Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет97/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   218
Түйінді  сөздер:  ақын-  жазушылар  шығармашылығы,  «Рухани  жаңғыру»,  дәріптелуі  аз 

ақын-жазушыларымызды жас ұрпақтың санасына сіңіру. 

 

Осы  мақаламды  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  өтіп  жатқан  «ТҮРКІ 



ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ  РУХАНИ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ  ЖӘНЕ  МАҢҒЫСТАУ  ЖЫРАУЛЫҚ 

ДӘСТҮРІ» атты ғылыми – практикалық конференцияға жариялауды жөн көрдім. Өйткені, сөздері 

ел  жадында  жүргенмен,  жыр-толғаулары  ХХІ  ғасырдың  басына  дейін  хатқа  түсіп,  кітап  болып 

шыққан жоқ. Бір кезде  «зар заман ақындары» атанған Шортанбай Қанайұлы, Дулат  Бабатайұлы, 

Мұрат  Мөңкеұлы,  Әбубәкір  Кердері  секілді  азат  ойлы  ақындардың  шығармалары  Қазан 

төңкерісіне  дейін  кітап  болып  шығып,  елге  тарап,  соңынан  зымиян  қызыл  саясаттың  кесірінен 

оқуға тыйым салынса, патша өкіметінің қырына іліккен Сарышолақтың жырларына о бастан тұсау 

салынған-ды.  Сөйтіп,  батыс  өңірінен  шыққан  Сарышолақ  ақынымыздың  есімі,  оның  адуынды 

шығармалары  дәріптелусіз  жатыр.  Сондықтан,  мемлекет  басшысы  бекіткен  «Рухани  жаңғыру» 

бағдарламасы аясында неге жаңғыртпасқа? … 

Өткен  ғасырдың  еншісіне  еніп,  өзінің  талғампаз  талантымен  дүрілдеп  өткен  Сарышолақ 

Боранбайұлы  туған  елінің  тарихи  бір  кезеңін  жырына  қосып,  патшалық  Ресейдің  қазақ  өлкесін 

күшпен отарлау саясатына барынша наразылық білдірген, қазақтың аты шулы ақындарының бірі. 

Халық  ақындарының  қатарында  тәрбиеленген  Сарышолақ  Боранбайұлы  1858  жылы  Ақтөбе 

облысы  Шалқар  а    уданының  Қопасор  елді  мекеніне    қарасты  «Көпжасар  жұрты»  деген  жерде 

дүниеге келген. Әкесі Боранбай шағын ғана дәулеті бар шаруа болғанымен, ескіше сауатты, көзі 

ашық,  домбыра  тартып,  ән  салған.  Ал  оның  ағасы  Көпжасар  халқы  үшін  мешіт  салдырып,  өз 



207 

 

аулының  тұтқасын  ұстаған  дәулетті,  жұртқа  сыйлы,  білімді  адам  болған.  Соларды  көріп  өскен, 



тәрбиесін  алған  Сарышолақ  рухани  жағынан  жұтаңдыққа  ұшырамайды,  әртүрлі  аспаптарда 

ойнауды үйреніп, өткір әрі өнерлі боп өседі. Арабша хат таниды. Ақындық өнерге ерте араласқан 

ол,  ержете  келе  төселген  ақын  дәрежесінен  жетіп,  өз  кезінің  ірі  ақындарымен  айтысып,  ел 

жақсыларының  көзіне  түседі.  Бірақ  асқар  тауы  әкеден,  арқа  тұтар  ағадан  ерте  айрылып, 

кедейліктің жолын жүре отырып, жоқшылықтың тауқыметін көп тартады.  

Шайыр  Алты  Әлімнен  бастау  алатын  Шекті,  оның  ішінде  Тілеу  тайпасынан.  Қазақтың 

біртуар  әншілері  Ғарифолла  Құрманғалиев,  Әлібек  Дінішевтің  орындауларында  айтып  жүрген 

«Тілеу-Қабақ» әніндегі Тілеу – осы кісі. Тілеу мен Қабақ – бірге туған екі адам. Тілеу 1630-1684 

жылдары өмір сүрген. Кіші жүз биі. Сайрам соғысының қаһарманы. Әз Тәуке таққа отырғанда хан 

сайлауына қатысқан.  

Сарышолақтың:    

Атамыз Қара Тілеу – бидің соңы,  

Софы әзі Қосым Қожа пірдің соңы… 

Сөзімнің жоқ қатасы,  

Қабыл болған батасы.  

Күлтөбеде сөз салған,   

Тілеу  –  елдің  атасы,деген  жыр  жолдары  –  соның  айғағы.  Тарататын  болсам,  Тілеу  ішінде 

Жалтума аталығы, оның Торша бөлімі. Шайырдың шәкірті ақын Бейіс Жантекенің айтуынша, ол 

дөңгелек  жүзді,  түсі  сары,  көкшіл  көзді,  үлкен  құлақты,  қимылы  шапшаң,  орта  бойлы, 

жауырынды, мығым денелі, қайратты кісі. [1,7] 

Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін жырға қосуда ақынның туған жерін суреттеуі ерекше 

ырғаққа  ие.  Әрине,  бұл  бір  жағынан,  табиғатқа  деген  іңкәрлік,  екіншіден,  өсіп-өнеген  дархан 

далаға,  туған  жерге,  атамекенге  деген  махаббат.  Ақын  сезіміне  ие  болған  ұзындығы  үш  жүз 

шақырымға созылған Ұлы Борсық құмы жиегіндегі Қопасор, Жомарт көлдерін, Тебен өзенін  

Борсықтан көшкен қалың ел,  

Қонады өрлеп Тебенге.  

Су шалықтап, сең жүрсе,  

Толқыны соғар кемереге  [1,7] 

немесе 

Әнекей, Жомарт пенен Қопасорым,  

Ну қамыс, иісің ерен қалың қорым.  

Қыс бойы мал кетпейді маңайыңнан,  

Қоңынан айрылмаған тоқты торым [1,7] - деп асқақтатады.  

Иә,  сыңғырлаған  тіл  өзгеше  өре  тауып,  бедерлі  сурет  салып,  терең  ой  мен  биік  таным 

айшығын аңдатады.  

Сарышолақ – қайраты мен шешендігі тоғысқан тұлға. Қоғамның қилы саясатына араласып, 

заманды  түзетпек  істерді  қолға  алған  қайраткер.  Аты  шулы  би  Мырзағұл  Шыманұлының  серігі, 

үзеңгілес досы болған.  

Мырзағұлды дәріптеуде ақын шабыты тамаша жыр жолдарын туғызған:  

Мен бидің жайын айтайын,  

Бұл кісі ақылын алмайды.  

Өз ақылын дардай-ды,  

Тау өртеніп, тас жанса да,  

Шабысынан танбайды. 

Сөз шығарып сөйлесе,  

Құбыладан тұрған дауылдай [2.144]. 

Мырзағұл  Орынбор  генерал-губернаторлығына  қарасты  Торғай  облысының  қоғамдық-

саяси  өміріне  кеңінен араласып  тұрған  шағында  бірге  жүріп,  Ақтөбе,  Орынбор,  Орск  қалаларын 

аралаған, Көкжар, Қарақамыс жәрмеңкелерін көрген өнер адамдарымен, ел билігін ұстаған талай 

қасқа – жайсаңдармен дидарласқан, яғни «аты барда жер танып, есі барда ел таныған» адам. Бірде 

Мырзағұл Сарышолақты ертіп алып, Сыр өңіріне нағашылап қыдырып барыпты. Қайтатын күні ел 

жақсылары  жиналып,  Мырзағұл  мен  Сарышолақтан:  «Елімізде  не  нәрсе  ұнады,  не  нәрсе 




208 

 

ұнамады?»  -  деп  сұрапты.  Сонда:  «Ұнамағанын  мен  айтайын,  сөзімді  көтерерсіңдер,  ұнатқанын 



ақыным айтсын, кейінгіге жетер» деген Мырзағұл:  

Елің елуге келген адамды, онға толған атты қартайтады екен.  

Еркек елуінде толығады.  

Алпысында ақылға алдырмайды  

Топтан торай шалдырмайды,  

Ат он жасында күшіне толығады,  

Шабысқа шабыс қосып масығады.  

Сіңірі жуантып жұқармайды,  

Тұяғы қаңылтып мұқалмайды.  

Сауырға қамшы салдырмайды,  

Көңілді сөйтіп қалдырмайды.  

Ұнамағаны осы болды – десе, оның сөзін іле  

Жалғастырған Сарышолақ :  

Халқың түгел ер екен, 

Жігіттерің нар екен.  

Хан тұрса да жасқанбас,  

Сөздері де ірі екен.  

Туысқанға бауырмал,  

Береке ұйып тұр екен.  

Ғайбат өсек бойда жоқ,  

Ауыздарың бір екен [2.144-145]- деп аяқтайды.  

Сарышолақ өз заманында сөзден тосылмаған ай тыс  ақыны  ретінде  де  ерекше  танылған. 

Шайырдың  «бар шығар әр жерде нелер шешен, кеткен жоқ ешкімге де  сөзден есем»  деуі соның 

айғағы  болса  керек.  Ақындығының  үстіне  шешендік,  домбырашылық,  әншілік  –  сазгерлік  өнер 

дарыған «Әридаш-ай», «Қарағым-ай», «Тама қыз», «Ұлықұм» атты әндер шығарған.  

Дауылпаз  ақын  рухани  дүниеге,  тілге  бай  болғанымен,  тіршілік  күйінің  кедейлігі  көп 

қыспаққа алды. Талай жыр сайыстарда осы кемдігі мойнына артылатын мін болды.  

Бірде Құли ақын:  

Дәулеті асып-тастап жатпағанмен,  

Дүниеден өткен әкең сол Боранбай [1.7]- 

деп барып, атасы Әйтпенбетке тиісіп:  

Әкеңнің атын сұрасаң,  

Құрай сатқан Әйтпенбет.  

Шалап ішкен көнектен,  

Асын жеген шелектен,  

Ақыретке кетіпті,  

Жарымаған қорекпен-десе  [1.8] 

бірде:  


Бұл құлдың тілі ащы, бит буғандай,  

Қатын жоқ, үйің қайда, о қумаңдай. 

Қалыңға беретұғын лағың жоқ,  

Әр жерде бір түнейсің ит қуғандай – деп  

Сарышолақтың өзін кемітеді.[1.8].  

Жоқшылық  зарын  әбден  тартқан  Сарышолақ  кешегі  жарлы  –  жақыбайды  «жарылқаған» 

Кеңес үкіметіне ұнаса керек еді. Ұнамады. Тіпті, атын атауға тыйым салыпты. Себебі не? 

Өйткені  ол  1867-1868  жылдардағы  реформалардың  іс  жүзінде  асуына,  жылғы  «Ақмола, 

Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ережелерге қарсы күресіп, елінің дәстүрін 

қорғады. Орыстың қолшоқпары болуға, бағынуға төтеп берді. Бұл күресте басты құралы жалынды 

жырлары болды.  

Жауынгер ақын:  

Бөріге түсті боқ шұқыған күшіген, Жалпы остар шапты залымдықтың ісімен.  

Шындық іздеп шарқ ұрған  




209 

 

Тоқтап жатты мылтықтының күшімен [1.10]- деп  



толғанса, ел билеген естілердің биліктен тайдырылғаны хақында :  

Белгілі бектің баласы,  

Шыға алмады атауға. 

Үйірдегі наз бедеу,  

Шешілмей қалды матауда.  

Келедегі құба үлек,  

Пұл болмай тұр сатуға.  

Манаураған мырзаның,  

Жамбасына тас батты,  

Төсекте ұйықтап жатуға- [1.10] деп,  

қазақ  елінің  тарихындағы  сол  бір  сұрапыл  кезеңді  өткір  сөздермен  алдымызға  жайып 

салды.  Соның  салдарынан  ақын  Ресей  отаршылдарынан  зәбірді  көп  көрген,    қуғын-сүргінге 

түскен.  

Оның  заманы  орыс  отаршылдарының  әбден  күшке  еніп  қазақ  өлкесін  емін-еркін  билей 

бастаған  кез  еді.  Ресей  1822  жылғы  Уставымен  хандық  өкіметті  жойса,  1868  жылғы  «Уақытша 

ережесімен» сұлтандарға тағы да үлкен соққы беріп,  енді оңалмастай етіп тұралатты. Неше ғасыр 

бойы  қазақ  халқының  абыройын  қорғаған,  іргелі  ел  болуын  қамтамасыз  еткен  сұлтандар 

«Ережемен»  «село  тұрғындары»  қатарына  қосылды.  Ресей  хандық  өкімет  жойылғаннан  кейін 

сұлтандардың  отарлау  саясатына  бұрынғыдан  да  өшпенді  болғанын,  хандық  өкіметті  қалпына 

келтіруге,  Қазақстанды  Ресейден  бөліп  алуға  ұмтылғандарын  ескерген    еді.  Аға  сұлтандық 

жойылды,  би,  батырлар  біртіндеп  өкімет  билігінен  ығыстырылды.  Әрбір  облысты  әсери  адам-

генерал  басқарды,  облыстар  уездерге  бөлініп,  оларды  орыс  офицерінен  қойылған  уездің 

бастықтары басқарды. Жер мемлекет меншігі деп жарияланды.  Салық көбейтілді. Елдің берекесі 

қашты.  Осы  жағдаяттың  бәрі  жасөспірім  Сарышолақтың  қоғамға  деген  көзқарасын 

қалыптастырды.  Ақын  14-15-ке  келіп,  ат  жалын  тартып,  азамат  қатарына  кірген  тұста  Ереженің 

119-тармағына сай қазақтардың ата қоныстары тартып алына бастаған-ды. Казак-орыс әскерлеріне 

ең шұрайлы жерлер бекітіліп берілді, көшіп келген орыс мұжықтарына қалаған жерінен үй салуға, 

саудамен  және  қолөнермен  шұғылдануға  құқық  берілді.  Орыстар  дінге  де  ауыз  салды,  олардың 

«Уақытша  ережесі»  мұсылман  дін  қызметкерлерінің құқықтарын  шектеді,  бір  болысқа  молладан 

артық  сайланбайтын  кепке  түсті,  молдалық  атақты  бекітетін  және  оны  молдалық  атақтан 

шығаратын облыстық басқарма болды. Тіпті, сұраусыз мешіт салуға, жаңа мұсылман медреселерін 

ашуға  тыйым  салынады.  Керісінше,  1868  жылдың  «Ережесінде»  Қазақстанда  христиан  дінін 

таратуға  бағытталған  бірсыпыра  параграфтар  бар-ды.  Мысалы,  христиан  дініне  кіріп,  қандай  да 

болса  бір  селолық  қоғамға  жазылған  қазақтарға  жеңілдіктер  берілді.  Христиан  дініне  кіргендігі 

үшін қазақ өлтірілген болса, оның ісі әскери сотта қаралатын еді.  

Міне,  Сарышолақ  осы  «зар  заманды»  басынан  өткерді.  Сондықтан  сөз  саптауы  мен  айту 

шеберлігі,  табан  астында  суырып  салып  қарсыласын  тізе  бүктіруі  сол  кездегі  небір  атышулы 

ақындардан  кем  болмаса  да,  біраз  уақыт  тарихтың  ақтарылмаған  парақтарының  арасында  қалып 

қоюы оны жалпақ қазақ даласына танытуға кедергі жасады. «Ұлтшыл ақын» деген айып тағылып, 

өлеңдерін  жарыққа  шығаруға  тыйым  салынды.  Шайыр  1929  жылы  көз  жұмды.  Ал,  зерделеп, 

байыптап,  шығармаларын  терең  үңіле  оқығанда  ақынға  сондай  кінә  тағуға  болар  ма  еді? 

Жоғарыдағыдай  сыңаржақ  пікірдің  әсерінен  Сарышолақ  шайырдың  шығармалары  жетпіс  жылға 

жуық уақыт бойы қалтарыста қалып қойды.  

Алайда  Сарышолақ  есімі  атаусыз  қалмапты,  жыр  жүйрігі  Нұрпейіс  Байғанин  оған  арнап 

деректі  «Ақын»  дастанын  шығарыпты.  Шайырды  осы  дастанның  бас  кейіпкері  етіп  алыпты. 

Қазақтың  «Қалауын  тапсаң,  қар  жанар»  деген  мақалы  осындайда  айтылса  керек.  Сарышолақ 

Нұрпейістің ұстаздарының бірі болған. Бұл дастанды 1939 жылы бүкілодақтық лениншіл жастар 

Одағының 20 жылдық мерекесіне арнап шығарған. Оны Нұрпейістің айтуынан Мәселе Жаңабаев 

жазып алған. Нұрпейістің осы дастаны көркем шығармалар конкурсында үшінші  дәрежелі  бәйге 

алған.  Поэманың  толық  мәтіні  алғаш  рет  1940  жылы  «Поэмалар  жинағы»  атты  кітапта 

жарияланған.  Үзіндісі  сол  жылы  «Лениншіл  жас»  газетінде  жарық  көрген,  кейін  ақынның  1950 

жылғы жинағына кірді [6.2.]. 




210 

 

Қай дәуірде болса да,  



Халықта болған батырлар.  

Жүректе халық сақтаған,  

Талай өжет батыр бар [4.31]  

–  деп  басталатын  «Ақын»  дастаны  негізінен  көпті  көрген  көнекөз  ақсақалдың  баласына 

айтқан  әңгімесі  түрінде  құрылған.  Шығарманың  бас  кейіпкері  –  Сарышолақ  ақын.  Мұнда 

Сарышолақ  ақынның  1916  жылғы  патшаға  қарсы  күресте  қол  бастаған  батырлығы  суреттеледі. 

Нұрпейіс осы поэмасында:  

Ер етекке сүрініп,  

Басқа зауал төнген күн.  

Жау табылды жақыннан.  

Бұлбұлға түсті бұғалық.  

Әлімге даңқы шашылған- [4.32] деп,  

Сарышолақты  алты  аталы  Әлімге  даңқы  шашылған  бұлбұлға  теңейді.  Нұрпейістің  бұл 

жолдарының ақиқаттығын бекіте түсетін Сарышолақ ақынның өз сөздері де бар: 

Нәсілім Жалтуманың Бестоқалы,  

 Еліміз мекен еткен Сарықопаны.  

Жел сөздің өзім білген арқасында  

Әлімге атым шықты алты аталы- [5.8] 

депті даңқы ақын.    

Ел  арасында  Нұрпейіс  Сарышолақтан  бата  алыпты  деген  аңыз  бар.  Бұлай  болуы  әбден 

мүмкін. Себебі: 

Егізімнің сыңары,  

Тілеу-Қабақ ауылым.  

Бірге туған бауырым,  

Айт пен Бұжыр дейді жұрт.  

Кіші жүздің сауырын- [4.52] деп ақынның өзі  

айтқандай,  Тілеу  мен  Қабақ  –  Нұрпейістің  бірге  туған  бауырлары.  Мөңке  Тілеудің  бел 

баласы да, Сарышолақтың Тілеудің Жалтума деген немерісінен тарайды. Эпик, ақын Нұрпейістің 

жас  кезіндегі  үлгі  алған  ұстаздары  ең  алдымен  өз  бауырлары  Мөңке  мен  Сарышолақ  екендігі 

күмән  туғызбаса  керек.  Біреуін  әулие  тұтып,  екіншісіне  арнап  «Ақын»  атты  поэма  шығаруы- 

осының айғағы. Сарышолақтың аса ірі ақын екендігін:  

Қарсақ аяқ, мысық бас,  

Басқан ізін білдірмес.  

Сынаптай сырғып су жұқпас,  

Өлең сөзге ілдірмес [5.8]- деп Әбубәкір Кердері де атап көрсеткен.  

Жалпы, Нұрпейіс Байғаниннің қаһарманы- Сарышолақ, біз сөз қозғап отырған Сарышолақ 

екендігіне:  

«Жаужүрек ақын Сарышолақ  

Кейін қалды соңында» [4.32] – деген дәлел келтіруге болады.  

Демек, Сарышолақ – ақын.  

«Сәлем айт жалшы кедейге 

Сарышолақ шайыр ақыннан» [4.32] 

Ол көп ақынның бірі емес, бірегейі, шайыр.  

«Шежіре шешен Сарышолақ 

Шеменді болды жүрегім» [4.32] 

Ол шешен һәм шежіре.  

 

Тағы бір дәлел әрі бұлтартпас айғақ – оқиғаның өткен жері.  



«Қопасор, Жомарт, Тебен су –  

Көшпелі елдің жайлауы,  

Көк майсалы құмайты,  

Шұлғытып бие байлаулы,  




211 

 

Ағынды өлке, тасқын су 



 Тасбұлақтың қойнауы» [4.32] 

Иә,  «жақсының  аты  өлмейді,  ғалымның  хаты  өлмейді»  дегендей,  кейінгі  ұрпақтарының 

тірнектеп жинастыруы арқасында шайырдың бірқатар шығармалары мәлім болды. Бір қуантарлық 

жайт, шайыр шығармаларымен қатар, оның хат түріндегі жазбалары бүгінгі күнге дейін сақталған. 

Соның  бірі  –  Сарышолақтың  өз  қолымен  Көпжасарға  жазған  хаты.  Хатты  арабшадан  (төте 

жазудан) аударуға көмектескен Шалқар ауданының зейнеткерлері Тағыберген Меркебай, Қуандық 

Досмырза және Бөлтірік Сапаров.  

Кей  тарихи  деректерде  зерттеушілер  шайырдың  баласы  екеу,  олар:  Бахрадин,  Жамаладин 

дейді.  Ал,  шындығында,  әйелі  Тоқсұлудан  төрт  бала  болған.  Олар:  Жамаладин,  Бахрадин, 

Амаладин, Тоты (Тоты атты қызы ертеде қайтыс болған). [3.80] Оған мына хат дәлел:  

«Құрметті Көпжасар. 1909 жылда» Жысеркен үшбу хатыңды алып қайран болдым. Қисса, 

толғау және өлең (ғалихатыңды терең ұғып, қайран болдым), жырларды жаттағаныңа Алла Тағала 

өзіңе  қуат  беріп,  Жалтума  аруағы  қолдағай.  Уфа,  Орынбор  назаршылары  хабар  ұйықты  силибр 

бар.  Жібек  ишан  Тәжиұлы  жазған  өлеңдер  толық  көшірген  Алла  қолдағай.  Амаладиинге  құран 

бағыштаған.  Тоқсұлу  науқас.  Мен  сөз  басылғанша  Назар  елінде  боламын.  Кітап  берерге  керек. 

Алла көрерге жазғай. Дұғай үшбу сәлеммен Шайыр Саршолақ.  

Қарақамыс шағырай 

Сағынам қиын тұрақты  

Жүрген жерлер жырақты  

Хабар естіп өзіңнен  

Көзде де ұштым бұлақты  

Алла хабар келгенде  

Ерттерміз әлі құр атты  

Елге сәлем де!  

Сарышолақ Шайыр» [3.81] 

Төте  жазудан  аударған  –  Сапаров  Бөлтірік.  Сонымен  қатар,  Сарышолақ  шайырдың 

құлпытасындағы  жазбалар  1999  жфлф  12  қарашада  аударылып,  ұрпақ  зердесіне  ұсынылды. 

Авторы – Нұрғали Тасмағамбетұлы. Онда:  

«… Құлпытас белгісінің ұзындығы – 64 см, ені-15 см, қалыңдығы – 10 см. Бұл жазуы бар 

бөлігі сәукеле бейнесінде жасалған. Екі қапталы және басқы бөлігі қазақы қошқар мүйіз өрнегімен 

өрнектеліп  қашалған.  Құлпытас  жасаушысы  белгісіз  шебер.  Біршоғыр  тауының  ақ  тасын  төрт 

қырлы  етіп  шебер  пайдаланған.  Құлпытасқа  қашап  жазуда  ескі  хиуа  және  төте  араб  әріптері 

қолданған.  Үнемі  ашық  жерде  тұрғандықтан  құлпытастағы  жазулар  өз  бейнелерін  жоя  бастаған. 

Кей  жері  мүжіліп  сынған  және  қына  басқан.  Құлпытас  жоғарыдан  төмен  қарай,  жалпы  араб 

әрпінің  оқылу  заңдылығына    сәйкес  оңнан  солға  қарай,  ал  сандар  солдан  оңға  қарай  оқылады. 

Сандар  араб  таңбасымен  қашалған.  Қашалған  жазу  13  жол.  (Руы  Бестоқал  Шайыр 

(Сайыр)Сарышолақ (Сарсолақ)Баласы Боранбайұлы (Боранбайоғлы)Офат (Шоқан) 71 жасында (10 

йанда) апат болды 1929 Жылда қойылған  (қойған)). 

Қалған  жазуларды  оқу  мүмкіндігі  жоқ.  Араб  әрпінің  асты-үстіне  қойылатын  белгілері 

өшкен, жалпы оқу үшін үлкейткіш әйнек пайдаланылды. Зер салып, анықтап қараса, оқып шығуға 

болады.  Бұдан  23  жыл  бұрын  арабша  сауатты  Жанғойсыұлы  Тасмағамбет  Жанықұлұлы  Ораздар 

ата  оқыған.  Кейін  11  жыл  өткен  соң,  арнайы  іздеумен  барғанда,  құлпытас  төртке  бөлінген.  Бұл 

бөліктер тек жоғарғы басы, одан кейінгі бөлігінде құранның фатиха сүресі толық, содан соң Әлім, 

Тілеу, Жалтума Қараша немесе Торша деген  жазу бар бөлігінен кейінгі  бөлігі  болып есептеледі. 

Жерде қалған бөлігінде шек таңбасы бар болатын. Жалпы ол жердегі бейіт тастары алынған. Тағы 

ескертетін  жай:  Бейіс  атамыз,  Торша  ата  немесе  әжеміздің  бейіттері  сол  жерде.  Сарышолақ 

Боранбайұлы Бейіс атамыздан кейін алтыншы болып, оң жағына жерленген. Жалпы, қорым Нияз 

несесе Құдайқұл деп аталады» [3.82-83] делінген.  

Мұндай  шайырдың  мол  дүниелерінің  сан  қырлы  зерттелуі  баба  аруағының  алдындағы 

ғанибет іс болмақ. 

Ұл туар неше жігерлі,  

Талқандар тұсау шідерді.  




212 

 

Іздер сонда қайдалап,  



Бақытым қайта айналад. [3.151] 

Елім байрақ ту алып,  

Сөзімді іздер қуалап - [3.72]- 

деген  Сарышолақ  туған  халқының  жылдардың  жылында  тәуелсіздік  аларын,  өзінің  де 

қапасты  жарып  шығарын  пайымдаған-ды.  Пайымдамаған,  анық  білген.  Өйткені  шайырдың 

көрегендікпен айтқан арманы орындалды. Ұрпағы оны іздеді. 1999 жылы шайырдың туған жері – 

Қопасор  –  Жомартта  үлкен  кесене  тұрғызылып,  Ақтөбе  өңірінің  ел  азаматтары,  халқы  жиналып 

баба  аруағына  бағыштап  ат  жүгіртіп,  үлкен  ас  берді.  Шайырдың  ұрпақтары  оның  кең  тынысты 

атақты әні  «Тілеуқабақ» әнін асқақтата шырқады. Бабасына ұқсап бағып, жыр сайысына шықты. 

Баба есімі осылайша ұлықталды.  

Мінекей,  есімі  қайта  жаңғырған  Сарышолақ    Боранбайұлы  тарих  аспанында,  әдебиет 

көгінде жарық жұлдыз болып мәңгілік жарқырай бермек. Осыны ұрпақ жадына сақтауы тиіс.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. «Ақтөбе» энциклопедиясы. – Ақтөбе, 2001. – 748 б. 

2. Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау комитеті. Қолжазба №712- 47. 

3. Келімбетов Н.Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы: Ана тілі,1998. – 256 б. 

4. Абай. Өлеңдер.  – Алматы: Жазушы, 1976. -– 140 б.   

Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы «Жәдігер», «Шамшырақ -Ақтөбе»ЖШС, 48-53б. 



6. «Адырна» Ежелгі жыраулар, «Шамшырақ -Ақтөбе» ЖШС, 129-153 бб.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



213 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет