Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет32/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
2.4-сурет. NaCl кристалының құрылымы (а) және NaCl-да электрондық тығыздықтың таралу сызбанұсқасы (ә)


Иондық кристалдардың атомаралық (ионаралық) арақашықтықтары, яғни олардың иондық радиустары, анион және катиондардың тартылу күштері мен олардың электрондық қабықшаларының тебілу күштерінің теңестірілуімен анықталады.
Иондық байланыстың басты ерекшелігі – иондардың поляризациялануынан туатын оның поляризациялануы. Ол ионның оң және теріс зарядтарының ауырлық центрлерінің түйіспеуінен болады. Поляризациялану диполь моментімен М сиапатталады, ол электр өрісінің кернеулігіне және Ze заряды ионының оң және теріс зарядтарының центрлерінің d дипольдік арақашықтығының көбейтіндісіне пропорционал (2.5-сурет):
М = α *Е = Zed,


мұндағы, α* поляризациялану деп аталатын пропорционалдық коэффициенті,; Е – ионда зарядтардың ауысуы кезінде пайда болатын электр өрісінің кернеулігі.


2.5-сурет. Иондардың поляризациялану сызбанұсқасы: К – катион (ионның оң заряды); А – анион (ионның теріс заряды)

Берілген ион үшін поляризацияланудың мәні α шамасымен тұрақты болып келеді. Ион радиусы үлкен болған сайын, оның поляризациялануы жеңілірек. Сондықтан жалпы жағдайда аниондар катиондарға қарағанда күштірек поляризацияланады. Төменде осыны растайтын 1А (Li+, K+) және VIВ топшасында (О2-, Se2-, Te2-) орналасқан кейбір иондар үшін α мәні көрсетілген:





иондар

Li+

K+

О2-

Se2-

Te2-

α*1024

0.0075

0.087

0.312

0.84

0.96

R, нм

0,068

0,133

0,146

0,192

0,221

Келтірілген деректер бойынша топша шеңберінде ион радиусы өскен сайын поляризациялану мәні де жоғарылайды.


Иондық кристалдардың құрылымы, яғни олардың координациялық сандары да аниондар мен катиондарға қатысты өлшемдермен байланысты.
Құрылымның тұрақтылығы әрбір ионның қарама-қарсы таңбалы ионмен жанасуымен шартталған (2.6-сурет). Ион аттас және қарама-қарсы ионмен бір уақытта жанасқан кезде құрылым тұрақтылығы төмендейді. Егер де кіші ионның өлшемі жанасатын қарама-қарсы таңбалы үлкен иондардан кіші болса (поры), құрылым тұрақсыз болады және жоғарыда айтылған шарттар орындалатын жағдайға ауысады (2.6-сурет)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет