Векторы. Операции над векторами


Бактериоздарға – шіріткіштердің түрлері, тіндер некроздары, өсімдіктердің солуы, ісік дамуы және т.б. жатады



бет4/4
Дата12.05.2023
өлшемі1,6 Mb.
#92678
1   2   3   4

Бактериоздарға – шіріткіштердің түрлері, тіндер некроздары, өсімдіктердің солуы, ісік дамуы және т.б. жатады.

Жалпы бактериоздар өсімдіктің толық немесе оның жеке бөлімдерінің өлуін туғызады.

Жеке бактериоздар өсімдіктің жеке бөлімдерін зақымдаумен шектеліп, паренхималы тіндерде көрініс береді.

Бактериоз қоздырғыштары зақымдалған тұқым, ауру өсімдік қалдығы, топырақ, ауа, су, жәндік, моллюска т.б., арқылы беріледі, ауру паренхиматозды сипатта дамиды.

Erwinia туыстастығы өкілдері күйік, солу, ылғалды немесе сулы шірінді типті ауру шақыратын түрлерден тұрады.

Pseudomonas туыстастығы бактериялары жапырақтарда әртүрлі боялған, өсімдік түріне байланысты мөлшері әртүрлі түрлі-түсті дақтар түзеді.

Агробактериялар өсімдіктерде әртүрлі ісіктер тудырады. Ісіктің дамуы онкогенді плазмидамен қоздырылады.

Вирустар өсімдіктерде мозаика және сарғыштану ауруын қоздырады. Мозаикалық ауруда өсімдік өсуі төмендеп, зақымдалған жапырақ пен өнімде дақты түс көрінеді. Сарғыштану өсімдіктің ергежейлігімен, көптеген бүйір өскіндерінің, гүлдерінің т.б. өзгерістерінен байқалады.

Фитопатогендермен күрес шаралары

Фитопатогенді микроорганизмдермен күресу шаралары:

- төзімді өсімдіктер өсіру,

- тұқымды тазалау және өңдеу,

- топырақты залалсыздандыру,

- зақымдалған өсімдіктерді алып тастау,

-ауру қоздырғышын тасымалдаушылар-

ды жою.

Фитоиммунитет

Өсімдіктің кез келген түрі тек белгілі бір қоздырғышқа сезімтал, ал қалғандарына оның әсері болмайды. Осы құбылыс түрлік иммунитет деп аталады, қазіргі кезде сорттық иммунитет туралы зерттеулер жүргізілуде.

Сұрыпталған, сапасы жоғары өсімдіктер өкілдерінде иммунитет жоғары, сол себепті оларды фитопатогендердің ерекшеліктерін ескере отырып сақтау, көбейту тиімді жолдардың бірі саналады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет