Төртіншіден, монетизация заңын ұмытпайық. Моне-
тизация заңы қабілетіңнің ақшаға айналуын қадағалайды.
Бір саланы таңдадың делік. Мұнымен күн көре аласың-
ба? Маған серуендеу ұнайтын шығар, бірақ ол үшін кім
маған ақша төлейді? SMM ұнайды, одан ақша таба ала-
мын, бірақ өзім күткендей көлемде емес. Әрине, табыс
деген міндетті түрде байлық емес. Дәрігер миллионер бо-
луды күтпейді. Ғылым жолына түскен адам, әсіресе, Қа-
зақстанда, миллиондарды армандай қоймайды. Олардың
фокусы басқада, басқа дүниелерден ләззат алады, потен-
циалдарының пайдаланылып жатқанын, өз ісімен айна-
лысып жүргенін сезініп, содан рақат табады. Бірақ қан-
дай кәсіппен айналысу арқылы да өте жақсы өмір сүруге
болады. Адам материалды игіліктердің бәрінен бас тарта
алмайды, өйткені олар рухани өмірімізді жеңілдететін
құралдар. Жеме-жемге келгенде, отбасыңның, жақында-
рыңның алдында жауапкершілігің болады. Адам, қалай
болғанда да, әлеуметтік жаратылыс. Сондықтан мат-
риалды игіліктерге ұмтылуда тұрған ештеңе жоқ. Ұм-
тылу керек, жету керек. Қолымнан келеді, өзіме ұнайды
дегеннің ішіндегі қайсысы сенің қаржылық қажеттілік-
еріңді өтей алады, сол аспектіні ұмытпа.