Тұрсынова Г. Т


Энергетика және шикізат мәселесі



бет96/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180

Энергетика және шикізат мәселесі




Адамзат қоғамының даму тарихы – бұл, ең алдымен, түрлі ресурстарды пайдалану тарихы. Табиғат қоғам дамуының барлық кезеңдерінде адамның мекен ортасы болумен қатар, оны тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін шикізат көзі болып келеді. Адамзаттың шикізатты пайдалану ауқымы мен деңгейі қоғамның..әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен анықталады, яғни шикізат түрлеріне сұраныс Жер шарында халық санының өсуімен, өндірістің қарқынды дамуымен байланысты жылдан жылға арта түсуде. Мысалы, соңғы ХХ ғасыр ішінде жер қойнауынан адамзаттың бүкіл тарихында өндірілгеннен әлдеқайда көп пайдалы қазбалар алынған. Тек соңғы жүз жылдың өзінде ғана қазба отын түрлерін тұтыну мөлшері 30 есеге жуық артқан. Қазіргі кезде адамзаттың жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысын өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажет болуда. Мұның өзі шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарына жатқызуға себепші болып отыр.

Қазіргі кезде аса маңызды энергетикалық және минералды шикізат түрлерінің қоры шектеулі екендігі белгілі болып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет