Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы
1. «Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді.
«Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті.
Ең алғашқы тәрбие мен оқыту идеясының біртұтастығы Песталоциидің И.Г. педагогикалық тәжірибесінде жарық көрген, кейіннен Гербарттың И.Ф. еңбектерінде оқыту теориясының тәрбиелік мәні көрсетілген. Ол – адамгершілік білім бермей, оқыту мүмкін емес, немесе мақсатсыз құралға айналады, ал керісінше, оқытусыз адамгершілік білім беру, құралсыз мақсатқа тең деп батып атап көрсеткен. Педагогикалық үрдіс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетіістіктерімен тығыз байланысты.
Педагог Шацкийдің ойынша педагогикалық үрдіс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттер мен ықпал ететін объектінің психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті болып есептеледі.
Бұл педагогикалық үрдістің мәнін түсінуде П.Ф.Каптеревтің берген анықтамасымен салыстырғанда, педагогикалық үрдістің әлеуметтілігін қамтамасыз ететіндігі және мұғалім мен оқушының іс әрекеттері оның дамуының шарты болатындығы айқын көрсетілген.
«Педагогикалық энциклопедияның» авторы Гмурман В.Е. «педагогикалық үрдіс» туралы ұғымға мынадай анықтама берді: «Бұл терминнен (педагогикалық талабына сай) ұйымдастырылған тұтас оқу-тәрбие үрдісін, ұстаздар мен тәрбиеленушілердің, оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекеттері ретінде қарастырылуында. Екіншіден, оның екі жақты сипаттылығы жасалған маңызды қадам бола тұрса да, бұл анықтама мұғалім мен оқуылардың өзара әрекеттерінің ерекшеліктері не деген сұраққа жеткілікті түрде айқын жауап бере алмады.
Біздің бұрын көрсеткеніміздей мұғалімді даярлаудың кәсіби теориялық негізінің дамуы, педагогикалық үрдістің мәнін түсінумен тікелей байланысты. Яғни педагогикалық үрдіс теориясының қалыптасуы мүғалімнің кәсіби дайындығын одан әрі дамытудың шарты болады.
Қазіргі педагогикалық үрдістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. М.А. Данилов өзінің «Педагогикалық үрдіс педагогикалық теорияның объектісі» деген еңбегінде, ең бастысы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясының одан әрі жетілдіруі айқындалады.
Бір топ жеке ғалымдардың зерттеу жұмыстарының арқасында педагогикалық үрдістің бірнеше басқада әртүрлі жақтары, қасиеттері мен заңдылықтары туралы ұғымдар біртіндеп жинақтала берді. Бұл қалыптасқан материалдарды зерттемейінше педагогикалық үрдіс теориясының басты даму бағытын айқындау өте қиынға түсер еді, міне сондықтан да зерттеушілер осыған басты назар аударуы керек.
Педагогикалық үрдіс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей тығыз байланысты. Біздің еліміздегі әдебиеттерде «педагогикалық үрдіске»ең алғаш анықтаманы П.Ф.Каптерев берді, ол оны басқа анықтамалармен бірге –«білім беру үрдісі» ретінде қолданды. Қазірдің өзінде П.Ф.Каптеревтың айтқан нағыз, бұрмаланбаған педогогикалық үрдіс бір уақыт кезеңінде еріктіде және керекті, себебі бұл өзін-өзі дамыту үрдісі болады деген ескертуі өз маңызын жоғалтқан жоқ. Мұнда өзіндік әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Терминнің авторы оны әртүрлі қасиеттері мен қырлардан, құралдардан тұратын біртұтас үлкен бір құбылысты көрсетуге болатындығын және оның оқыту, білім беру , үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау т.б. сияқты кезеңдері болады. Ұсынып отырған ұғымның тартымдылығы сонда, П.Ф. Каптерев бойынша педагогикалық үрдістегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде. Сонымен бірге, мұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастарды туралы ой байқалады, ол арқылы мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қатынастарды түсіндіру мүмкін емес, бірақта соның негізінде тәрбие мақсатында жету қамтамасыз етіледі.
Б.Г. Лихачев үшін тәрбие үрдісі педагогикалық іс-әрекеттің арқасында ғана әрқашанда нәтижелі. Бірақ, тәрбиеленушілердің бағдарын анықтау барысында, айтып отырған авторымыз, көп жағдайда дәйекті емес екендігін көрсетті. Мысалы, педагогикалық үрдістің бағыттылығын айқындай отырып, ол педагогикалық іс- әрекетпен тұтас тәрбие процесінің объектісін, ең ақырында осы объект үшін жүзеге асатын процес сол, ол, балалрдың өздері болып есептеледі. Мұғалім үшін, бала ықпал ету объектісі ғана болып қоймайды, ол даму үстіндегі, белсенді әрекеттенуші, әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай «өзін-өзі тәрбиелеудің субъектісі болатын» адам. Лихачев педагогикалық үрдістің тағыда бір басқа ерекшелігін- оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді1.
Ю.П. Азаров біртұтас педагогикалық үрдісті рухани-жеке тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық, тәрбие компоненттерінің технологияларының бірлігі ретінде қарастырады. Автор бұл бірлікті жүзеге асыру үшін оқыту — тәрбие үрдісінің дамыған технологиясын жасау керек деп есептейді
Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерінше педагогикалық үрдісте екі белсенді әрекет етуші жақтары — мұғалімдер мен оқушылар екендігі байқалады. Ғылыми әдебиеттерде бар нақтылы материалдар негізінде екі жақтың (мұғалім мен оқушылардың) қарым-қатынастарындағы өздеріне тән стилдерінен педагогикалық үрдістің нәтижелерінің тиімділігі, танымдық іс-әрекеттердің деңгейі ғана емес және адамгершілік тәрбиенің жағдайы да тікелей байланысты деуге болады.
Педагогикалық үрдіске байланысты көптеген ғылыми жұмыстарды оқу нәтижесінде келесі бір қортынды жасауға болады, оның мәні әрқилы авторлардың назарларына бір ғана нәрсе ілікпейді деген тұжырым. Бұл не, олардың бағыттарының принципиалды түрде ұқсамайтындығын көрсете ме? Әрине, олай емес. Бұл тек қана, зерттеушілердің назарын біртұтас педагогикалық үрдіс қана емес, тек оның жеке бір жақтары ғана аударатын көрініс.
Достарыңызбен бөлісу: |