187
ретінде қарауды жөн көрдік. Мұндағы мақсатымыз – бір ғана тілдік таңбаның аясына
жинақталатын, сол тірек ұғымның концептілік мағынасын ашатын жалпы концептілерді
(жеке
сөздер,
фразеологизмдер,
тұрақты
теңеулер,
авторлық
қолданыстар,
мәтіндік/контекстік концептілер) зерттеу нысанымыздағы көркем мәтін деңгейінде тауып,
сол таңбаның когнитивтік болмыс-бітімін анықтау. Осылайша, автордың әлем туралы
түсінігінің ерекшеліктерін тілдік бірліктер арқылы ашатын концептілік талдау жасаймыз.
Көркем мәтіндерге концептілік талдау жасау арқылы біріншіден, мәтін мазмұнын
түсінсек, екіншіден, жазушы жасаған әлемнің тілдік бейнесін ұғынып сезіне аламыз.
Мұндай талдау оқырман сезіміне тікелей әсер етеді. Себебі, шығармадан алынған
концептілердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, ұлт дүниетанымынан, ұлттық
болмыстан мағлұмат береді. Шығармадағы әр халықтың дүниені танып-білуі мен
сезінуінің өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, түрлі ұлт өкілдерінің аялық білімдерінен,
ұлттық мәдениті мен менталитетінің де хабар алуға болады.
«Көшпенділер» трилогиясындағы мынадай концептілер айқындалып табылды:
соғыс; қару-жарақ (соғыс техникасы); дұшпан/жау; достық/жолдастық; ерлік/батырлық;
махаббат (анаға, елге, сүйген жарға, туған жерге); жеңіліс; жеңіс; жігерлендіру; діл
(ұлттық таным, ұлттық тәрбие, ұлттық мәдениет, діл мен дін).
«Соғыс» концептісі мәтін ішінде мынадай контекстерде көрінеді:
Жасақ, қол, сайыпқыран батыр, солдат, жау қолында қалу, жау қоршауында
қалу,тұтқында болу, кепілге алу, атты әскер, барлаушы. Мысалы:
Бірақ адамды құдай адастырар алдында ең алдымен ақылынан айырады.
Күзтоқсанның ең ақырғы айында Сыбан Раптанның баласы Қалден Цереннің
Достарыңызбен бөлісу: