Қуаныш шонбай


Біз көбінде Алланың берген мүмкіндіктерін дұрыс



Pdf көрінісі
бет67/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

Біз көбінде Алланың берген мүмкіндіктерін дұрыс 
бағаламаймыз. Оның сыйлығының бірі – бізге жіберетін, 
адамдары болуы мүмкін. Кейбір адамдармен тиісінше 
қарым-қатынас ұстай алмадық, соның кесірінен, 
мүкін, қазір қиналып жүрген шығармыз? Құдай бізге 
өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Адамдар арқылы. 
 
 
     Сол мүмкіндікті жіберіп алмаудың жалғыз жолы  
адамдарға зейін қою. Әр кездескен адам біздің өмірлік 
жолдасымыз болмайды. Бірақ бұл кездескен адамды «бір 
күндік таныс» деп назарсыз қалдыру керек дегенді біл- 
дірмесе керек. Өмір бір кездестірген адаммен жолыңды 
тағы да түйістіреді. Сол кезде оған көңіл қойғаның қан- 
шалықты дұрыс болғанын түсінесің. 
     Егер берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансаң, 
сенің әр танысың керек адамға айналады. «Алты алақан 
теориясы» («Теория шести рукопожатий») деген тео- 
рияны білетін боларсың. Дүние жүзіндегі әр адам бірі- 
мен-бірі таныс болып шығады. Ешқашан мән бермеген 
әріптесің, танысың, өміріңді өзгертіп жіберетін адаммен 
таныстыруы мүмкін. 
     Бұл орайда Билл Клинтонның әдісі назар аударар- 
лық. Оксфордта студент кезінде ол университетті бітіріп 
жатқан Джефри Стэмпспен танысады. «Джеф, мұнда  
немен айналысасың?», – деп сұрайды. «Пемброк кол- 
леджінде оқимын», «Пемброк» деп жазып қояды. «Қан- 
дай мамандықта? Оған дейін не істедің?», – деп сұрақ 
үстіне сұрақ жаудырады және жауапты жазып қояды. 
«Неге оның бәрін жазып жатырсың?»,
 
– деп сұраған жаңа 
танысына болашақ президент: «Арканзастың губернато- 
ры болғалы жүрмін. Сондықтан өзім танысқан адамдар 
дың бәрі туралы ақпаратты тізіп жүрмін», – деген екен. 
 
 


Жүйе деген керемет нәрсе. Өміріңнің барлық саласына 
қатысты болмаса да, кейбір саласына қатысты тізімдер 
жасап отыру аса маңызды. 
     Байланыстардың сапасы. Байланыстардың саны көп 
болғаны жақсы. Бірақ оның сапасы одан гөрі маңызды. 
Өкінішке қарай, бізде көп адамдар нетворкингтің күшін 
дұрыс бағаламайды. Тек жұмыс барысында, өзіне қажет 
кезде іздей бастайды. Ал Джелаледдин Румиді тыңдасақ, 
адаммен ол жай ғана адам болған соң да араласу керек. 
«Керек кезде ғана іздейді екен» деген ойдағы адам саған 
жақсылық жасап жарытпайды. 
     Сьюзан Роан айтады: «Сіздің не білетініңіз маңыз- 
ды емес, сіздің кімді білетініңіз де маңызды емес. Сізді 
кімнің білетіні маңызды». Таныс-тамыр деген қазақ ой- 
лап тапкан нәрсе емес. Бүкіл дүние жүзі сол жүйемен жұ- 
мыс істейді. 
     Мүмкін, басқаша атайды. Таныстықтың бекуіне септе- 
сетін бірнеше техника бар. 
     Оның біріншісі, таныстықты бекіту. Сен бір жиында 
жақсы адаммен таныстың делік. Нөмірлеріңді алмас- 
тыңдар, сосын ұмытып кеттіңдер. Келесіде, шаруа бары- 
сында сол адамға өтініш айтқың келсе, телефон тұтқа- 
сын көтере алмайсың, өйткені танысқаннан кейін жа- 
йына қалдырдың. Кейт Феррацци жоғарыдағы кіта- 
бында танысқан адамға ертесіне хабарласып, өзің тура- 
лы есіне салу жайында айтады. Қандай да бір сұрақ 
қоюға болады немесе қызықты ақпаратпен бөліс, жай 
ғана халін сұра. Әйтеуір, өзің туралы ақпараттың оның 
миында бекуіне әсер еттің. 
     Екіншіден, нетворкингтің алтын ережесі, таныстарды 
іздеп тұру. Иә, уақыт жоқ. Бәрінде бәріне уақыт жетпей- 
ді. Бірақ табысты адамдардың бір әдеті, ол да Трейсидің 
кітабында айтылып кеткен, жан-жағындағы адамдарды 
түгендеп отыру. Таныстардың халін сұрап тұру. Біздің 
менталитетте, әсіресе, үлкенге сәлем беріп тұру міндеті 
саналады. Ағалар өздерін іздеп тұратын інілерді жақсы 
көреді. Бірақ інілер де өзін іздеген ағаларды жаман көр- 
 
 


 
160
 
мейтінін ұмытпайық. Үлкенге де, кішіге де өзің хабарла- 
сып отыратын адам болсаң, адамдардың жаңалықтарын 
біліп отырасың және қажет кезде бір-бірімен жалғап, 
әлеуметтік байланыстардың орталығында боласың. 
Өзіңе қандай да бір қызмет, тауар, не ақпарат керек кезде 
кімге қоңырау шалсам деп те қиналмайсың. 
     Қандай кеңес бере алам? Күніне бес қоңырау жасауды 
әдетке айналдыру. Телефонындағы «Контактілер» деген 
бөлімшені ашта, күніне бес қоңырау жаса. Ешқандай 
себепсіз, ешқандай есепсіз. Ертесіне тағы да бес қоңы- 
рау. Солайша, таныстарыңның шеңберін арттырып қана 
қоймайсың, оның сапасын да арттырасың. Ал өзгелерге 
хабарласу, күнделікті шаруаның бөлігіне айналады. 
     Көп адаммен байланыста болудың артықшылығын 
әлеуметтану ғылымы да дәлелдеген. Роберд Уолдин- 
гердің жиырма миллион рет қаралған «Жақсы өмір сүру 
үшін не керек?» (What makes a good life? Lessons from 
the longest study on happiness) деген дәрісі бар. Сонда 
әлеуметтанушы ғажайып қорытындыға келеді. Бірақ 
алдымен ол әңгімелейтін зерттеудің өзі туралы. 
     Америка ғалымдары 75 жыл бойы 724 адамның өмірін 
бақылаған екен. Бала күндерінен жыл сайын олардың 
жұмысы, денсаулығы, тұрмысы, отбасы, т.б. жайында 
ақпар тіркеп отырады. Кедейлеу және ауқаттырақ 
аудандардан шыққан 724 адамның ішінде бірнеше 
президент, Нобель сыйлығының иегері, бизнесмен, 
Голливуд жұлдызы және басқа да түрлі адамдар бар 
екен. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен және ұзақ 
әлеуметтік зерттеу десе де орынды. Сонда олардың 
жасаған қорытындысы, адамды бақытты қылатын ақша 
емес екен. Атақ та емес екен. Билік те емес екен. Адамды 
бақытты қылатын – адамдармен қарым-қатынас сапасы. 
Әлеуметтік өмірі неғұрлым оңды болса, сол адамның 
денсаулығы мықты келеді және ұзақ жасайды екен. Ал 
жалғыздықтан жапа шегетін адамдар ауруға да бейім 
келіп, дүниеден ертерек өтеді екен. Ал, осыдан кейін 
коммуникацияның қажеттілігін қалай жоққа шығарасың? 
 
 


     Керек байланыстар. Күнделікті кездейсоқ байла- 
ныстардан бөлек, бізге өте керек байланыстар болады. 
Оларды сәтін салар деп, қол қусырып күте беруге 
болмайды. Өзің іздеп, табуы керек. 
     Жалпы, бәрін білемін деп санайтын адамдардан 
қорқақтаймын. Әсіресе бұл пікірім, білімді жеткізуші 
адамдарға қатысты. Маған дүниеде ешқандай жеңіске 
жетпеген адамдардын ақылын тындаған ауыр. Бірде-бір 
компанияны аяғынан тұрғызбаған, бірде-бір жобаны 
іске асырмаған, бірде-бір жеңіске жетпеген. Әрине, 
мұндай қатынас теріс болып көрінуі мүмкін. Алайда 
менің философиям – тұрақты түрде өсу, өзгеру, оқу, 
үйрену. Бірақ қайдан, кімнен үйренесің? Өзіңнен артық, 
өзіңнен білімді, өзіңнен гөрі елеулі жеңіске жеткен 
адамдардан үйрену керек. 
     Кейт Феррацци
51
 «Никогда не ешьте и одиночку и 
другие правила нетворкийга» деген кітабында керек 
байланыстар мақсатқа жетелейтін ең жақын жол екенін 
айтады. Яғни, мақсат қойғанда, оған жетуге көмекте- 
сетін адамдардың тізімі бірге жүреді. Бірақ бұл, сен іс 
бастайтын кезде, не жұмыс іздегенде ғана адамдарды із- 
деуің керек деген сөз емес. Керек адамдарды күн сайын 
іздейсің. 
     Бір жылдары бастаған ісімде берске жоктай күйде 
жүрдім. Жұмыс бар, ақша да бар сияқты. Бірақ бірдене 
жетіспейді. Қанатымды кеңге жая алмаймын. Бір күні 
ұйықтап жатсам, әкем оятады. «Тұршы, Қуаныш, теледи- 
дарға қарашы, Бауыржан Оспанов сөйлеп жатыр», – дей- 
ді. Бұл, «ЖерСу» корпорациясының президенті, белгілі 
кәсіпкер Бауыржан Оспановтың теледидардан түспей, 
медиатұлға болып тұрған кезі. «Жастарға, көмектесем, 
талантты жастармен жұмыс істегім келеді» – деп сұхбат 
беріп жатыр екен. Әкемнің көмектескісі келгені ғой. Егер  
сол сәтте Оспановқа шығатын мүмкіндігім болса, міндет- 
ті түрде оның алдына барар едім. 
___________ 
51
 Кейт Ферраши – әлемдегі N1 нетворкер. «Greenlight» консалтингтік компания- 
сының негізін қалаушы және басшысы 
 


 
162
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет