Морфология сөз құрамы, қосымша және сөз таптарын зерттейді. Қосымшаның 2 түрі бар: жалғау және жұрнақ.
Жалғау
|
Жұрнақ
|
Көптік
Септік
Жіктік
Тәуелдік
|
Сөз тудырушы
Сөз түрлендіруші
|
Сөз табының 9 түрі бар:
Зат есім Есімдік Шылау
Сын есім Етістік Еліктеу сөз Сан есім Үстеу Одағай
Қосымша
Қазақ тілінде қосымшаның екі түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау.
Жұрнақ
Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ. Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы –қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+ла – ойла, тау+лы – таулы) Сөз түрлендіруші жұрнақ екі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық).
174-тапсырма. Мәтінді оқып, жұрнақтардың астын сызыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |