Витаминдер аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар лат вита



бет11/11
Дата06.01.2022
өлшемі25 Kb.
#16701
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тамақтану тәртібі.

Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болады. Мұның себебі күн мен түн , сергектік пен ұйқы, жұмыс жағдайының тәулік ішінде өзгеріп тұрады. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің қызметі, олардың сөл өндіруі тәулік ішіндегі қалыптасқан ырғақпен өтеді де, ас қорыту фнрменттерінің белсенділігі жоғарылайды. Кезекті мерзімінде тамақтану ас қорыту нәтижесін арттырады.

Төрт мерзімді тамақтану тәртібі адам өмірінде орын алып, қалыптасты. Мұның себебі күн мен түн, сергектік пен ұйқы, жұмыс жағдайының тәулік ішінде өзгеріп тұрады. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің қызметі, олардың сөл өндіруі тәулік ішіндегі қалыптасқан ырғақпен өтеді де, ас қорыту ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды. Кезекті мерзімінде тамақтану ас қорыту нәтижесін арттырады.

Төрт мерзімді тамақтану тәртібі адам өмірінде орын алып, қалыптасады. Жұмыс жағдайына қарай 3 мезгіл тамақтанса да жеткілікті, ал одан аз болса, тамақтану тиімсіз және ас қорыту мүшелерінің қызметі табиғи ырғағына сай болмайды.

Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.

Күндіз тамақ ішу арасы 4 – 5 сағат болыу тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8 – 10 сағатқа созылады. Әрине, бұл тәртіп, жұмыс істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20 – 25 %, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10 – 15%, түскі тамақтану 40-45 %, ал кешк 20-25% болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңертеңгі ас 25-30, түскі - 45-50, ал кешкі 20-25 % болады.

Тәуліктік азықтың құрамындағы қоректік заттардың арасында тепе – теңдік қатынасы сақталуы тиіс. Академик Т.Ш.Шармановтың қағидасы бойынша, белок, май, көмірсу, витаминдер, минерал тұздары мен судың тәуліктік азықтағы үлес қатынасы организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде болу керек. Оның ішінде валин, лейцин т. б. маңызды амин қышқылдары және қанықпаған май қышқылдары мен витаминдер жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы және басқа өндіріс орындарының жұмыс ерекшелігіне сәйкес тамақтану тәртібінің басқадай түрлері болуы мүмкін...

Ішіп жеген астың сіңімділігі оның дұрыс пісіп және әртүрлі тағамның жеу кезегіне де байланысты. Түскі тамақты салат жеуден батстап, содан соң сұйық ыстық ас (кеспе, сорпалар)ішкен организмге тиімді. Алғашқы тағамдарды қабылдағанда қарын сөлі уақытында өндіріліп, астың қорытылуына жол ашылады. Осдан негізгі тағамды, айталық етті тағамды жегенде ас қорыту мүшелері толық дәрежеде қызмет етуге дайын болады. Түскі тамақтануды сусынмен аяқтайды.

Таңертең жұмысқа тамақ ішпей барғанда, еңбек нәтижесі төмен болады.

Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста – 55 г, 4-6 жаста – 72 г, 7-9 жаста – 89 г, 10-15 жаста – 100-106 г.

Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3 – 3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5 – 4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік тәртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет