Xix ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар


Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы



бет8/13
Дата25.11.2023
өлшемі48,16 Kb.
#127179
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы
Округтық приказдардағы ресейлік заседательдер және казактар жер өңдеп, егін салудың, бау-бақша өсірудің және омарта шаруашылығын жүргізудің үлгісін көрсетуге міндетті болды. Отырықшы өмір салтына көшкен және осы айтылған жұмыстарда табысқа жеткен қазақ отбасыларына жергілікті өкімет билігі тарапынан сыйлықтар беріліп тұрды. Бірақ қазақтардың диқаншылыққа жаппай көшуі бәрібір байқалған жоқ. Дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ халқы егіншілікпен айналысуға жатырқай қарады, мұның өзі сіңірі шыққан кедейлердің - жатақтардың ғана ісі саналды. Округтардың халқы тұзды көлдерден қанша тұз өндіріп аламын десе де ерікті болды. Тұз өндіру олардың ездерінің тұтыну қажеті үшін де, руластарына сату үшін де керек еді. Патша үкіметі сауда-саттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбір қазақ езінің өндірген енімін округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға құқықты болды. Сұлтандар сауда керуендерін шетелдерге де, Сібір шекара шебіне де жіберіп тұру қүқығын сақтап қалды. Тап осындай құкықты орыс көпестері де пайдаланды. Сыртқы округтарды басып өтетін сауда керуендерінен ешқандай да баж салыгы алынбайтын тәртіп орнатылды.
Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру салаларындағы жаңалықтар
«Жарғы» енгізілгенге дейін қазақ даласында ем жасау ісімен халық емшілері ғана (сынықшылар, бақсылар, тәуіптер және басқалары) айналысып келген болатын. Патша үкіметінің билігі жүрісімен жағдай өзгере бастады. Әр округта екі емші жұмыс істей бастады. Тұрақты жұмыс істейтін ауруханалар пайда болды. Жергіліікті әкімшілікке халықты шешек ауруына қарсы егуден өткізу міндеттелді. '«Жарғы» бойынша жергілікті билік орындарына христиан дінін таратумен аты шыққан діни миссионерлердің қазақ даласындағы қызметін күшейту тапсырылды. Бірақ оларға «ешқандай да ықтиярсыз мәжбур етпей, кәдімгідей сенімін арттыру және көзін жеткізу» тәсілі арқылы әрекет ету қажеттігі ескертілді. Рас, кейінгі оқиғалардың көрсеткеніндей, патша үкіметі бұл міндетті жүзеге асыра алған жоқ. Өйткені христиан дінін таратушы миссионерлерге қазақтар тарапынан көрсетілген қарсылық өте күшті болды. '«Жарғының» жағымды жақтарының бірі қазақтардың балаларын Ресейдің ішкі аумағындағы губерниялардың оқу орындарына оқуға жібере алатындығы болды. Алайда бұл құқықты қазақтардың ілуде біреуі ғана пайдалана алды. Оның үстіне, қазақтар өз балаларының орыстанып кетуі мен шоқындырылуынан қатты шошынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет