолбарыс боп, жаңа ержетіп,Ақ теңіз, Қара теңіз ар
жағына,Бауырым, мені тастап қалдың кетіп.Мен қалдым - жас балапан қанат қақпай,Ұшам деп
ұмтылсам да дамыл таппай.Жөн сілтер, жол көрсетер жан болмады,Жауыз жау қойсын ба енді
мені атпай.Қорғасын жас жүрекке оғы батты,Күнәсіз таза қаным судай ақты.Қансырап, әлім құрып
естен тандым,Қараңғы абақтыға берік жапты.Көрмеймін кеше жүрген қыр-сайды да,Күндіз - Күн,
түнде - күміс нұрлы Айды да.Ардақтап, шын жібектей арайға орапӨсірген алтын анам - Алтайды
да.Апырм-ай,
айрылдық
па
қалың
топтан,Шабылып
қайтпайтұғын
жауған
оқтан.
Түріктің жолбарыстай жүрегіненШынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан.Шарқ ұрып, ерікке
ұмтылған Түрік жаны,Шынымен ауырды ма бітіп халі?!От сөніп жүректегі, құрғады маҚайнаған
тамырдағы ата қаны?!Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта,Қайғыдан қан жұтамыз.Біздің
атқаЛайық па құл боп тұру?Кел, кетелікАлтайға, ата мирас, алтын таққа!Мағжанның бұл өлеңіне
түрік ақыны Фейзуллах Будактың жазған жауабы:Алыстан азабымды білген бауырым,Жұбатып,
көздің жасын сүрткен бауырым.Отырып өзі жаудың ортасында,Көңілді мұң - зарыма бөлген
бауырым.Тұмшалып қайғы-мұңға қалдым, бауырым,Қуарып бәйшешектей солдым, бауырым.Сен
дұшпанды бұрыннан білуші едің,Мен енді соған куә болдым, бауырым.Анамыз еді-ау ортақ алтын
Алтай,Ол бір тұлпар болғанда, біз бір-бір тай.Бауырында ойнақ салып біз жүргенде,Тап біздей
жайнамайтын Күн менен Ай.Алалы алтын сақа атқан едік,Тебісіп бір төсекте жатқан
едік.Алтайдай анамыздың ақ сүтін де Бірге еміп, бірге дәмін татқан едік.Сылдырап біздер үшін
бұлақ ақты,Шатырлап найзағайлар ойнап жатты.Даяр боп ұшқан құс пен соққан құйын,Біз мінген
аттар - тұлпар, һәм пырақты.Бір күні бұл дәуреннің соңы жетіп,Тәңірдің жазуымен сапар
шектік.Ақ теңіз, Қара теңіз ассақтағы,Жүректі сол Алтайға тастап кеттік.Білемін ұшам дедің, ұша
алмадың,Дәрменсіз, көкке қанат қаға алмадың.Жөн сілтеп, жол көрсетер ешкімің жоқ,Дұшпанның
тырнағынан қаша алмадың.Саған атқан оқ маған өтіп жатты,Күнәсіз қанымызды төгіп
жатты.Егерде қан төгілсе мына біздің,Түбімізге бөліну жетіп жатты.Мен де аңсаймын кешегі қыр-
сайды да,Күндіз - Күн, түнде - күміс нұрлы Айды да.Бізді жібек құндаққа орап алып,Бауырында
әлпештеген ана - Алтайды да.Айырылып бір-бірімізден, отқа түстік,Тарихтың қазанында қайнап
пістік.Тайсалып қайтпайтұғын жауған оқтанЖігіттік, батырлықтың антын іштік.Ұмтылған
бостандыққа түрік жаны,Ауырып көрген емес, бітіп қаны.Жүректің жалын оты сөнген емес,Соғып
тұр тамырында ата қаны.Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта,Не таптық шашырағанда
шартарапқа?Барлығын күш-қайраттың жинау керек, Атадан мирас қалған ұлы Отанда.[2]
113
2018 жыл наурыз айының екінші жұлдызы қазақ ақыны, публист, педагог Мағжан
Жұмабаевтың өмірге келгеніне 125 жыл болды. Осы мерекеге орай түркі әлемінде “ Мағжан
Жұмабаев жылы” болып жарияланды.
Аталмыш шараның беташары ТҮРІКСОЙЛ халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен
Түркияның Кастамону және Анкара қалаларында өтті. Шараға ақынның туған жері - Солтүстік
Қазақстан облысынан делегациялар да қатысты. Мерекелік шара түркі әлемінің мәдени астанасы –
Кастамону қаласынан бастау алды. Түрік ағайындар қазақ халқының асыл перзенті Мағжан
Жұмабаевты ерекше құрметтейді.
Мағжанның мерейтойы аясында өткен кездесулер мен шаралар ақынның тағдыры қиын
өмірбаяны мен шығармашылығын танытуға арналды. Оған зерттеуші ғалымдар, саясаттанушылар
мен жазушылар қатысты.
Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» жыры 1915 жылғы Чанаккаледегі шайқасқа
арналған. Ақын жыр арнап қана қойған жоқ, қазақтың байларынан қаражат жинап, туысқан
халыққа ақшалай көмек көрсетті. Түріктердің Мағжан ақынды ерекше құрмет тұтатындығы да
сондықтан»,- дейді ТҮРІКСОЙЛ халықаралық ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі Асқар
Құрманбаев.
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары ондаған тілге тәржімаланған, олардың ішінде түрік,
орыс, татар тілдері де бар. Ақынның 125 жылдық мерейтойына орай Мағжанның 26 шығармасы
түрік тіліне аударылып, жеке жинақ болып жарық көрді.
Түрік ақыны және жыр жинағының аудармашысы Али Акбаштың сөзіне қарағанда,
барынша дәлме-дәл тәржіме жасау үшін ақынның жан дүниесіне тереңірек үңілуге тура келген.
Аудармашы Мағжанның әлі толық зерттеліп болмаған.
Мағжан – бостандық пен еркіндіктің адамы. Мағжан – түркі халықтарының бірлігі үшін
жанын пида еткен тұлға» екендігін айтады.
Түркияның астанасы – Анкара қаласында ақынның мерейтойына орай халықаралық
симпозиум өтті. Онда ақын туралы бұрын белгісіз болып келген көптеген фактілер жұрт назарына
ұсынылды.
«Біз 1927 жылы деп көрсетілген Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасын таптық. Онда ақын
туған жылын – 1893 жылғы 7 қараша деп көрсетіпті. Бұл бағалы жәдігерді танысу үшін, Анкараға
әдейі ала келдік», - дейді Солтүстік Қазақстан мұрағатының директоры Сәуле Мәлікова.
Түркітілді ағайындар Қызылжар өңірінің өнерпаздары – Біржан Есжанов, Қайырлы
Ғафуров, Дәмеш Құрманкина орындаған ақиық ақынның сөздеріне жазылған әндерді бар
ынталарымен тыңдап, олардың асқан шеберліктеріне шын жүректерімен риза болды.
«Жерлес ақынымыздың 1923 жылы Ташкент қаласында жарық көрген жыр жинағын
өзіммен бірге ала келген едім. Біз ұйымдастырған көрмеге ақынның жеке мүліктері – Құран мен
қолдан тоқылған кілемше қойылды. Олардың ішінде Жұмабаевтар отбасына тиесілі ыдыс-аяқтар
да бар», – дейді ақынның туған ауылындағы мұражайдың директоры Айгүл Жүнісбаева.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қаза болуында келер ұрпақтың шешу үшін еншісіне қалып
отырған құпия мол. Түркияда ақын атында көше, мектеп және саябақ бар.adepiportal.kz[1]
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары македон тіліне аударылады, ТҮРКСОЙ халықаралық
ұйымы Македонияның Скопье және Гостивар қалаларында «Түркі әлемінің ұлы перзенттері» атты
халықаралық ғылыми конференциялар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі конференция да биыл ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан атаулы жыл болып жарияланған
қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына және қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың
125 жылдығына арналды. ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ
бастаған ресми делегация мен жиынға қатысушы ғалымдарды Македония Сыртқы инвестициялар
министрі Аднан Кахил және Мәдениет министрі Асаф Адеми арнайы қабылдап, ұйымның мәдени
интеграция саласындағы жаңашыл жобаларына табыс тіледі.
Конференцияда сөз алған ғалымдар қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев пен қырғыз жазушысы
Шыңғыс Айтматов мұраларының түркі халықтарының мәдени өміріндегі орны мен маңызына
тоқталып, олардың әлем әдебиетіне әкелген жаңалықтарын сөз етті. Жиын кезінде «Мағжан
Жұмабаев жылы» аясында басылып шыққан ақынның үш жинағы таныстырылды. Олардың
біріншісі – түрік тіліне жаңадан аударылған (аудармашы – Әли Акбаш) «Алыстағы бауырыма»
114
жинағы, екіншісі – ақынның он екі тілдегі аудармаларының топтама жинағы (құрастырған – Асқар
Тұрғанбаев), үшіншісі – әзербайжан тіліндегі (аудармашы – Рамиз Әскер) Мағжанның
«Түркістан» топтамасы.
Скопье қаласындағы Македония мемлекеттік университетінің Түркология бөлімінде және
Гостивар қаласындағы Визион университеттерінде өткізілгенконференциялардың нәтижесінде
Мағжан Жұмабаевтың мұраларын македон тіліне аудару келісілді [3].
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нысанбаев. Мағжан жырымен жұртын оятқан ақын.
2. Шерхан Талап. Мағжан Жұмабаевтың “Алыстағы бауырыма” өлеңіне түрік ақынының
жауабы
3. “Түркі әлемінде Мағжан Жұмабаев жыры” жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |