Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе


Тапсырма. Перетектоидты ауысу кезіндегі еркіндік дәрежесі санын анықта. Екі соңғы фазалардан тұратын эвтектоидты құрылымдық құраушылар перлит



бет65/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Тапсырма. Перетектоидты ауысу кезіндегі еркіндік дәрежесі санын анықта.
Екі соңғы фазалардан тұратын эвтектоидты құрылымдық құраушылар перлит деп аталады. Оның бөлшектеріне кіретін перлит саны, формасы мен өлшемдері болат қасиетін анықтайтын әсерлерді көрсетеді.
Қарастырылған мысал эвтектоидты ауысудың тағы бір маңызды қасиеттерін көрсетеді: ол қатты ерітіндідегі компоненттердің өте үлкен қашықтыққа орын ауыстыруымен (диффузиямен) байланысты. 0.8% көміртек бар болаттар эвтектоидты ауысулар кезінде микрометрдің жүзден бір бөлігінің өлшемі (100нм) FезС бөлшегі түзілуі үшін көміртегі атомдары 1,5 миллион қарапайым ұяшықтардан түзілуі тиіс.
Жартылай өткізгіш-металл жүйелеріндегі эвтектикалық диаграммалар сипаты жартылай өткізгіштерді легирлеуде құйманы таңдауда және жүзу немесе диффузия әдістерімен контактілерді түзуде маңызды рөлге ие.
Перитектикалық ауысу бар фазалық тепе-теңдіктік диаграммалар.
Жоғарыда қарастырылған эвтектикалық диаграмма ерекшеліктерінің бірі А және В жүйе компоненттерінің бір-бірінде ери отырып, А жағының да В жағының да ерітіндінің балқу температурасын төмендету.
Егерде компоненттердің бір-бірінде ерітіндісі шектелген жағдайында, мысалы В компоненті А компонентінде ерітілсе оның негізіндегі ерітіндінің балқу температурасын төмендетеді, ал А компоненті В компонентінде ерітілсе, керісінше, Тбал температурасын арттырады, онда эвтектикалық ауысу орнына диаграммада перитектикалық ауысу (n-перитектикалық нүкте, 3.12а-сурет) деп аталатын ауысу пайда болады.
Екілік жүйедегі эвтектикалық ауысу суыту кезінде екі басқа фазаларға ерітіндінің ыдырауымен аяқталады; перитектикалық ауысу, керісінше, өзара әсерлесу есебінен бір фазаның пайда болу үдерісі. Бұл реакция (суыту ↔ қыздыру):



С+ Қb1 ↔ Қ2 немесе С + α ↔ β

(3.52)

болып жазылады.


Перитектикалық ауысу екілік жүйеде нонвариантты болып келеді. Үш тепе-теңдік фазалардың құрамдары эвтектикалық сызықтарындай фазалық диаграммадағы ab иілген сызықтары бар перитектикалық горизанталды сызықтарының қиылысу нүктелерімен анықталынады (яғни a, n, b нүктелерімен).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет