Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет90/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   218
Түйінді сөздер: реформа, дистанция, приставтық, әскери-полициялық бақылау, уезд. 

 

Маңғыстау  қазақтары  ХIХ  ғасырдың  орта  шенiне  дейiн  өздерiнiң  дәстүрi,  әкiмшiлiк-



территориялық  бiрлiгi  бойынша  Кiшi  жүздiң  билеушi-сұлтаны  басқаруындағы  батыс  бөлiкке 

қарады.  ХIХ  ғасырдың  ортасынан  бастап  Маңғыстау  халқы  патша  өкiметiнiң  отарлық  басқару 

жүйесiне  тартыла  бастады.  Алғашқыда  Маңғыстау  қазақтары  ресейлiк  басқарылуға  түгелдей 

қамтылмады,  батыс  бөлiгiндегi  52-дистанцияға  адай  руының  төрт  аталығы  (қырық  мылтық, 

түркпен-адай, құнан-орыс, балықшы) және Yстiрттiң оңтүстiгiн мекендеген Кiшi жүздiң басқа да 

бөлiктерi  енгiзiлген  болатын.  Кiшi  жүз  территориясына  орыс  бекiнiстерi  салынған  сайын, 

Маңғыстаудағы  адайлардың  патша  өкiметiне  бағындырылуы  күшейе  түстi.  1867  жылы  Адай 

қазақтары  Жоғарғы  дистанция  деп  аталынған  әкiмшiлiк  жүйелiк  бiрлiкке  бiрiктiрiлді.  Бірақ,  көп 

ұзамай  бұлайша  басқарудың  қиындығына  байланысты  екi  дистанцияға  бөлiнiп  басқарылды. 

Маңғыстау  Адайларының  бес  аталығы  Төменгi  дистанцияға,  ал  Yстiрттi  мекендеген  Адайлар-

Жоғарғы дистанцияға бағындырылды.  

Маңғыстаудағы  патшалық  әкімшілік  биліктің  өзіндік  ерекшелігі  болды.  Маңғыстауды 

отарлау  мен  Ресейлік  әкімшіліктің  басқа  аймақтардағы  өзгешелігі  -  приставтықтың  құрылуы 

болып  табылады.  Приставтық  –  Россия  империясында  қабылданған  әкімшілік  бөліктерге  бөлу 

жүйесіндегі біртұтас қабылданған бірлік емес еді. Сол себепті де оны енгізу патша үкіметінің өзіне 

бағынышты  әрі  шекаралық  стратегиялық  аймақ  болып  табылатын  территориясындағы  әскери-

полициялық  биліктің  айқын  белгісі  болды.  Әкімшілік  реформалар  Маңғыстаудың  әкімшілік-



193 

 

территориялық    бағыныш-тылығын  бірнеше  рет  өзгертті.  Әрбір  өзгеріс  әскери-полициялық 



бақылауды  күшейту  және  түбек  халқын  қазақ  халқының  негізгі  бөлігінен  айыру  бағытында 

жүргізілді.  Уездегі көшпелі  халық болыстарға бөлінді, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстар 

мен ауылдарға кіретін үй басы санын облыстық басқарма бекітті. Болыстарды болыс басшылары, 

ал,  ауылдарды  –  ауыл  ақсақалдары  биледі.  Сондай-ақ,  Маңғыстау  халқындағы  әкімшілік  билік 

жүргізудің Қазақстанның басқа өңіріне қарағандағы тағы бір өзгешелігі болыстарды құруда болыс 

басшыларын,  ауыл  старшындарын,  тіпті  билердің  өзін  отаршыл  әкімшіліктің  тағайындауынан 

көрінді.  Қазақстанның  өзге  аймақтарында  жергілікті  билеушілерді  формальды  түрде  болса  да, 

сайлап қоюшы еді. Олар 3 жыл мерзімге халықтық сайлау арқылы сайланатын. Ал, Маңғыстауда 

оларды патшалық әкімшілік тағайындады. 

Маңғыстау халқының Ресейге заңды түрде бағындырылуы ХIХ ғасырдың 40-жылдары Кiшi 

жүз  халқын  дистанцияларға  бөлу  принципiмен  басқару  жүйесiн  енгiзуге  байланысты  жүзеге 

асырылды.  Бұл  жүйе  бойынша,  қазақтардың  жайылымдары  казак  станицаларының  санына 

сәйкестендiрiлiп бөлiнiп, басқарыла бастады (алғаш 32 дистанция болса, кейiнiрек олардың саны 

өсе  бердi)  [1].  Патшалы  Ресейдің  отары  болған  Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  соңында  үш  генерал-

губернаторлыққа  Түркістан,  Орынбор,  Батыс  Сібір  генерал-губерна-торлықтарына  бағынған  6 

облысқа  бөлінді.  Маңғыстау  ол  кезде  Маңғышлақ  приставтығы  деген  атпен  белгіленіп,  негізгі 

қазақ  жерлеріндегі  әкімшілік-басқару  жүйесінен  бөлініп,  алғашқыда  Кавказ  әскери  округына 

енгізілді.  

Маңғышлақ  приставтығы  1861-1881  жылдар  аралығында  (кейіннен  болыс,  уезд,  облыс, 

губерния  ретінде)  өмір  сүрді.  Маңғыстау  түбегіндегі  әкімшілік-территориялық  бөлік  1868  жылы 

Маңғышлақ приставтығына Бозашы түбегі, үстірт жоны, Каспий теңізінің Шығыс жағалауындағы 

Морской, Святой, Подгорный, Долгий, Орлов, Керел (Жандауыр) аралдары кірді. 

1869  жылы  орыс  әскерлерінің  Красноводск,  Тасарбатқала  бұғаздарында  жүргізген  әскери 

барлау жұмыстарының нәтижесінде Каспий жағалауында Красноводск приставы құрылып, Кавказ 

наместнигіне  берілді.  Красноводск  приставымен  қатар  1870  жылы  2  ақпанда  Маңғыстау  да 

Кавказдағы  Дағыстан  облысына  қаратылып,  аймақтағы  адайлар  мен  түрікмендер  Ресейдің 

әкімшілік жүйеде жүргізілген реформаларына байланысты еріксіз түрде өз руластарынан, ұлтынан 

бөлініп қалды. Территориялық принцип негiзiнде басқаруға бейiмделген бұл жүйе  – қазақтардың 

ғасырлар бойы дамыған дәстүрлi шаруашылығын дамыту, әрi жүргiзу мүмкiндiгiн жойғандықтан, 

Кiшi жүз қазақтары 1868 жылы көтерiлiске шықты.  

Нәтижесiнде Маңғыстау территориясында Уақытша ережеге сай патшалық басқару жүйесi 

iс  жүзiнде  1870  жылы  күшпен  енгiзiлдi.  1870  жылы  2  ақпанда  Маңғышлақ  приставтығы 

Александровск  фортымен  бiрге  Орынбор  генерал-губернаторлығындағы  Орал  облысынан  бөлiп 

алынды,  Дағыстан  генерал-губернаторлығындағы    Кавказдық    мирасқор  әкімшіліктің 

басқарылуына  берiлдi  [2].  Енгізілген  басқаруға  негізделіп  Маңғыстау  приставтығы  2  қазақ,  1 

түрікмен  болысынан  құрылды.  Олар:  Бозащы,  Маңғыстау,  Түрікмен.  Қазақстанның  басқа 

аймақтарында  болыстар  қысқы  қоныстарына  байланысты  құрылса,  Маңғыстауда  көшу  ретіне 

қарай, екіншіден, жерді пайдалану құқына, рулық бөлінуіне байланысты құрылған. Болыстардың 

санын және шекараларын анықтау Кавказ армиясының бас қолбасшысына жүктелді.  

1874 жылы патша үкіметінің Каспий сыртқы аймағын басқару туралы Уақытша ережесіне 

сәйкес,  Маңғыстау  мен  Шағадам  (Красноводскінің)  әкімшілік  жүйеде  біріктіріліп,  1881  жылы 

Каспий сыртқы аймағы облысына кірді, ал 1884 ж. Шағадам (Красноводск) маңындағы 2894 түтін 

біріктіріліп, Адай болысы құрылды. 

Алғашында, Маңғыстау территориясында Кавказдық  әкiмшiлiк әскери басқаруды енгiзудi 

жоспарлады. 1874 жылы 9 наурыздағы Каспий сырты аймағын басқару туралы Уақытша ережесi 

бойынша Маңғышлақ пен Шағадан (Красноводск) приставтықтары Каспий сырты әскери бөлiмiне 

бiрiктiрiлдi.  Бұл  бөлiм  әскери  және  әкiмшiлiк  жағынан  да  Кавказ  әскери  округінің  Бас 

командашысына тiкелей бағынатын. Маңғыстауды Кавказ арқылы басқарудың бұл әдiсi қолайсыз 

көрiнгендiктен Каспий сырты әскери бөлiмi  1881 жылы 10 маусымда орталығы Ашхабад болған 

Каспий  сырты  облысына  айналдырылды.  Облыс  Кавказ  әскери  округына  бағындырылып,  үш 

уезден: Маңғышлақ, Красноводск жєне Ахалтеке уездерінен тұрды. 



194 

 

1890 жылы Каспий сырты облысы Кавказ әскери округынан бөлініп, бөлек әкімшілік және 



әскери,  құрамында  5  уезі  бар  аймаққа  айналдырылды.  Маңғышлақ  уезінде  негізінен  қазақтар  – 

адайлар  мен  түрікмендер  тұрды.    Адайлар  үш  болысқа:  Маңғышлақ,  Бұзашы  және  Yстiрт 

болыстарына  бөлiнiп  басқарылды.  1877  жылы  Маңғышлақ  болысы  екiге  –  Маңғышлақ  пен 

Түпқараған және Бiрiншi мен Екiншi-Бозащы болыстықтары болып бөлiндi [3]. Маңғыстауда 1888 

жылы жаңадан үш болыстық: Түрiкпен-адай, Жеменей және Райымбердi болыстықтары құрылды. 

Кейiнiрек  Yшiншi-Бозащы  болыстығы  құрылады.  Сондай-ақ,  1908  жылы  Каспий  теңiзiнiң 

шығысындағы  қазақ  және  түрiкмен  балықшылары  Рыболовная  деп  аталатын  болыстыққа 

бiрiктiрiлдi.  1881  жылы  Маңғышлақ  приставтығы  10  қазақ  және  1  түрiкпен  болыстарынан 

құрылған  уезге  айналдырылады.  Айта  кету  керек,  1880  жылдары    Маңғыстауда  жүргізілген 

әкiмшiлiк  басқарудағы  өзгерiстер  кезiнде  6  мың  түтiн  адайлар  (1,2,3  –  Адай  болыстары)  ерiксiз 

Орал  облысына  қалдырылып,  Маңғышлақ  уезiне  енгiзiлмедi

 

  [4].  Адайлардың  болыстардағы 



орналасуы  әркелкi  болды.  Әр  болыста  1100-1600  түтiн  аралығында  адамдар  болды.  Болыстар 

әкiмшiлiк бірліктер – ауылдарға бөлiндi. 1908 жылы болыстарда 74 ауыл болды. Маңғыстаудағы 

әрбiр болыстың территориясы табиғи шекаралармен анықталып отырды. 

1890 жылы Каспий сырты облысы Кавказ әскери округынан бөлiнiп, жеке әкiмшiлiк және 

әскери  басқарудағы  облысқа  айналды.  Маңғышлақ  уезi  Каспий  сырты  облысы  құрамындағы  5 

уездiң бiрi болды. 1897 жылғы санақ бойынша, Маңғышлақ уезiнде 68.555 адам тұрды, 1 м

2

 жерге 


0,36 адамнан келдi. 

Маңғыстау,  Красноводкі  уездіндегі  қазақтардың  негізгі  шаруашылығы  –  көшпелі  мал 

шаруашылығы.  Маңғыстау  уездіндегі  адайлардың  93,4%  мал  шаруашылығмен,  0,02% 

егіншілікпен,  6,4  %  басқа  да  кәсіппен  айналысқан.  Олар:  балық  аулау,  кірешілік,  сауда  және 

қолөнері. Маңғыстау уездінде егіншілікпен Қаратау, Ақтау және Александровскі форты маңында 

тұратын  адайлар  айналысты.  Олар  бидай,  арпа,  тары  егіп  және  Александровскі  форты  маңында 

жүгері,  жоңышқа,  бақша  дақылдарын  өсіретін.  Өлке  Ресейге  қосылғаннан  кейін  Маңғыстау 

уезіндегі  қазақ  ауылының  экономикасында  болған  елеулі  өзгерістерге  қарамастан,  мұнда 

шаруашылықтың  негізгі  саласы  бұрыңғысынша  мейлінше  экстенсивті  көшпелі  шаруашылық 

болып қала берді.  Мәселен, уезд бастығының 1916 жылғы есебінде былай делінген: «Маңғыстау-

дың бүкіл өндіргіш күштері тек қана мал шаруашылығына шоғырландырылып отыр, жалшылықта 

жүрген  кедейлерді  қоспағанда,  барлық  қырғыздар  (қазақтар)  түнелдей  сонымен  айналысады. 

Табиғи  жайылымның  жеткіліксіздігі  адайларды  мал  табындарымен  қоса  үнемі  (жыл  бойы) 

құдықтан  құдыққа  көшіп  жүруге  мәжбүр  етті.  Сондықтан  олардың  табындарында  ұзаққа 

созылатын  жүріске  өте  шыдамды,  сонымен  бірге  көшпелі  жұртты  қажетті  нәрсенің  бәрімен 

қамтамасыз ететін мал (қой, түйе, жылқы) түрлері басым болды» [5].  

Маңғыстаудағы  мал  шаруашылығына  тән  ерекшелік  қысқа  арнап  жем-шөп  дайындаудың 

мүлде болмауы еді. Р.Карутц «малға жем-шөп қоры жасалмайды, мұның өзі едәуір зиян шегуге, ал 

кейде  малдан  мүлдем  айырылуға  әкеп  соғады»  деп  жазады  [5,  457  б].  Адай  ауылдары  көшпелі 

болып қалып, оқшау және бытыраңқы (құдықтар маңында), рыноктардан алыста өмір сүріп, заттай 

сипатын  едәуір  дәрежеде  сақтап  қалғандықтан,  онда  рулық  құрылыстың  қалдықтары 

Қазақстанның басқа көптеген бөліктеріне қарағанда күштірек сақталды. Мұнда негізінен бұрыңғы 

рулық  жер  қауымдары  сақталып,  көшіп-қону  жолдары,  суаттарды  (құдықтарды)  және 

жайылымдарды  пайдалану  өзгермеді.  ХХ  ғасырдың  басына  дейін  Маңғыстау  уезінің  шегінде 

мекендеген  Адай  және  Табын  руларының  солтүстіктегі  жайлау  алқаптарына  (Орал  уезінің 

Қарағаш  және  Шілік  болыстарына,  Елек  пен  Жайықтың  су  айырығына)  орыс 

қоныстанушыларының  көшіп  келуі,  шөп  шабудың,  егіншіліктің  дамуы  осы  екі  ру  жайлауының 

оңтүстікке қарай ығысуына ықпал етті.  

Сонымен, Маңғышлақ уезi - бұрынғы Маңғышлақ приставтығы. Ол алғашқы кезде Кавказ 

әскери  округына,  ал  1899  жылдан  бастап  Түркiстан  генерал-губернаторлығына  қарасты  Каспий 

сырты облысына бағынды. Маңғышлақ уезiнiң оңтүстiк шекарасы Қарабұғазды қақ жарып, Арал 

теңiзiне дейiн, солтүстiк шекарасы қазiргi Комсомол шығанағынан Yстiрт жонының солтүстiгi мен 

Арал теңiзiнiң  батысына дейiнгi жердi  алып жатты. Уезд 10 болыстықтан, 74 әкiмшiлiк ауылдан 

тұрды.  Маңғышлақ  уезi  деген  атау  1920  жылға  дейiн  сақталып,  сол  жылдан  бастап  Адай  уезi 

атанды.  Адай  уезі  (кейінгі  округ)  Маңғыстаудағы  негізгі  шаруашылық  –  мал  шаруашылығының 



195 

 

өсуі  мен  орналасуының  мекені  ретінде  қалпын  көп  өзгертпестен  1920-1927  жылдарға  дейін 



оңтүстіктегі  Шағадам  (Красноводск)  қаласынан  бастап  Солтүстік,  Солтүстік-шығыстағы  Мақат 

пен Шалқарға дейінгі территорияны немесе қазіргі төрт облыстың (Шағадам, Маңғыстау, Атырау, 

Ақтөбе) жерін қамти орналасып жатты. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


ҚРОМА 5 - қор, 1 - тізбе, 2171 - іс, 124 – парақ. 

2. 


ҚРОМА 715-қор, 1-тізбе, 41-іс, 180-183 парақтар. 

3. 


Турсынова    М.С.  Казахи  Мангышлака  во  второй  половине  ХІХ  века.  -  Алма-Ата: 

Наука КазССР, 1977. –184 с. (c. 119 - 120). 

4. 

ҚРОМА 40-қор, 1-тізбе, 712-іс, 1-2 парақтар. 



5. 

Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында.Алматы.,2002.457 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет