Ундарға (Ғұндар) Руа патшалық етті. Ол Истра бойын қоныстанған және Римдіктермен одақтасуға ұмтылып жүрген Амилзурларға, Итимарларға, Тонесурларға, Войсколарға қарсы соғыс ашуды шешті



бет5/7
Дата07.01.2022
өлшемі66,98 Kb.
#18698
1   2   3   4   5   6   7
6-шы үзінді.

(447 по Р. X.; Феод. 40-й).

(Там же: Р. 36, 37; В. 145).

Бейбіт келсім жасала салысымен-ақ Аттила қашып өткендерді қайтаруды талап етіп шығыс империяға жаушы жіберді. Жаушылар жақсы қабылданды, сый-сияпатқа көмілді, сосын Римдіктерде ешқандай да қашып өткендер жоқ деп қайтарылды. Аттила басқа жаушыларды тағы да аттандырды. Олар да олжалы оралған соң үшінші елшілерді, одан соң төртіншісін жіберді. Аттила Римдіктердің мырзалығын білгендіктен және оны бейбіт келісім бұзылмасын деп қорықаннан жасайтынын білгендіктен өз маңындағы кімге жақсылық жасағысы келсе соны әр түрлі ұсақ-түйек себеп-сылтаулармен Римдіктерге жиберіп отырды. Римдіктер оның талаптарының бәріне де құлдық ұрды; оның тарапынан жасалған әр түрлі мәжбүрлеулерге билеушінің бұйрығы сияқты қарады. Олар оның жалғыз өзімен ғана соғыс жүргізуге қорыққан жоқ, соғысуға дайындық жүргізіп жатқан Парфияндықтар да, теңіз жағынан мазасын алып жүрген Вандилдардан да, тонау үшін бас көтерген Исаврлардан да, державаның шығыс аймақтарына қайта-қайта шабуыл жасап жүрген Саракиндерден де, бұларға қарсы күресуге бірігіп жатқан Эфиопиялық халықтардан да қорықты. Осының бәрінен үрейленген Римдіктер Аттиланы барынша сылап-сипады, еркелетті, ал қалған халықтарға қарсы әскер жинап, басшылар тағайындап соғысқа дайындала бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет