107
шындығының арасындағы терең сабақтастық сыры қарастырылып, осы бағыттағы
суреткер стиліне тән ерекшеліктер де екшеліп көрсетілді.
Жазушының шығармаларын тіл білімі тұрғысынан зерттеу лингвистикаға қосқан
үлесіміз болары анық. Маршал |Әбдіхалықов шығармаларында теңеулер қалай көрініс
берді, ойды жеткізуде сөз орамдарын қалай қолданып, шебер қиыстыра білді деген
сұрақтар зерттеуді қажет етеді.
Теңеу – тілдегі бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдардың ең көнесі десек те, оның
көнелігі көріктеу құралдарының ішіндегі ең қарапайымы деген тұжырым жасауға негіз
бола алмайды деп айта аламыз. Бұл жайында қазақ тіл біліміндегі теңеулерді арнайы
зерттеген Т. Қоңыров: « Сонымен, теңеу – көркем ойлаудың ұлттық өзгешеліктері бас
қосқан категориялардың бірі. Сондықтан да теңеуді таным құралы ретінде философияда,
стильдік әдіс ретінде әдебиет ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл
білімінде зерттейді», – деген. Теңеудің негізгі қасиеті жаңалылығы, тосындығы және
бейнелілігі болып табылады. Сондықтан, теңеуді өз шығармаларында қолдану
қаламгерлердің ұлттық нақышын ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзіндік
қолтаңбасынан сыр шертеді.
«Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бейнесін
суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа,
белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз», – деп қазақ
тіл білімінде көріктеу, яғни, теңеуді ең алғаш қолданып, ғылыми анықтама берген Ахмет
Байтұрсынов болды. Сондай – ақ ол теңеуді әншейін теңеу және әдейі теңеу деп екіге
бөліп қарастырады да, әншейін теңеуді – әдетті теңеу деп, ал әдейі теңеуді әдеби
шығармаларда қолданылатын теңеулерге жатқызған. Осы тұрғыда Т. Қоңыров та: «...
теңеу біткеннің бәрі тек «көрнекілікті» басқа да толып жатқан семантика-стилистикалық
компоненттерден тұрады. Бұл – бір. Екіншіден, теңеу біткеннің бәрі бірдей «көрнекілік»
образ жасай алмайды», – деп, А. Байтұрсынов сөзін нақтылайды.
Теңеудің құрылымына келетін болсақ, «Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясында»:
«Тілдік теңеу төрт құрылымдық элементтен тұрады: Теңеудің образы, теңеудің предметі,
теңеудің негізі, теңеудің көрсеткіші» – деп жіктейді. Енді, М. Әбдіхалықов
шығармаларынан теңеулердің қолданылуына назар аударайық.
«Сүйінғара» романының «Тұйық теңіз» деп атау берілген бірінші бөлімінің
басында-ақ: «Ертеңгілік теңіз беті, түгіне дейін майланып кеткен
Достарыңызбен бөлісу: