342
білім алып жүрген жас Түркістандықтар туралы «Батыста білім алған жастарымыз ұлттық
рухпен сусындап қана қоймай, бұл рухиты халқымыздың игілігіне жарату жолдарында
білген» - деп баға береді [4,180б]. Білім беруді насихаттай отырып, М.Шоқай ана
тіліміздің болашағына алаңдаушылық білдіреді. Сол кезде жариялаған мақалаларында
Ресей отаршылдығының басты сипаттарының бірі жергілікті халықты орыстандыру
екендігіне әрдайым тоқталып отырады. М.Шоқай «Түркістандағы жергіліктендіру қандай
мазмұндарды қамтыды?» деген мақаласында ол жергіліктендіру науқанының оқу-ағарту
саласындағы көріністеріне арнайы тоқталып, оның отарлық үстемдікті бүркемелеудің бір
амалы екендігін ашына жазады.
М.Шоқай еңбектерінен 20-30 жылдардағы Қазақстан мен Түркістанның оқу-
ағарту, тіл, мәдени өмірі туралы шындыққа толы дәйектерді таба аламыз. Өзінің "Ақ-
қызыл" деген мақаласында: рухани өмірде орныға бастаған түрі ұлттық, мазмұны
социалистік мәдениеттің шынайы мәнің былайша түсіндіреді: "Көне Ресейдің
орыстандыру саясатынан іс жүзінде ешқандай ерекшелігі жоқ қулық-сұмдықтарын
Лениннің
"социализм",
"интернационализм"
кезеңдерінде
сәйкестендіру
үшін
большевиктер бір жаңа формула ойлап шығарды. Олар енді «түрі-ұлттық, мазмұны
пролетарлық болсын» - деді. Асылында халықтың рухани дүниесі біртұтас нәрсе. Оны
«мазмұнға» және «формаға» бөлуге болмайды. Кез келген рухани мәдениет өзінің
мазмұнымен айқындалады деп Кеңес үкіметінің мәдени саладағы отаршылдық саясатын
сынға алды. [5.134б] әлдеде талдау керек, білім туралы, ғылым туралы.
М.Шоқай өзінің шығармаларында ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық рухты жеке-
жеке емес, бір-бірінен ажырамас ұжымдар ретінде түсіндіреді: «Ұлт азаттығы-ұлттық
рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп
дамиды, жеміс береді[3,85б]. Мұнан М.Шоқайдың тарих, әдебиет пен өнердің қоғам
өмірінде қаншалықты орын алатындығының бағалағандығының куәсі боламыз.
Тарих дегеніміз – ол азаттық, бостандық, тәуелсіздік үшін күрестің тарихы.
Ұлттық сана-ұлт руханиятының негізі.Ұлттық рух халықтың өзін-өзі танумен
айқындалатын, өскелең арман- мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен
негізделетін өміршеңдік күш-қуаты деп танимыз. Ал ұлттық намыс, ар-ожданнан бастау
алатын, отансүйгіштікпен ұштасып жатқан рухани – құндылық сезім. Ұлттық намыстың
негізгі көрінісі адамның туған еліне сүйіспеншілігінен, төл мәдениетіне деген құрметінен
байқалады.Ұлттық намыс, ұлттың өзіндік мәнін, өткен тарих тағлымын ұмытпай: ар-
ожданын таптатпауы үшін керек.
Ұлт қайраткерінің ұлт тарихы, ұлттық рух, ұлттық сана туралы идеялары бүгінгі
таңда ерекше мәнге ие болуда. Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап ұлттық тарихи сананы,
ұлттық рухты қалыптастыру біздің мемлекеттік саясатымыздың басты бағыты болып
отыр. Сондықтан Мұстафа Шоқайдың білім, ғылым туралы еңбектеріне терең талдау
жасаудың, өткен тарихымыздың шындығын тануға, рухани мұраларымызды саралауға,
өзіміздің кім екенімізді тануға, дүниетанымымызды байытуға тигізер пайдасы өте мол.
Қайраткердің кеңес шындығына құрылған еңбектерін оқи отырып, қорытар ой да, алар
тағылым да зор. Бұл әсіресе бүгін тәуелсіз еліміздің шаңырағын көтеріп келешегін
кемелдендіре түсетін жастарымыз үшін маңызырақ.
Достарыңызбен бөлісу: