Ветеринария факультеті



бет51/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Еттің тығыздығын анықтау. Ол үшін еттің үстін саусақпен басады да, пайда болған шұңқырдың тез орнына келу жылдамдығын бақылайды.
Жас ет кескенде тығыз, шымыр, саусақпен басқанда пайда болған шұңқыр тез орнына келеді. Балаусалығы төмен ет бостау, серпінділігі нашар, саусақпен басқандағы шұңқыр 1 минут шамасында орнына келеді, майы жұмсақ. Бұзылған ет кескенде жұмсақ, бос, саусақпен басқандағы шұңқыр орнына келмейді, майы жұмсақ. Еттің консистенциясын оның температурасы +150, +200 шамасында анықталады. Еттің иісін анықтау. Алдымен еттің иісі беткі қабатынан, артынан жаңа кесілген жерден анықталады. Ұшадан немесе жіліктелген еттің иісін анықтағанда сүйекке жақын бөлшектерден бастау маңызды. Жас еттің сойылған мал түріне орай өзіндік хош иісі бар. Ал балаусалығы (ескірген) күдікті еттен қышқылдау немесе аздап борсыған, қышқыл немесе сасыған.
Сорпаның мөлдірлігі мен хош иісін анықтау. Бұл үшін сорпаны қайнату үлгісі жүргізіледі. 20 гр ет мылжасын 100 мл колбаға салып үстінен 60 мл дистилденген су қосылады. Етті сумен араластырып, бетін жауып, қайнап жатқан су моншасына қояды. Сорпа иісін одан бу шыққан кезде анықтайды. Сорпаның хош иісін анықтаумен қатар оның мөлдірлігі немесе сорпа бетіндегі майдың жағдайы да анықталады. Ол үшін 20 мл сорпа сиымдылығы 25 мл, көлденеңі 20 мл цилиндрге құйылады. Жас еттің сорпасы хош иісті, мөлдір. Сорпа бетінде ірі май тамшылары байқалады. Ескірген еттің сорпасының хош иісі байқалмайды, бұлыңғыр, кейде мөлдір. Бұзылған ет сорпасы бұлыңғыр, көбігі көп, жағымсыз иісті. Сорпа бетінде май тамшылары байқалмайды.
3.Бактериоскопиялық тексеру. Төсеніш әйнектің үстіне тексерілмекші еттен екі жұғынды дайындайды (бет жағынан және орта жағынан), кептіреді, жалын үстінде аптайды және Грам әдісімен бояйды. Балауса еттен дайындалған жұғындыдан ешқандай микроб болмайды немесе бірлі-жарым болуы ықтимал. Күмәнді еттің жұғындысынан нүкте тәрізді микробтар (20-30) және бұзылған еттен дайындалған жұғындыдан микробтар, ішек таяқшалар көптеп кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет