CorelDRAW — Corel корпорациясымен жұмыс істейтін векторлы графикалық редактор.
Corel Draw мүмкіндіктері
СorelDRAW – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал.
CorelDRAW арқылы қисықты, геометриялық фигураны немесе мәтін әрпін оңай құруға, және өте жоғарғы дәлдікпен олардың формасын өзгертуге, мәтінді берілген қисық сызық бойымен орналастырылуға болады. Әртүрлі құралдарды бірге қолдану арқылы CorelDRAW-да өте көп графикалық эффектер: мәтін қатарын немесе графикалық объектіні изометриялық бейнеге түрлендіруге, иілдіруге, сызықпен қоршауға, айналдыруға, айнадағы бейнесін алуға, үшөлшемді эффектер алуға т.с.с. көптеген жұмыстарды жасауға болады. Corel Corporation графикалық редакторы CorelDRAW атаулы Канада фирмасының өте үлкен мүмкіндіктеріне, дайын бейнелер кітапханасының үлкендігіне байланысты ең белгілі, көп тараған бағдарламалардың бірі болып отыр. Кейбір құралдарының басқа графикалық редакторларда жоқ болуы оның ерекшелігін айқындай түседі.