Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет11/22
Дата03.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#78823
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны.
Артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері
1. Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға ойын түрінде түсіндіреді.
2. Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.
3. Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс орындалуын қадағалайды: қимылдың дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан екіншісіне өту ыңғайы. Сонымен қатар артикуляциялық жаттығулар оң және сол жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық жаттығуларды орындау өз мақсатына жетпейді
4. Бала белігілі бір жаттығуды орындау кезінде қиындыққа тап болған жағдайда оған көмек беріңіз: таза шпатель, қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.
5. Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен, балмұздақпен немесе балаңыз жақсы көретін басқа да затпен жағып қойыңыз
Артикуляциялық жаттығулардың түрлері
«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.
«Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
1 тарау бойынша қорытынды
1. Осылайша, ХІХ ғасырдық аяғы мен ХХ ғасырдың басында тұтыға күрделі психофизикалық бұзылыс деген пікір қалыптаса бастады. ХХғ. 50-60 жж. Қарай тұтығу механизмін И.П. Павловтың адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметі туралы, атап айтқанда невроз механзмі туралы зерттеулеріне сүйене отырып қарастыра бастады.
2. Тұтығу симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болуымен күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындауы мүшкін.
3. Тұтығу дамыған елдерде көп кездеседі. Англияла, АҚШ және Ресейде тұтығатын адамдар саны бірдей деуге болады. Статистика бойынша бұрыңғы СССР 250 млн. адам тұрса, соның 6млн тұтығатындар болған. Африка елдерінде мұндай аурумен ауыратындар саны өте аз. Қытайда адам да сирек (бәрақ бұл жерже дамуға емес, тілдің басқа жүйесіне байланысты).
4. Демдік діріл дыбыстық дірілге қарағанда жеңіл жойылады. Клоникалық тұтығу, тоникалыққа қарағанда оңай кетеді, өйткені клоникалық дірілдер бас миы қабығын тітіркендіріп, қоздырады. Сондықтан оларға 2 сигналдық жүйе арқылы әсер ету оңай, ал тоникалық түрі бұл жүйеге беріле бермейді, өйткені оған қабықасты қоздырғыштары тән. 2-4жас аралықтары сәтті кезең болып табылады (жағымды жағдай жасау оңай және тұтығу уақыты аз). Сәтсіз кезең 10-6 жас аралықтары, пубертанты кезең. Жоғалып кеткен тұтығу сақталып қалады да, кез-келген жағымсыз жағдайда қайта туындауға дайын тұрады.
5. Логопедиялық сабақтар – тұтығатын балаға кешенді. Емдік-педагогикалық әсер етудің тек құрамдас бөлігі ғана. Мынадай шараларды жасау керек: медикаментозды ем, физиотерапия, психотерапия, микроәлеуметтік ортаны қалыптастыру. Сонымен қатар таңдалып алынған әдістің адекватылығымен дифференциалдылығы өте маңызды.
6. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың сөйлеуі аритмикалық сипатта болады. Дірілдік, аритмикалық бұзыллыстар сөйлеудің айтылу жағының бұзылуына алып келеді: бірқалыптылығын, мәнерлілігін, логикалық екпінін. Сөйлеу ритмі қатты жүйкелік өозу жағдайында туындайтын эмблофразияның әсерінен де бұзылады. Эмблофразиянв тұтығатын адамның моторлы қызметінің жетілмеуі және оның өз ойын тез анық жинақтай алмауының нәтижесі деп қарастыруға болады.
7. Ойын әрекеті әдісі балалардың жасына, олардың ерекшеліктеріне, тұтығудың байқалу деңгейіне, түзету жұмысының кезеңдеріне байланысты қолданылады. Бұл әдіс ең алдымен тұтығатын мектепке деейінгі жастығу балалардың әлеуметтік бейімделуіне өажетті еліктеушілік, ашықтық, белсенділік сияқты тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеууге бағытталған.
8. Логопедиялық сабақтардың мазмұнынан тұратын ойындар жүйесі келесі ойындардан тұрады: дидактикалық, сазды ойындар, қимыл-өозғалыстық және ережелі ойындар, тақпақ немесе әңгіме негізінде құрылған театр, логопедтің және балалардың өздері ұсынған шығармашылық ойындар. Балалармен жұмыс кезінде ең алдымен ойын әрекеті принципі жүзеге асады.
9. Шартты түрде келесі кезеңдерге бөлінеді: балалардың сөйлеу тілінің шектелуін, сұрақ-жауаптық сөйлеуін, ір түрлі жағдайларда балалардың өз бетінше тілдесулерін зерттеу (шығармашылық ойындарда, сабақта, отбасында, қоғамдық орындарда). Әрбір сабақ балабақшаның бағдарламалық материалын ескере отырып жасалады және түзету дамыту, тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталады. Сабақтардың барлық бөлігі бағдарламалық мазмұнда болатындай етіп құрастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет