148
Қай кезеңде болмасын біздің жастардың бойындағы рухани құндылық жойылған
емес. Атап айтар болсақ, сонау ерте заманнан ата- бабаларымыз келешек жас
ұрпақтарымыз үшін деп тілін, ұлтын, дінін, жерін жауларынан қорғаған, әр рудың жас
батырлары, би-шешендері бала кезеңдерінде «Күшті – бірді, Білімді мыңды жығады»-
дегендей жауды сөз құдіретімен кері шегіндірген. Оған дәлел Қаз дауысты Қазыбек бидің
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден
құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз» деген сөзі. Бері қарай ойыссақ, Абай, Ыбырай,
Шәкәрім, Шоқан т.б. қазақ жастарына рухани құндылықтың ізін қалдырған ағартушы
ғалымдар; ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын салт-дәстүрін, тілін, дінін, тарихы мен
өнерін қорғап, жойылып ектпеуі үшін күрескен Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.
Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай т.б.; 1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысында ерлік
көрсеткен Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова, М. Мәметова т.б.; 1986 жалы
КСРО үкіметінің әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық білдіріп, тәуелсіздікке
ұмтылған, «Қазақ» деген атым бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең
атыңдар» деп Қайрат бастаған, қаһарман қыз Сәбира қостаған тағы басқа аттары
аталмаған қаншама жастардың бойында ұлттық-патриоттық тәрбие бар екендігін
көрсетеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті
болып отыр. Яғни жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің
сұранысына ғана емес, әрбір жас ұрпақтың дара тұлғалық дамуына педогогтар жауапты.
Қазіргі жаһандану заманында қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында
халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, құндылығын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие
мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының мол жетістіктерін
пайдалану арқылы асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көздерін
ашуда.
Қорытындылай келе, қазіргі жастарды тәрбиелеудің жолы келесі ұрпаққа үлгі. Өз
басымыздың азаматтық жауапкешілігін, патриоттық сезімін, ұлттық руханиятын,
қоғамдық белсенділігі мен төзімділігін тезге салмайынша зайырлы, мәдениетті, өркениетті
қоғам орната алмайтынымыз хақ. Сондықтан ар мен намыс, жан мен тән, тіл мен дін
тазалығын сақтау үшін күресу қажет. Ұлттық қырағылықты ұлықтау тәуелсіздігіміздің
кепілі.
Мемлекет басшысы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында айтқандай
«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан оған табанды түрде қарсы тұра
алатын халық қана жеңіске жетеді», «Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-
өркендеген елге айналдырамыз!» [5].
Жастарға тәрбие беруде ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін
ұғындырып, мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – бұл
қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі, ата – бабамыздан қалған ұлттық
тәрбиеміз қазіргі өмірімізге лайық деп танимыз. Өйткені, ұлттық тәрбие – кемел
келешектің кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: