Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет53/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

 
ГЕОРГИЙ ЦУРЦУМИЯНЫҢ 
ОЛИМПИАДАДАҒЫ ФИНАЛЫ: 
БАРЬEP VS AДЫРАСПАН 
 
 
     Жеңіс жолында жүріп, үйренуді үйрендік, ты- 
рыспайтын болдық, жасаймыз, қабілетімізді 
анықтадық делік. Бұның барлығын бизнес жолында 
жүргендер кәсібін дамыту үшін, мамандар біліктілігін 
арттырып, мансабын жоғарылату үшін істейді. Бірақ 
мен адыраспандар мен барьерлерді (кедергілерді) ерекше 
атап өткен себебім, адамдар қаншама жерден білікті 
маман немесе мықты кәсіпкер бола тұра, өздерінің ады- 
распандары мен барьерлерінен жеңіліп қалады, демек, өз 
жеңісінен алыстайды
 
     Менің командамда керемет мамандар жұмыс іс- 
тейді, бірақ қырсық мінезі мен эгосының салдарынан 
кейбіреулерін қызметтен босатуға тура келді. Өз ісі- 
нің нағыз маманын командамнан шығару мағанда да 
оңайға соқпайтын. Біз жеңіс жолында жүріп, көптеген 
құрбандыққа барамыз, білім жинаймыз, шыңдаламыз, 
өзгереміз. Бірақ, аяғымыз адыраспандарға келгенде ша- 
лынады. 
     Спортта да дәл солай, осыған қатысты мысалым да 
бар. Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Цур- 
цумия 2004 жылы Афинада грек-рим күресі бойынша 
финалға шығып, ресейлік палуанмен күреседі. Күрес екі 
раундтан, әр раунд үш минуттан тұрады, жалпы алты ми- 
нут жүреді. 
     Екi де нөл есебімен жеңіп келген Цурцумия жекпе-жек- 
тің аяқталуына бір минут қалғанда, күрестің ең қара- 
пайым «подсечка» деген әдісіне түсіп қалып, ұтылады. 
 
 


 
124
 
 
 
Әрдайым күрестің ең қиын әдістерін үйренген, соларға 
қарсы әрекеттенуге дайындалған ол, қарапайым әдіске 
ұсталып, жеңіліс тапқан. 
     Өмірде де бұндай жағдайлар орын алады. Өзіміздей 
қарсыласымыз ретінде өмір жолымызды көрсек, оны 
жеңу үшін мықты әдіс-тәсілдерді үйреніп, оларды пайда- 
ланамыз. Алайда, өкініштісі, 90%-ымыз «подсечкадан» 
жеңіліс табамыз. Бұл дегенім, адыраспандардан арыла 
алмаймыз. 
     Адыраспандармен күресу оңай емес, бірақ күн сайын 
өзіңмен жұмыс жасау арқылы, сенің оларға төтеп беруге 
мүмкіндігің бар, әрине ол үлкен күшті талап етеді. Әр- 
дайым олармен алысасың. Негізінде, бізді екінші қы- 
латын, біздің идеалды нұсқамыздан алыстататын – осы 
адыраспандарымыз. Кей кезде қырсықтығын ұстап, эгоң 
ойнап жатса, әрдайым ойыңда ұста: «Сен қазір не екінші 
боласың немесе бірінші боласың». Сондықтан да, екінші 
болмай, адыраспандарымызды жеңуге аса мән берейік. 
 
 
Осы QR кодты сканерлеп Георгий Цурцумияның 
олимпиададағы жекпе-жегін көре аласың 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет