Векторы. Операции над векторами



бет1/4
Дата23.12.2022
өлшемі198,74 Kb.
#59174
  1   2   3   4
Байланысты:
анықтауыш, толықт, пысықт.синтаксис


Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, түрлері, жасалуы
Дәріс жоспары:
Анықтауыш және оның түрлері, жасалуы
Толықтауыш және оның түрлері, жасалуы
Пысықтауыш және оның түрлері, жасалуы
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері –сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыратын мүшелер.

Анықтауыш – зат есімдерден не олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әр түрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше. Мағынасы мен құрылысына қарай:

Сапалық – сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыш:... сұр бұлт торлады. Меншіктік – ілік жалғауында ай-тылған анықтауыш: Қыздың шашы қара.

Дара – бір сөзден болған: Жас бала кірді. Күрделіөзара атрибутивтік қатынаста келіп, түйдекті тіркесімен басқа зат есімді анықтайды. Ұзын бойлы кісі енді. Үйірлі –предикаттық қатынаста тұрып, басқа зат есімдерді анықтайтын анықта-уыш: Бойы ұзын жігіттер кірді.

Анықтауыштың жасалуы
Сын есімдерден: Жүйрік поезд жол тартқан. Кең алқапты жазық дала көрінді.
Сан есімдер мен сілтеу есімдіктерінен: Сөз төртінші алаңнан Перизатқа берілді. Он екінші ұтыс тиражы өткізілді. Мына қағазды ал.
Есімше мен зат есімнен: Өсер малда өлім жоқ. Оқыған кісі көп біледі.
Толықтауыш және оның түрлері
    • сөйлемде баяндауышқа тән іс-қимыл процесінің нысанын білдіретін, не іс-қимылдың ықпалына ұшырайтын тұрлаусыз мүше.

Толықтауыш
    • Өзі бағынған сөзбен табыс, шығыс, барыс, жатыс, көмектес жал-ғаулардың бірінде жұм-салады

Олар ...табыс-тарын баянды етті. ...таудан асты. ...тауға барды, таумен келді.
Толықтауыштың түрлері
Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады. Сырқаттың емін табуды арман еткен.
Барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталады.
Жанат Жантаспен ұзақ сөйлесті. Ойыл түтік арқылы бас арыққа құйып тұр. Ондай мінез кейбіреулерімізде әлі де бар. Бұл хабарды газеттен оқыдым.
Жанама толықтауыштардың мағыналары

Барыс септігіндегі жанама толықтауыштар қимылдың кім-ге, неге арналғанын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет