Тұрсынова Г. Т



бет157/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Қаржы және валюта нарығы


Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма -қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма- қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады.

Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет