Ветеринария факультеті



бет66/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Жылқының басын тексеру. Жылқының басын тексергенде, оның кеңсірік сүйегін балтамен шауып, кеңсірігін және бастың барлық лимфа түйіндерін тың-ғылықты байқаудан өткізеді, маңқаның бар-жоқтығы анықталады. Көмекей мен көмекей безін кесіп қарайды.
Ағзаларын тексеру. Өкпе-бауырды тексергенде олардың лимфа түйін-деріне (көкірек қуысы, бронхтар, бауыр) көңіл бөледі; өкпені ұстап қарайды, пышақпен кесіп, маңқаның түйіндерін іздейді. Жүректі кесіп, қуысын қарайды. Бауырды алдымен сыртынан қараса, кейіннен кесіп қарайды, маңқа мен холикоздың түйіндерін іздейді.
Ұшасын тексеру. Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері - алдыңғы, ортаңғы және артқы болып үшке бөлінеді. Алдыңғы лимфа түйіні жұтқыншақ пен көмекейдің артында, кеңірдектің үстінде, қалқанша бездің төменгі жағында жатады. Ортаңғы лимфа түйіні мойынның орта бөлімінде орналасқан. Артық лимфа түйіні кеңірдектің үстінде, бірінші қабырғаның алдында жатады. Лимфаны мойын еттерінен, желкеден, жақ сүйектерінен, шықшыт бездерінен мойын омыртқаларынан, көмекей мен өңештен жинайды. Лимфа шығаратын өзектері кеңірдек лимфа өзегімен қосылады
Бұзаудың еті мен ағзаларын қарау тәртібі негізінен ірі қараның ұшасы мен ағзаларын тексеру тәртібімен бірдей. Бірақ, тіліп қарағанда лимфа түйіндері шырынды келеді және үлкенірек болады.
Бұзаудың етін тексергенде кіндігі мен құрсақтың көк еті және буындарына ерекше көңіл аударады. Әдетте, сепсисте, бұзаудың кіндігі зақымданады, буындары ісіп жуандайды. Мұндай бұзаудың еті бактери-ологиялық тексеруден өткізіледі, ал ағзалары браққа шығарылады.


Бақылау сұрақтар?
1. Ірі қара басын тексеру тәртібі
2.Жылқының басын тексеру тәртібі
3. Түйенің басын тексеру тәртібі
4. Ішкі ағзаларды тексеру тәртібі
5. Ұшаны тексеру тәртібі


Қолданылатын әдебиеттер:
1. Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М. «Ветсансараптау практикумы», Алматы, 2013 жыл.
2.Горегляд Х.С. В.А.Макаров и др.Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства. Издательство Колос. М-1981
3. Боровков М.Ф., и др. ВСЭ с основами техн-гии и станд-ии прод-ов животн-ва, Санкт-Петербург, 2007г
4. ТелеуғалиТ.М., Қырықбайұлы С "Малдәрігерлік-санитариялық сараптау және малшаруаш. өнімд. Технологиясы мен стандарттау негіздері. Алматы, 1998 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет