Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАРДЫҢ КӚМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет401/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   527
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАРДЫҢ КӚМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ 
 
ЖАРЫЛГАПОВА Д.М., 
педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін 
атқарушы, 
БИБОЛАТ М.Д., 
2-курс магистранты, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,Қызылорда қ., Қазақстан 
Республикасы 
 
Кіріспе. 
Пәнге деген қызығушылықты дамыту оқытылатын материалдың 
мазмұнына толық сүйену мүмкін емес. Егер оқушылар белсенді әрекетке тартылмаса, 
онда кез келген мазмұнды материал олардың пәнге деген ойшылдық қызығушылығын 
оятады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетіп, 
кеңейтеді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Үйірме сабағында, конференцияда 
немесе кеште осы немесе басқа құбылыспен танысқан оқушы оның мәнін тереңірек 
түсінуге тырысады, қосымша әдебиеттерді оқуға құштар болады. 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
380 
Зерттеудің материалдары мен әдістері. 
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға 
келесі талаптар орындалуы керек: 
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімін тереңдетіп, кеңейте отырып, 
олардың назарын оқу бағдарламасының негізгі мазмұнынан бұрмауға тиіс; 
Сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбие жұмысының тығыз 
байланысы қажет. Дегенмен, сыныптан тыс жұмыс оқу жұмысының қарапайым жалғасы 
болмауы керек; 
Оқушыларға оқуға ұсынылатын материал оларға қолжетімді, жасына, даму 
деңгейіне сәйкес болуы керек; 
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары 
әрқашан оқушылардың қызығушылығын тудыруы керек; 
Оқушылардың физикалық эксперимент бойынша ӛзіндік жұмысына олар үшін ең 
қызықты жұмыс түрі ретінде үлкен мән беру керек; 
Жеке, топтық және ұжымдық жұмыс арасында терең байланыс болуы керек; 
Жұмыстың еріктілігін оны орындау міндетімен ұштастыру қажет; 
Сонымен, оқушылармен сыныптан тыс жұмыс, жас физиктермен және 
техниктермен бірігп жасалынатын жалпы білім беретін мектептердің бүкіл оқу-тәрбие 
қызметінің органикалық бӛлігі және маңызды элементі болып табылады. Бұл барлық 
мектеп оқушылары үшін міндетті бағдарламаларға сәйкес сыныпта жүргізілетін 
жұмыстардың жалғасы және дамуы. 
Физикадан сыныптан тыс жұмыстың сабақтармен ұқсастығы мынада: екі сабақ түрі 
де физикаға арналған және екеуі де шамамен бірдей жалпы білім беру, тәрбиелеу және 
дамыту мәселелерін шешеді. 
Айырмашылықтары, келесідей: сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы белгіленбейді, 
оны мұғалімнің ӛзі немесе оқушылармен бірге соңғысының бейімділігі мен қалауы мен, 
әрине, мүмкіндіктеріне сәйкес таңдалынады. Сабақтар міндетті бағдарламаның қатаң 
ережелерімен және оқу уақытының шегімен шектелмейді. Олар толығымен дерлік 
оқушылардың бастамасымен құрылған болады. 
Сыныптан тыс жұмыстардың сабақтағы оқу іс-әрекетінің оқушылардың 
қызығушылықтарына сәйкес келмейтіндігін жоюға мүмкіндіктері мол. Дәл осы 
ерекшеліктер сыныптан тыс жұмысты міндетті тәрбие жұмысынан ажыратып, оның 
оқушылар үшін тартымдылығын анықтайды. Ал мұғалім одан шәкірттерімен байланыс 
орнатудың, оларға әсер етудің басқа арнасын кӛреді. [1] 
Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс, бір жағынан, осы пәнді оқытудың құрамдас 
бӛлігі болса, екінші жағынан, жалпы білім беретін оқу орнындағы бүкіл оқу процесінің бір 
бӛлігі болып табылады. Оның бұл екі қызметі бір-бірімен тығыз байланысты, оның 
алдында тұрған проблемалар мен бүгінгі күннің ерекшеліктеріне байланысты ӛзіне тән 
белгілерді анықтайды. 
Сонымен, сыныптан тыс жұмыс деп, мақсаты танымдық қызығушылықтарды, 
шығармашылық қабілеттерді дамытуға, олардың білімін тереңдету мен кеңейтуге, мектеп 
оқушыларының кӛңілді демалуын қанағаттандыруға және қамтамасыз етуге бағытталған 
сыныптан тыс факультативтік, ерікті, арнайы ұйымдастырылған сабақтар деп түсініледі. 
Сыныптан тыс жұмыстарды зерделеуге арналған әдістемелік әдебиеттерді талдау 
физикадан сыныптан тыс жұмыстардың оқу процесіндегі рӛлін анықтауға мүмкіндік 
берді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет