201
Әлеуметтік жұмыс – бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық
принциптерді жүзеге асыру күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтің бір түрі. Себебі,
әлеуметтік жұмыстағы кәсіби ықпал етудің басты объектісі адам болып табылады. Кейбір
жағдайларда клиенттің тағдыры әлеуметтік қызметке тәуелді болуы мүмкін, сондықтан да
әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын моральдық талаптар да жоғары.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби сапасын дамытуда оның моральды бейнесі, басқа
адамдармен қарымқатынастағы жеке тартымдылығы, психологиялық мінез ерекшелігі
маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-адамгершілік мәселелері оның
барлық іс-әрекетінде орын алуы мүмкін. Сондықтан да, әлеуметтік қызметкердің
адамгершілік мәселелерін шешу мен олардың алдын алу мақсатында, оның бойында
кәсіби-этиклық негізін қалыптастыру қажет [4].
Е. Ярская-Смирнова әлеуметтік қызметкерге келесі талаптарды қояды:
- кәсіби дайын болу;
- қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени даму салаларында жан-
жақты адам болуы тиіс;
- өз іс-әрекетінің салдарын көре білу, өз мамандығының құндылықтарын өмірге
енгізе білу;
- қиын балалармен, мүгедектермен және қарттармен қарым-қатынасқа түсе алу
үшін коммуникативті қабілеті болуы;
- клиенттің жеке басына қатысты мәселелерде кәсіби құпияны сақтай білуі мен
кәсіби шеберлікті қолдана білуі тиіс;
- кез келген күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі;
- қандай жағдайда да мейірімділікпен кәсіби парызын орындауға дайын болуы
қажет [5].
Әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлықтың дамуының мәні мен жолдары
экономикалық, социологиялық, психологиялық, этикалық, т.б. сипаттағы көптеген
факторлармен айқындалады. Мамандық бұл адамның әлеуметтік әлемін өзгертетін және
қиын өмірлік жағдайларды шешуге, жеке өмір мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерге
адекватты әрекетті қалыптастыруға әр адамның потенциалын жоғарылататын, әлеуметтік
пайдалы қызметпен айналысуға дайындық екені белгілі
Әлеуметтік жұмысты дамыту жөніндегі мынадай бағыттарды ескеру өте маңызды:
-
әлеуметтік жұмыстың неғұрлым маңызды және бекітілген мемлекеттік
бағдарламаларын іске асыру, оларды шын мәнінде өзектілендірілетін және ұйым
қызметінің ажырамас бөлігі болып есептелетін жергілікті жерлердегі әлеуметтік жұмыс
құрылымдары қызметінің практикасына енгізу;
-
халықтың әлеуметтік әл-ауқатының проблемаларына қатысты жергілікті
жерлердегі тиісті білікті кадрларға қажеттіліктерге сәйкес білім беру жүйесін жетілдіру;
-
«әлеуметтік қамтамасыз ету» мамандарын даярлау бағыты бойынша оқу-
әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
-
өңірдегі әлеуметтік қызметкерлер жұмысын бақылайтын бірыңғай құрылымдалған
ақпараттық алаң құру,
-
әлеуметтік қызметкерлерді әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге, енгізуге ғылыми
кадрларды көптеп тарту, жастарды әлеуметтік саладағы жұмысқа даярлау;
-
әлеуметтік проблемалар және оларды шешуде әлеуметтік жұмыс теоретиктерімен
қатар практиктердің де күш-жігерін біріктіру.
Достарыңызбен бөлісу: