Вариативтік компонент: Хореография «Би үйренеміз» «Балапан» ересек тобы



бет2/2
Дата27.02.2023
өлшемі76 Kb.
#70227
1   2
Байланысты:
Вариативтік компонент Би үйренеміз

Би өнерінің мақсаттары: Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру. Балалардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Би үйірмесінің міндеттері:
 Сезіну, есту қабілетін дамыту.
 Қимыл - қозғалыс аппараттарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.
 Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.
 Музыкалық шығармалардың буын - ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.
 Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.
 Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.
 Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.
 Балалардың би әуендерін сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту, есте сақтау ілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс - тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін - өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады

Бекітемін:


«____» тамыз 2021 жылғы №1 педагогикалық
кеңестің шешімімен «Алтын балық»
бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:
___________ Т.Сариева
Вариативтік компанент: Хореография




Тақырыбы

Мақсаты

1

«Қуыршақ Әйгерім балалардың қонағы»

Би қимылдарын және ойын музыкалық әрекеттерін орындауға талпындыру

2

«Бала,бала балапан»

Дене мүшелерін игеріп қолды,аяқты қимылдатаотырып әуенмен бірге қимылдар жасауға үйрету.Ырғақрен ілесе қимыл жасауға дағдыландыру.

3

«Туған өлкем»

Балалрды қазақтың халық шығармашылығымен таныстыру,ұлттық мәдениетке қызығушылығын дамыту, әр ұлт адамдарына деген достық пейілін тәрбиелеу.

4

«Көңілді балалар»

Музыканың сипаты өзгергенде қимылдарында өзгерту дағдыларын дамыту. Бидің қимылдарын салмақтықпен орындауға талпындыру,шығармашылық қиялды дамыту.

5

«Кел жемісті алтын күз»

Әр түрлі жапырақтармен таныстыру,әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру.

6

«Жемістер бағында»

Балаларды ойын-музыкалық және би іс-әрекетінде өзінің шығырмашылығын танытуға талпындыру.

7

«Күзгі қойма»

Музыканы тыңдай отырып ішкі сезімін ояту.Қимылдарды ілесе қайталату.

8

«Құстар алаңында»

Үй құстары тауық,үйрек,қаз туралы түсінігін, қимыл қозғалыстарын анықтау.

9

«Менімен биле досым»

Қимылдарды музыканың ерекшелігімен үйлестіру дағдыларын дамыту. Кеудесін тік ұстауын үйрету.

10

«Қане,қызық ойын бар»

Музыка ырғағына сай қимылдар жасауға үйрету, музыкалық есту қабілеттерін арттыру.

11

«Мерекелік ән мен би»

Ырғақпен нық басып жүруге,әуенді сезіне білуге баулу, Балалар мерекелік көңіл күй сыйлау,белгілі әуенге қимылдар жасауға үйрету.

12

«Күшігім менің»

Әнді тыңдауға және әуенге жеңіл қимыл-қозғалуға, шеңбер бойымен
тұруға,жүгіруге дағдыландыру.Жануарларға деген қамқорлығын сезіну.

13

«Қыс өрнегі»

Қимылдардың орындалу тәсілдерін қабылдауын дамыту, музыканың ерекшеліктерімен және мәнерлік тәсілдерімен қимылдарына көңіл бөлу.

14

«Қазақстан-кең байтақ елім»

Еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

15

«Жасыл шыршы жанында»

Музыкалық шығармашылықты танытуға ниеттендіру,көңілді бидің өзгешілігін озіндік білдірулерін талаптандыру.

16

«Жаңа жылдық-хоровод»

Музыкалық ойындардың, билердің жекелеп қабылдауын дамыту.

17

«Көңілді достар»

Музыкалық шығармашылықты танытуға ниеттендіру,көңілді бидің өзгешілігін,өзіндік қимыл қозғалыстарын білдірулеріне талпындыру.

18

«Орманға саяғат»

Музыкалық ойындардық, билердің, қимылдардың қабылдауын дамыту.

19

«Қарша қыз бізде қонақта»

Есте сақтау қабілетін дамыту, ырғақты сезіну.

20

«Ақ тиін»

Сюжетті-рөлді ойындарға қатысуға қабілеттерін әрі қарай дамыту, әуенді есту,сезіну,әнді бірге бастап, бірге аяқтап хормен айтуға үйрету.

21

«Әйгерімнің қуыршағы және оның достары»

Кеңістікте бағдарлауға үйрету,түзеу сызықтың бойымен бірінің артынан бірі ырғақты жүру,жұптық шеңбер бойынша қозғалуға үйрету.

22

«Петрушка бізге қонаққа келді»

Қимыл қозғалыстардың нақты орындалу дағдыларын дамыту.

23

«Біз осындай үлкенбіз»

Еркін бидің қимылдарын салмақты шығармашылықпен орындауға,бірдей би қимылдарын мәнерлеп орындау.

24

«Ағайынбыз бәріміз»

Билеуге, ойнауға қызығушылықтарын дамыту, меңгерту.

25

«Армысың,әсем көктем»

Биге қызығушылықтарын,музыкадағы бейнелерінен алған әсерін және оған қатынасын білдіруге тәрбиелеу.

26

«Анашым үшін билейміз»

Баланың тіршілігімен,әрекетімен байланысты халық және заманауи репертуардың әуенін және қимылдарын қабылдауын белсендіру.

27

«Наурыз-достарын қарсы алады»

Наурыз мерекесімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне бейімдеу, таныс туындыларды эмоционалдықпенорындауға талаптандыру.

28

«Атам ауылында қонақта болғанда»

Ұлттық музыкаға,қазақ халқының ойындарымен би қимылдарын орындау,шығармашылық қабілеттерін таныту дағдыларын дамыту.

29

«Сайқымазақтың достары бар»

Балалар ойын арқылы көңіл күйлерін көтеріп,есту,тану,еліктеу,сезімдерін қалыптастыру.

30

«Марш әртүрлі болады»

Марш жанрының ерекшеліктерін ажырата алуға үйрету, «Марш,сап,түзеп жүру» түсініктерімен таныстыру,музыкалық-ырғақтық бейімді дамыту.

31

«Алтын айдарлы әтеш»

Ойынның, бидің сюжетті мазмұнын қабылдауға және түсінуге бейімдеу. Қашу,ұстау,тығылу-табу,оңай композицияны жете түсіну.

32

«Би әртүрлі болады»

Қимылдарды музыкалық сүймелдеумен еркін, үйлесімді,ырғақты орындау. Балаларды таныс репертуарды өздігінен орындауға бағдарлау.

33

«Би билейміз»

Әр түрлі халаықтардың билерінің ерекшеліктерімен таныстыру, қазақ халқыныңбилерін орындау дағдыларын дамыту.

34

«Менімен биле досым»

Қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту.

35

«Балабақшаға баруға қуаныштымын»

Би билеу техникасының негіздерін үйрету,барлығымен билеу,жалғыз жұпта ересектің көмегімен жіне өздігінен би билеу.



36

«Көңілді би»

Би, ойын, хороводтарды орындауға қызығушылықтарын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет