З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Ленинград қаласы.
Б.  Момышұлы  шығармаларында: «...Біздің  армиямыз  бен  фло-
тымыздың  жауынгерлері  Отанымыздың  намысы  мен  бостандығын 
сақтап,  құтырған  жаудың  шабуылдарын  ерлікпен  тойтара  отырып, 
жүректілік  пен  батырлықтың  үлгілерін  көрсете  отырып,  жаудың 
қанын  судай  ағызды.  Бірақ,  жау  қырғынға  ұшырағанына  қарамай, 
ол өзінің солдаттарының қанын титтей де бағаламайды, ол қатардан 
шығып  қалған  адамдарының  орнына  майданға  үсті-үстіне  жаңа  от-
рядтарын айдап салуда, қыс түскенге дейін Ленинград пен Москва-
ны алу үшін ол барлық күшін аямай жұмсауда, өйткені қыстан оған 
ешбір жақсылық күтуге болмайтынын ол біледі».
«...Алайда,  фактілер  «қауырт»  жоспардың  барынша  саяз  ойдан 
шыққандығын жəне негізсіздігін көрсетті».
«...Батыс  Европада  жолы  болған  «қауырт  соғыстың»  шығыста 
жолы болмай, іске аспауының себебі не?».
«...Москва  мен  Ленинградты  қорғау  майданында  біздің  диви-
зиялардың жақын арада немістердің отыз шамалы шыныққан диви-
зияларын  құртып  жіберуі  Отан  соғысының  өрті  ішінде  жаңа  совет 
жауынгерлері  мен  командирлері,  летчиктері,  артиллеристері,  мино-
метчиктері, танкистері, жаяу əскерлері, моряктары шыңдалып шыға-
тынын  жəне  қазірдің  өзінде  шыңдалып  шығып  жатқанын,  ертеңгі 
күні  олар  неміс  армиясының  зəресін  алатын  зор  күшке  айналаты-
нын көрсетеді» (2 т., 197-б.).
Санкт-Петербу́рг  қаласын 1703 ж. 16 мамырда  Петр-І  негіздеп 
қалаған.  Қала 1712-1718 жылдары  Ресей  мемлекетінің  астанасы 

266
267
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
болған.  Содан 18 август 1914 жылға  дейін – Санкт-Петербург  деп, 
ал 1924 ж. 26 қаңтарға дейін – Петрогра́д, ал 1991 ж. 6 қыркүйекке 
дейін – Ленингра́д  деп  аталады. 1991 ж.  қайта  Санкт-Петербург  өз 
атауын иеленеді. Қала – тарихи оқиғаларға бай, Батыр қала.
Ресей  Федерациясының  солтүстік-батысында,  Фин  түбегі  мен 
Нева өзеніні жағалауында орналасқан. 
Байкал. 1938 жылы  Қиыр  Шығыстың  өркеш-өркеш  таулары, 
Уссуридің дүлейлене біткен ұшы-қиыры жоқ ормандары, Сквороди-
но мен Волочаевкадағы мəңгі суық аймағы арқылы жүріп Амурдың 
ирек  өзенін  тіке  кесіп,  Байкалдың  жағасындағы  алыс  тескен  тау-
ларынан  өтіп,  Сибирьдің  кең  дала  жазығы  мен  тауларын  басып, 
Қырғыз  Алатауының  бауырында  жатқан  Жуалыдағы  туған  ауылы-
ма  Владивостоктан  он  бес  күн,  он  бес  түн  дегенде  зордан  жет-
тім (2 т., 13-б.).
Байкал – Шығыс  Сібірдің  оңтүстігіндегі  тұщы  көл.  Теңіз 
деңгейінен 456 м  биіктіктегі  тауаралық  тектоник,  ойыста  орналас-
қан.  Дүниежүзіндегі  аса  ірі  көлдің  қатарына  жатады.  Ауданы 
31,5  мың  км
2
,  суының  көлемі 23,6 мың  км
3
.  Ұзындығы 636 км,  ені 
орта  есеппен 48 км.  Байкал – жер  бетіндегі  ең  терең  көл (1620 м), 
орташа  тереңдігі 7 метр.  Көлде  дүниежүзіндегі  тұщы  су  қорының 
(мұздықтарды  есептемегенде) 20 %-і  шоғырланған.  Жағасы  аз  ті-
лімделген. Геофизикалық зерттеулер көл суының астында 6000 метр-
ге жететін шөгінді қабаттың жатқанын көрсетті. Ірі шығанақтары – 
Баргузин, Чыркуй, Провал, ірі түбегі – Əулие тұмсық. Көлде 27 арал 
бар,  ең  үлкені – Ольхон (7 км
2
).  Көлге 336 өзен  құяды.  Олардың 
ең  ірілері:  Селенга,  Баргузин,  жоғарғы  Ангара  өзені  ағып  шығады. 
Ең  биік  су  деңгейі  тамыз-қыркүйек,  ал  ең  төмен  деңгейі  наурыз-
сəуір  айларында  байқалады.  Байкалда  жануарлардың 1800, өсім-
діктің 600 түрі  кездеседі.  Байкал,  Усть-Баргузин,  Нижнеангарск 
порттары аралығында кеме қатынайды. Байкалдың солтүстік-шығыс 
бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді.
Сібір – Солтүстік  Азияның  басым  бөлігін  қамтитын  табиғи  ай-
мақ.  Батыста  Орал  тауларынан  шығыста  Тынық  мұхит  жағалауына 
дейін 7 мың  км-ге,  солтүстікте  солтүстік  мұзды  мұхит  жағалауы-
нан  оңтүстікте  Орта  Азияға  дейін 3500 км-ге  созылған  табиғат 
жағдайлары  əртүрлі  Батыс  Сібір  жазығы  жəне  Шығыс  Сібір  ай-
мақтарына  бөлінеді.  Батыс  Сібірдің  оңтүстігінде – орманды  дала 
мен дала белдемдері таралған. Сібірдің оңтүстік тауларында биіктік 
белдеулілік  төменде  тау  даласынан  басталып,  жоғарыда  тау  тай-
гасында,  одан  əрі  неғұрлым  биік  тауларда  субальпі,  альпі  шалғын-
дары  мен  тау  тундрасына  өтеді.  Халқының  басым  бөлігі  орыстар. 
Басқа халықтардан украин, беларусь, татар, бурят, саха, тува, қазақ, 
хакас, алтайлықтар, т.б. көптеген жергілікті халықтар мекендейді.
Қазақстан макротопонимдері. 
Қазақстан  Республикасы  немесе  Қазақстан – Шығыс  Еуро-
па  мен  Азияда  орналасқан  мемлекет. 2013 жылдың  ортасында  ел-
дегі  тұрғындар  саны – 17 010 000 адам,  бұл  əлем  бойынша 
62-орын.  Жер  көлемі  жағынан  əлем  елдерінің  ішінде 9-орын  ала-
ды (2 724 900 км²).  Елдің  астанасы – Астана  қаласы.  Мемлекеттік 
тілі – қазақ  тілі.  Басқару  түріне  байланысты – Президенттік  Рес-
публика. 
Қазақстан  бес  мемлекетпен  шекаралас,  соның  ішінде  əлемдегі 
құрлықтағы  ең  ұзақ  шекара  солтүстігінде  Ресеймен – 6 467 км  құ-
райды. Оңтүстігінде – Түркіменстан – 380 км, Өзбекстан – 2000 км 
жəне  Қырғызстан – 980 км,  ал  шығысында  Қытаймен – 1 460 км 
шектеседі.  Жалпы  құрылық  шекарасының  ұзындығы – 13392,6 км. 
Батыста  Каспий  теңізімен,  оңтүстік  батыста  Арал  теңізімен  ша-
йылады.  Батысында  Еділдің  төменгі  ағысымен,  шығысында  Ал-
тай  тауларына  дейін 3000 километрге,  солтүстіктегі  Батыс-Сібір 
жазығынан,  оңтүстіктегі  Қызылқұм  шөлі  мен  Тянь-Шань  тау  жү-
йесіне 1600 километрге  созылып  жатыр.  Қазақстан  Каспий  теңізі 
арқылы  Əзірбайжан,  Иран  елдеріне,  Еділ  өзені  жəне  Еділ-Дон  ка-
налы  арқылы  Азов  жəне  Қара  теңіздерге  шыға  алады.  Мұхитқа 
тікелей  шыға  алмайтын  мемлекеттердің  ішінде  Қазақстан – ең  үл-
кені. Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. 
1991  жылдың 16 желтоқсан  күні  КСРО-ның  ыдырауына  бай-
ланысты  өз  егемендігін  жариялады  жəне  халықаралық  қауымдас-
тық тарапынан тəуелсіз мемлекет ретінде мойындалды.
Қазіргі  Қазақстан  жерін  ежелгі  адамзат  баласы  бұдан 1 мил-
лиондай  жыл  бұрын  мекен  еткен.  Қола  дəуірінде  Сібірдің,  Жайық 
өңірінің,  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  ұлан-ғайыр  далаларын  тегі 
жəне  тарихи  тағдырларының  ортақтығы  жағынан  туыс  тайпалар 
мекендеді.  Бұл  тайпалар  өзінше  бір  үлгідегі  жарқын  мəдениет  қал-
дырды.  Мұны  ғылымда  Андрон  мəдениеті  деп  атайды.  Ерте  темір 
ғасыры  дəуірінде  (біздің  заманымыздан  бұрынғы I мыңжылдық 
ортасы)  Қазақстанда  тайпалық  одақтар  қалыптасты.  Қазақстанның 
оңтүстік,  шығыс  жəне  орталық  аудандарын  мекендеген  тайпалар 
сақ  тайпалар  одағына,  ал  батыс,  солтүстік  аудандарындағы  тай-
палар  савроматтар  тайпалық  бірлестігіне  бірікті.  Біздің  заманы-
мыздан  бұрынғы  ІІІ  ғасырда  Қазақстан  жерінде  кейбір  тайпалар  өз 
мемлекетін  құрып,  алыс-жақын  елдермен  саяси  қарым-қатынас-
тарға  түсті.  Олардың  алғашқылары  сюнну  (ғұндар)  болатын.  Зерт-

268
269
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
теушілер  ғұндарды  түріктердің  арғы  ата-бабалары  деп  есептейді. 
Бұл  бірлестікті  Мөде  басқарған  кезде  ғұндар  бүкіл  əлемге  таныл-
ды.  Ғұндардың  батысқа  жорығы  «Халықтардың  ұлы  қоныс  аудару-
ына»  түрткі  болды.  Жетісуда  ежелгі  тиграхауда  сақтарының  жерін 
мұра  етіп  алған  усундер  (үйсіндер)  біздің  заманымыздан  бұрынғы 
160  ж.  шамасында  Іле  алқабында  өз  мемлекетін  құрды.  Олар 
Қаңлы мемлекетімен шектесті.
Алматы.  Мен  капитан  Лысенконы  бұрыннан,  Алматыдан  бі-
луші  едім. «Ол  кісіге  не  болып  қалды?»  деп  сұрадым  генералдан. 
Генерал  И.В.  Панфилов  қабағы  жабыңқы,  жүзі  қапалы  кескінмен 
біраз отырды да:
–  Ол  өз  батальонымен  бірге  ерлікпен  қаза  тапты, – деді (2 т., 
20-б.).
...Алматыдамыз,  дивизияның  алғаш  құрылып  жатқан  кезі (2 т., 
188-б.).
Машина  көк  желекке  оранған  Алматының  тұп-тура  кең  көше-
сімен ызғи жөнелгенде генерал маған:
– Қайда бара жатқанымызды білесіз бе? – деп сұрады.
–  Дəл  білмеймін,  жолдас  генерал.  Бірақ  сіз  айттыңыз  ғой  бас-
шыларға барамыз деп (2 т., 188-б.).
Алыстағы  Алматыдан  келіп  біз  де  қосылып  отырмыз  ғой (2 т., 
190-б.).
–  Əлі  есімде.  Алматыда  бір  кездескенімізде  сіз  үшінші  июль-
ден  кейін  ғана  өзімді  шын  офицер  деп  санадым  деп  едіңіз.  Ұмыт-
қан жоқсыз ба?
– Иə, ұмытқан жоқпын. Есімде, жолдас генерал (2 т., 193-б.).
Алматы – республикалық мəртебесі бар қала. Қазақстанның оң-
түстік-шығысында,  Іле  Алатауының  солтүстік  баурайында  орна-
ласқан. Аумағы 190 км
2

1929  жылдан 1997 жылдың  қазан  айына  дейін  Қазақстанның 
астанасы  болды. 7 қалалық  əкімшілік  ауданға  бөлінген.  Жергілікті 
басқару  органы – Алматы  əкімшілігі.  Іле  Алатауынан  бастау  ала-
тын  Қарғалы,  Үлкен  жəне  Кіші  Алматы,  Есентай,  т.б.  өзендер  аты-
рабында  орналасқан.  Қаланың  айналасы,  негізінен  таулы,  сайлы-
жыралы  келеді.  Қала  маңындағы  биік  таулы  еңіс (2000-5000 м)  бе-
дері тік жартасты терең құзды, құлама беткейлі. 
Қала  арқылы  Үлкен  Алматы  мен  Кіші  Алматы  жəне  олардың 
салалары – Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. 
Алматының  топырағы  мен  өсімдігі  биіктік  белдеулер  мен  бел-
демдерде  əртүрлі.  Алматының 2,5 мың  жылдық  тарихы  бар.  Қала 
тұрған  жерді  ежелден  қазақ  ұлтын  құраған  тайпалар  мекен  еткен. 
Іле  Алатауының  етегінде  Алмату  қаласы  жайлы  алғашқы  жазба 
деректер Рашид əд-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шың-
ғысханның  шапқыншылығынан  қираған  Алмалық,  Алмату  қала-
лары туралы жазды. 
Шығармадағы  тарихи  орын  Алматы  ойконимін  тереңірек  эти-
мологиялық,  тарихи  тұрғыдан  талдай  түссек,  Т.  Жанұзақтың  пікі-
рінше,  Алматы – тарихи  қала  аты. IX ғ.  Алматы  Қидан  мемлекет-
тінің,  одан  кейін  Найман  ұлысының  астанасы  болады,  ірі  сауда-
саттық  орталығына  айналады.  Моңғолдардың  «Құпия  тарихын-
да»  Шыңғысхан  Алматыға  екі  рет  шабуыл  жасап,  ала  алмай, 
наймандармен  он  жыл  бойы  арпалысып,  ақыры  үшінші  мəрте  ша-
буыл жасағанда тізе бүктіріп, содан кейін Отырарға қарай аттанған. 
1339  ж.  Алматы  Шағатай  ұлысының  астанасы  болып  тұрған  ша-
ғында,  Рим  папасының  Епископ  Ришард  бастаған  елшілері  опат 
болады.  Оның XIII–XIV ғасырларда  Алматы  деген  атпен  көп  жер-
ге  белгілі  болғандығы,  археологиялық  қазба  кезінде  сол  заманның 
теңгесі  табылғандығын, XIV–XV ғасырларда  Алматы  қаласы  тура-
лы  жазбалар  Бабыр,  Мұхаммед  Хайдари  еңбектерінде  кездесетіні 
тарихшылар  зерттеулерінен  мəлім.  Қаланың  көнелілігін  Алматы 
атауындағы  түркі-моңғол  тіліне  ортақ  көне  көптік  жалғау  көрсет-
кіші  (ты)  де  дəлелдейді.  Қазіргі  тіліміздің  грамматикалық  заңына 
бой  ұрсақ,  ол  жалғау  -лы  болып  айтылады.  Демек,  Алматы  қазіргі 
тіліміздің  грамматикалық  заңына  сай  Алмалы  болады.  Бірақта 
көне -ты жалғауы берік сақталған.
Атаудың  негізгі  лексикалық  əрі  топонимдік  мағынасы,  Ғ.  Қоң-
қашбаев,  А.  Əбдірахмановтар  көрсеткендей, «алмасы  көп», «алма-
көп өсетін (жер)», «алмалы». Е. Қойшыбаев бұл «-ты қосымшасын 
өз  алдына  жеке  компонент – көне  түр,  тау  ұғымын  беретін – ту 
тұлғасының  келе-келе,  қазақ  тілі  базасында,  -ту  немесе  -ты  фор-
масын  қабылдауы.  Бұл – заңды  құбылыс», – деген  пікір  айтады. 
Автордың  бұл  пікірін  қолдар  болсақ,  Өлеңті,  Шідерті,  Тобыл-
ғыты  сияқты  атаулардың  соңғы  компоненттеріндегі  -ты  (-ті
қосымшаларын  қалайша  тау  деген  сөз  деп  айта  аламыз?  Өйткені 
Өлеңті,  Шідерті  жазықтағы  өзендер,  ал  тобылғы  да  жазықта  өседі 
ғой.  Е.  Қойшыбаевтың  бұл  пікірі  А.  Голубевтің: «Алматының  көне 
атын Алмату дейді. Верныйды Алматы деп те айтады; бұл қырғыз-
дың  Алматау,  яғни  алма  өсетін  тау  деген  сөзі»  дегенін  қуаттау 
(аталған  сөздіктің 45-бетін  қараңыз).  Шындығында XIX ғ.  Алмату 
деп  атаудың  кейбір  түркі  тілінде,  əсіресе  ұйғыр  тілінде  басым  бол-
ғанын  тарихи  деректерден  анық  көреміз.  Алмату  формасы  Ш.  Уə-
лиханов  еңбектерінде  де  кездеседі.  Демек,  сол  кездерде  -ты  (ті), 

270
271
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
-ту  форманттары  жарыса  қолданса  керек.  Одан  «тау»  деген  ма-
ғына шығару əлі де дəлелдей түсуді қажет етеді. 
Енді  екінші  болжам 1850 жылдары  бұл  жерде  Ресей  патшалы-
ғының  əскери  бекінісінің  іргесі  қаланып, 1854 ж.  қала  əу  бастағы 
тарихи  атымен  аталмай, 1921 жылға  дейін  Верный  аталып  келді. 
Оны  Жетісу  облревкомы 1921 ж. 5 ақпандағы  №12  қаулысымен 
орыс тілінде Алма-Ата деп өзгерткен-ді. Жұрттың айтып та, жазып 
жүргеніндей,  Алма-Ата  қазақ  тіліндегі  Алматы  атының  бұрмала-
нып  жүрген  орысша  транскрипциясы  емес  жəне  оның  орысша  ба-
ламасы  «отец  яблоки»  де  емес.  Бұл  атаудың  кісінің  төл  атынан 
қойылғанына  иланбасқа  болмайды.  Оған  дəлел  ретінде  Шапы-
рашты Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-түқияннан өзіме шейін» атты 
XVIII  ғ.  еңбегінде  тамаша  адам  Алма  ата  жайлы  толық  жазып, 
көптеген  мағлұматтар  берді.  Алма  атамыздың  өмір  тарихына  зер 
сала  бағдарлап  отырсақ,  ол  кісіні  қазақтың  «Мичурині»  болған 
екен  ғой  деп  еріксіз  мойындайсыз.  Өзі  əрі  селекционер-бағбан,  əрі 
шипагер  ретінде  халық  жүрегінен  ерекше  орын  алып,  зор  құрметке 
бөленіпті.  Ол  кісінің  тұрақ,  мекен-қонысы:  қыс  қыстауы  Алмаара-
санға  барар  жолдағы  Аюлы  өзеніндегі  Алматы  көліне  барар  сай-
ды  (бұрынғы  ГРЭС  тұрған  жер)  қыстаса,  жазда  қазіргі  Алмаара-
санды  жайлап,  суық  күзге  дейін  ауруларға  Арасан  суымен  ем-дом 
жасайды  екен.  Алма  ата  қыстаған  сай  ол  кезде  Алма  ата  сайы  ата-
лып,  жаз  жайлауға  ем-дом  жасаған  Арасан  Алмаарасан  аталыпты. 
Бұл  күнде  Алма  ата  сайы  ұмыт  болып  аталмағанмен,  Алмаарасан 
атауы  сақталып,  бүгінге  кейін  адамдарды  емдейтін  Республика-
мызға белгілі ірі санаторий болып отыр. 
Алма  ата  жүзден  аса  сүйекті  өсімдіктерді  будандастырып,  ал-
маның  жаңа  сорттарын  шығарыпты.  Өсімдіктер  жайлы  өз  байқау-
лары  мен  іс-тəжірибелерін  көпшілікке  айтып,  түсіндіріп  отырса 
керек. Сондай-ақ Алма ата аса атақты шипагер де болған кісі екен. 
Ол  кісінің  өсімдіктерден  жасаған  дəрілері,  өсімдіктердің  қандай 
дертке  ем  болатыны  жайлы  сөздері  мен  дауа  болған  ем-домдары 
жайлы  да  аталмыш  кітапта  кеңінен  сөз  болған.  Бұрынғы  Верный 
қаласының  Алма-Ата  аталуының  себебі – сол  кездегі  зиялылар 
Алма  атаның  есімін  мəңгі  есте  қалдырып,  сол  атақты  адамды  құр-
мет  тұтудан  болса  керек.  Тарихи  Алматы  қаласының  Алма-Ата 
аталуының  біз  айтып  отырған  қысқаша  тарихы  осымен  шектел-
мек  емес.  Ол  жайында  əлі  де  пайымдаулар  мен  нақты  ой-пікірлер 
қалың жұршылықтан шыға берері сөзсіз.
Қазақ  тарихында  қасиетті,  киелі,  əулие  ата-бабалар  есімдерімен 
байланысты  жер-су  аттарының  бары  көпке  айқын.  Мəселен,  Қор-
қыт Ата, Шақпақ Ата, Асық Ата, Бекет Ата, т. т. 
Дегенмен, 1993 ж. Қазақстан Республикасының Ата Заңы – рес-
публика  Конституциясында  ол  Алматы  деген  тарихи  атына  қай-
тадан  ие  болды.  Енді  қазақша  да,  орысша  да  Алматы  қалпында 
айтылып,  дұрыс  жазылуда.  Бұл  пікірде  біраз  ойландырады,  бірақ 
біздің  пікірімізше  «Жетісу  облревкомы 1921 ж. 5 ақпандағы  №12 
қаулысымен»  орыс  тілінде  Алма-Ата  деп  өзгерткенде  Алматы  деп 
қазақ  орфографиясының  принциптеріне  сəйкес  жазылудың  орнына 
орысша  «Алма-ата»  деп  дұрыс  жазылмаған.  Өйткені  осы  мəселеде 
кейбір  кісі  есімдері,  аты-жөні,  елді  мекен  атауларының  көпшілігі 
орыс тіліне бұрмаланып жазылып кеткендігі анық. 
Алатау.  Алатаудан  арқырап  аққан  Талғар  өзенінің  жағасы, 
полкта əскери жаттығулар өтіп жатқан кез (2 т., 28-б.).
Алатау – 1) Орталық  Азия  мемлекеттері  мен  Ресей  Федерация-
сының  Сібірдегі  тау  жоталарының  жалпы  атауы.  Оларға  Күнгей 
Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу 
Алатауы,  Іле  Алатауы,  т.б.  жатады.  Алыстан  қарағанда  мұндай 
таулардың  төбесінен  етегіне  қарай  мұздықтар  мен  көп  жылдық  қар 
жапқан  ақтаңдақтары  тау  жоталарына  ала  түс  береді.  Атауы  соған 
байланысты.  Əдетте,  мұндай  таулар  заңғар  биік  болып  келеді.  Тау 
етектерінде  орман,  аңғарында  таулық  шалғын  жəне  дала  белдем-
дері алма-кезек орналасқан. 
Алатау – дəл  осындай  дыбыстық  құрамда  айтылатын  тау  ат-
тары  тек  Қазақстан  Республикасы  қамтып  жатқан  жер  көлемінде 
ғана  емес,  басқа  да  аймақтарда  жиі  кездеседі.  Мысалы,  Жоңғар 
Алатауы,  Қырғыз  Алатауы,  Іле  Алатауы,  т.б.  Сырт  көзге  «Алатау» 
атауының  қалай,  қайдан  пайда  болғандығы  ешқандай  жұмбақ  емес 
сияқты.  Өйткені  «ала»  сөзінің  берер  мағынасы  кез  келген  қазақ 
баласына  түсінікті.  Оны  тіліміздің  түсіндірме  сөздігі – «ақ  жəне 
басқа  түстердің  араласып  келген  түрі  деп  ұғындырады. «Алатау» 
атауындағы  «ала»  сөзін  таудың  түсіне  байланысты  туған  десек, 
қателескен болар едік, əрі бұлай ойласақ, оның («аланың») шыққан 
тегін,  төркінін  іздестірудің  де  қажеті  жоқ.  Əрине,  көрер  көзге  біз 
білетін  Алатау  қарлы,  қарсыз  шоқылармен  ала  қалпында  көрінетіні 
рас.  Алтай  тобына  жататын,  түркі  тілдермен  туыстас  маньчжур 
тілінде: «ала»  сөзінің  «таумен»  байланысты  мынадай  мағыналарын 
ұшыратамыз: 1) қырқа; 2) төбешік; 3) тау  адырлары; 4) тау  тізбегі. 
Бұл  келтірген  тілдік  мəліметтен  аңғаратынымыз – таудың  онша 
биік  еместігі  жəне  тау  болып  көрінетін  қырқалардың  тізбегі.  Осы-
ны  ескерсек, «Алатау»-дың  дəл  мағынасы – «қырқалы  тау»  немесе 
«адырлар тізбегі». 
Алатауға  Е.  Қойшыбаевтың  «Қазақстанның  жер-су  аттары  сөз-
дігі» (1985) кітабында төмендегіше түсінік береді: 

272
273
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Жетісу  жəне  Іле  Алатауының  халық  ұғымындағы  жалпылама 
атауы.
Алатау – кішігірім  тау  аты  (Мұғалжар-Орал  тауларының  сі-
лемдескен  тұсындағы  бір  бөлек  тау).  А.И.  Макшеевтің  зерттеу 
еңбегіне сүйенсек, қазақ жеріне қатысты 58 топоним осы аттас. Ала-
тау – тау,  басы  Хантəңірі  тауынан  басталып,  аяғы  Шымкентке  де-
йін  созылып  жатқан  асқар  биік,  заңғар  тау.  Түркілер  ежелгі  заман-
нан-ақ  биік  шыңды,  басында  мəңгілік  мұздар  мен  аппақ  қар  жата-
тын  тауларды  Алатау  деп  атағаны – Кузбас  Алатауы,  Жоңғар  Ала-
тауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Тян-Шань Алатауы атаулары-
нан белгілі. Осы атаулардағы ала сөзінің төркіні, қазіргі қазақ тілін-
дегі «ақ пен көктің аралас келген түсіне (орысша пестрый) қатысты 
емес,  ұлу  немесе  одан  да  көнелеу  оло  тұлғасына  тартатындай». 
Бұған қарағанда, Алатау – «ұлы, аса зор, биік тау» деген мағынаға ие 
екені байқалады.
Николай  Митрофанович  Синченко  Жетісуда  туып  өскен  орыс 
жігіті (2 т., 34-б.).
Жетісу – ірі  аймақ,  өлке.  Жетісу – республикамыздың  оңтүс-
тік-шығысындағы  «жер  жəннаты»  аталатын,  табиғаты  бай,  жері 
құнарлы  атақты  өлке.  Осы  өлке  атынан  жаңа  мекен  аты  қойылған. 
Жетісу – «жеті  өзен»  мəніндегі  атау.  Кейбір  деректе  жеті  өзенге: 
Іле,  Қаратал,  Ақсу,  Бүйен,  Лепсі,  Басқан,  Сарқант  өзендерін  жат-
қызады.
Кейбір  деректе  жеті  өзенге:  Іле,  Қаратал,  Ақсу,  Бүйен,  Лепсі, 
Басқан, Саркант өзендерін жатқызады Жетісу тарихын жете білетін, 
жағырапия  ғылымынан  мағлұматы  мол  азамат  Əшім  Тұрлыбаев 
Жетісуға мына өзендер жатады деп мəлімдейді: Аягөз, Лепсі, Ақсу, 
Каратал,  Іле,  Шу  жəне  Талас.  Патшалы  Ресей  заманында  Аягөз 
бен  Шу  аралығы  Жетісу  өлкесінің,  кейіннен  Алматы  облысының 
əкімшілік-аумақтық аймағы болып келді.
1939  жылы  Алматы  облысы  атанған  өлкеден  Красногор,  Қор-
дай,  Шу  аудандары  жаңадан  ұйымдасқан  Жамбыл  облысына,  ал 
Аягөз,  Мақаншы,  Үржар  аудандары  Семей  облысына  берілді.  Со-
дан кейін Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. 
1997  жылдан  бастап  Талдықорған  облысы  қайтадан  Алматы  облы-
сына  қосылып, 2001 ж.  сəуір  айында  облыс  орталығын  Талдықор-
ғанға көшіру жөніндегі Республика Президентінің Жарлығы жария-
ланды.
Бұл  күнде  тарихи  Жетісу  аты  географиялық  нысан  (объект) 
ретінді  өз  мəнін  жоймай,  қалпынша  сақталып  келеді.  Осымен  қоса 
Алакөл  мен  Іле  өзендерінің  ортасындағы  тау  аты  да  Жетісу  Ала-
тауы  (Жоңғар  Алатауы)  аталады.  Оның  шығыс  жағы  Қытайға  қа-
райды.  Оңтүстік-батыстан  солтүстік-шығысқа  дейін  созылып  жат-
қан  бұл  таудың  ұзындығы 450 км.  Онымен  қатарласа  жатқан  тау-
лар:  Қаратау,  Басқантау,  Тоқсанбай,  Бежіктау.  Ең  биік  тауы  Бес-
басқан 4464 км.  Қапал  Арасанда  термальды  минерал  су  бар.  Қазір 
бұл тау бұрынғыша Жетісу Алатауы деп аталады.
Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, сол-
түстік-шығысында  Сасықкөл  мен  Алакөл,  шығыста  Жетісу  (Жоң-
ғар)  Алатауы,  оңтүстік  жəне  оңтүстік-батысында  Солтүстік  Тянь-
Шань  жоталарымен  шектеседі.  Тарихи  деректер  мен  зерттеулерде 
Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс 
бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал жəне Көксу 
өзендерін  жатқызса,  А.  Влангали  Басқан,  Сарқан  өзендерінің  ор-
нына  солтүстік-шығыстағы  Аягөз,  оңтүстік-шығыстағы  Іле  өзен-
дерін  айтады.  В.В.  Вартольдтың  айтуынша,  алғашқыда  жергілікті 
халық  Жетісу  деп  Іледен  солтүстікке  қарай  созылған  аймақты  ата-
ған,  оған  Лепсі,  Басқан,  Ақсу,  Бүйен,  Қызылағаш,  Қаратал,  Көксу 
өзендері  енген.  Ал  Жетісу  Іленің  оңтүстігіне  қарай  созылған  та-
улы  аймақ  деген  ұғым  ХІХ  ғасырда  тарап,  сондай-ақ,  оған  Тянь-
Шань-нің  солтүстік-батыс  жəне  орталық  аудандары  да  қосылатын 
бол-ған.  Тарихи  əдебиетте  Жетісу  ұғымына  Шу  алабы  мен  Нарын 
өзенінің жоғары ағысын қамтитын атырап та кірген. 
Археологтар,  тарихшылар  мен  географтар  Жетісуды  Солтүстік-
шығыс  Жетісу  (солтүстікте  Балқаштан  Кетпен  жəне  оңтүстікте 
Іле  Алатауы  жоталарына  дейін,  солтүстік-шығыста  Алакөлден  оң-
түстік-батыста Шу-Іле су айрығына дейінгі жерлер) жəне Оңтүстік-
батыс Жетісу (Шу жəне Талас алқабы) деп екіге бөлінеді. 
Талғар топонимі. 
Есімде:  майданға  аттанардың  алдында  біз  Талғарда  бас  қосып 
едік (2 т., 49-б.).
Талғар – Қазақстандағы  қала.  Талғар  ауданның  орталығы. 
Халқы: 46,2 мың  адам.  Алматы  қаласынан  арақашықтығы – 25 км, 
Талдықорған қаласынан арақашықтығы – 260 км.
Бауыржан  Момышұлының  алғашқы  батырлық  жолын  бастап, 
Отанын, елін, жұртын, жерін қорғау үшін майданға аттанған қаласы.
Осы  тау,  өзен  аттары  негізінде  қала  аты  қойылған  атаудың 
мағынасы  жайлы  əртүрлі  пікір  бар.  А.  Əбдірахмановтың  пайым-
дауынша, «Тал – ир.  пшу  +ғар  (көптеген  тілдерде,  соның  ішінде, 
көне  түркі  тілінде  де  «тау»),  яғни  тау+тау»  Е.  Қойшыбаев  пікірі  де 
осыған  жуықтас. «Үнді-иран  немесе  санскрит  тілдеріне  саятын 
«көнегөз»  тал (<дал>),  тала,  дала+ғар  терминдерінен  қалыптасқан 

274
275
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
«жер  шоқтығы»  мəндес  атау»  дегенді  айтады.  Э.М.  Мурзаевтың 
айтуынша. «Тəжік тілінде таль – «жота, шоқы, төбе» + гар – «тау». 
Бұл  деректерге  қарағанда,  Талғар  атауының  мағынасы: «тау  жота-
лары, тау шыңы, биік тау» дегенді білдіргендей.
Талғар  қаласында  піл  сүйегінен  жасалған  алты  теңдессіз  шах-
маттық мүсін табылған. Бұл – Қазақстан аумағындағы жалғыз шах-
мат  табысы.  Табыстардың  ішінде  Қытайдан,  Үндістаннан,  Ираннан 
жəне  т.б.  əкелінген  бұйымдар  көп.  Талхиз  тарихы  Жібек  жолының 
тарихымен  тығыз  байланысты,  Көне  қала  Ұлы  Жібек  жолының 
ұлттық саудасының негізі болды.
– Тоқтарұлы Төлеген, – деп алдындағы дəптерінің бір бетін Мə-
лік  оқи  бастады,  жасы  жиырма  бірде...  Өскемен  қорғасын  заводы-
ның жұмыскері. Туған жері Шығыс Қазақстан өлкесінде... (2 т., 6-б.).
Өскемен – Шығыс  Қазақстан  облысындағы  өнеркəсіп,  мəдениет 
жəне  əкімшілдік  орталықтардың  бірі.  Қала  негізі 1720 жылы  Ертіс 
пен  Үлбі  өзенінің  құйылысында  қаланған.  Тарихы – XVII ғасырда 
орыс  үкіметі  Ертіс  өзенінің  бойымен  жоғары  өрлеу  үшін  бірнеше 
қадамдар жасады. Бұл ұмтылыстың бірнеше себептері бар: а) Ресей-
дің  шығыс  шекараларын  қамтамасыз  ету;  б)  шығыс  елдерімен  сау-
да байланысын кеңейту; в) Алтайдың байлығына ие болу.
Ауыл  болып,  одан  станица  атанды.  Станица 1804 жылдан  қала-
шық  деп  атала  бастады.  Ал 1868 жылы  Өскеменге  қала  статусы 
берілді. 
Міне,  көз  алдымда  Павлодардың  жігіті – Андрей  Алешин (2 т., 
9-б.).
Павлодар – Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жыл-
дан),  өзімен  аттас  облыс  орталығы (1938 жылдан),  ірі  темір  жол 
станциясы, өзен айлағы жəне əуе порты. Қала Құлынды даласының 
оңтүстік-батыс  шеті  саналатын  Ертіс  өзенінің  оң  жағасында,  теңіз 
деңгейінен 135 метр  биіктікте  орналасқан.  Іргесі  ХVІІ  ғасырдың 
аяғында  Ертіс  өзенінің  маңындағы  көлдерден  тұз  өндіруге  байла-
нысты қаланған. 
Тарихы. 1720 жылы оның негізінде Коряков əскери бекінісі (фор-
пост)  салынды. 1838 жылы  Ямышов  қамалынан  əскери  бөлімнің 
көшірілуіне  байланысты  Коряков  станциясы  салынды. 1861 жылы 
форпост  Павлодар  деп  аталды  да,  облыстар  құрылуына  сəйкес 
Семей  облысына  қарасты  Павлодар  уезінің  орталығына  айналды. 
1932  жылға  дейін  округтік  қала  орталығы  болды. 1932-1938 жыл-
дары  Шығыс  Қазақстан  облысында  аудан  орталығы  болды.  Атау-
дың  семантикасына  келсек,  отаршылдық  топоним.  Кезінде  патша-
ның баласы – «Павелге сый» (Павелу дарю) ретінде сауға етіп тап-
сыруынан келіп шыққан атау. 
Баяғыда  мен  Шымкент  қаласында  орта  мектепті  бітіргелі  жүр-
генімде,  ол  жоғары  мағлұматты  қызмет  істеп  жүргендердің  біреуі 
болатын (2 т., 87-б.).
Шымкент – Қазақстандағы  қала,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы-
ның  орталығы.  Тұрғыны  шамамен 683 273 адам (2014 жыл).  Қа-
зақстанның  басқа  қалаларымен  салыстырғанда  тұрғыны  жөнінен 
3-ші  орында  (Алматы  мен  Астанадан  кейін).  Осымен  қатар,  Шым-
кент  Қазақстанның  негізгі  өнеркəсіп,  сауда  жəне  мəдени  орталық-
тарының бірі болып табылады. 
Ғалымдар  Шымкент  туралы  кездесетін  əртүрлі  тарихи  дерек-
терді атай отырып, қала атауының мағынасын «Бау-бақшалы қала», 
«Жасыл  қала», «Шыммен  қоршалған  қала» – деп  түсіндіреді.  Мы-
салы,  шымға  қатысты  қала  атауы  былай  деп  түсіндіріледі:  Шым-
кент  түркінің  «шым»  жəне  иранның  «кент» – қала,  мекен  деген 
сөздерінен  құралған.  Ал  басқа  түсіндірмеде  қала  атауы  соғдының 
(иранның) «чиминь-чемень»  яғни,  көгалды,  гүлденген  алқап,  ал 
бұған «кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген 
мағынаны береді делінген.
Əкемнің  аймалағанын,  қампиған  ескі  сары  самауырын  шайы-
нан  сусынымды  қандырып,  əке  мейірімінен  бал  жеп,  біздің  Ай-
набұлақтың  шербет  суына  жуынуды  аңсап  келетінмін.  Айнабұлақ! 
Мыңбұлақ! (2 т., 14-б.).
Өмірге  тұңғыш  келгенімде  дүниеде  теңдесі  жоқ  нəрлі  сумен 
мені  шомылдырған,  мені  жуындырған  бұлақ.  Мен  алғаш  суын  іш-
кен, мені əлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ! (2 т., 
14-б.).
Мыңбұлақ  туралы  зерттеу  жұмысымыздың  І  тарауында  сөз  ет-
кенбіз.
–  Бізді  көп  ойнатқан  жоқ.  Жиырма  шақты  күннен  кейін-ақ  Ақ-
төбеде шалонға отырғызды (2 т., 315-б.).
Жел  Алтайдағы  ананың  арманды  жоқтауын  алыстан  аңыратып 
алып келіп тұрғандай (2 т., 292-б.).
–  Əрине,  жолдас  командир,  соғыста  қай  оқтың  қай  неміске  ти-
генін  білу  қиын, – деді  қарлыққан  дауыспен  Трофимов, – əйтсе  де 
Тоқтаровтың  ерліктерінің  көркем,  көлемді  болғандығы  туралы 
оқиғалар,  оның  батырлығы  басқаларға  нұсқау,  үлгі  болып,  жолдас-
тарын  еліктіре  өткендігі,  байтақ,  кекті  орыс  жерін  жау  табанынан 
азат  етуге  алыстағы  Алтайдан  келіп,  орыс  жігіттерінен  кем  түспей, 
дұшпанға  кектене  тиіскендігі, – деп  біраз,  тоқтап, – басы-қасында 
болған  адамдардың  айтуына  қарағанда,  Төлеген  кейінгі  қызу  со-
ғыста бірнеше рет жарақаттанса да, алда жүріп қатысқан (2 т., 8-б.).

276
277
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
*  *  *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет