З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет66/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97
Байланысты:
академ жазба

10.3 Тірек сөздер 
Тірек (түйін) сөздер
дегеніміз – мәтіннің өн бойында кездесетін және 
басқа түйін сөздермен бірлесе отырып, мәтінді баяндауға ықпал ететін 
маңызды сөздер. Тірек сөздер негізінен ақпаратты іздестіруге қызмет етеді. 
Тірек сөздер жиынтығы аңдатпаға өте жақын. Мысалы, өнеркәсіптік 
жүйелердегі компьютерлік шабуыл мәселелерін зерттеуге арналған мақалада 
кибертұрақтылық қағидасы, инвариант қағидасы, өзін-өзі реттеу қағидасы, 
желілік трафик, мультифракталдық талдау
сияқты тірек сөздер 
пайдаланылса, 
академиялық оқылым 
және 
академиялық 
жазылым 
мәселелеріне арналған ғылыми мақалада 
академиялық сауаттылық, 
академиялық оқылым, академиялық жазылым, ғылыми мәтін, ғылыми стиль, 
дағды
сияқты тірек сөздер қолданылады.
Осылайша, тірек сөздер мақаланы сипаттауға мүмкіндік беретін 
қосымша техникалық мәліметтерден тұрады. 
Тірек сөздер қандай мақсатта қолданылады? 
Тірек сөздер мақалаларды жүйелеу үшін қолданылады. Олар мақаланы 
тез табуға, ұқсас мақалаларды топтастыруға, жіктеуге көмектеседі. 
Тірек сөздер мақаламен танысқан кезде уақыт үнемдеуге де мүмкіндік 
береді. Олар журналдың белгілі бір айдарында берілген мақаланың 
тақырыптық бағытын аша алады. Мысалы, «ЖЭС гидрокүл шығару жүйесінде 
өтетін процестерді зерттеу» тақырыбындағы мақалада әртүрлі тірек сөздердің 
жиынтығы болуы мүмкін: 
гидрокүл, гидрокүл шығару жүйесі, физика-
химиялық процестер
. Бұл мақалада гидрокүл шығару жүйесінде өтетін 
процестердің классикалық әдісі қарастырылғанын түсінеміз. Осындай 
тақырыптағы басқа мақалада 
көмір, күл, қож, пульпа, ГКШ жүйесі, скруббер, 
сілтілік реагент 
сияқты тірек сөздер болуы мүмкін. Осы мәселемен 
айналысушы зерттеуші үшін автордың қазіргі заманғы зерттеу әдістерін 
қолданғандығын түсіну қиындық тудырмайды. 
Мақалада тірек сөздердің қолданылуы оқырманға тақырыбы ұқсас 
мақалалардың бір-бірінен айырмашылығын түсінуге мүмкіндік береді. 
Осылайша, тірек сөздер мақаланың маңызды атрибуты болып табылады, 
оларды оқырманға түсінікті болуы үшін мақаланың басында аңдатпадан кейін 
беріледі. 
Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек? 
Тірек сөздер мақаланың барлық терминологиялық қорын қамтуы керек. 
Яғни тірек сөздер мақала атауынан, мақала аңдатпасынан, мақала мәтінінің 
кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден терминдер алынады.
Тым көп тірек сөздер пайдаланудан қорықпаңыз. 3-4 сөз мақаланың 
сипатын көрсетуге жеткіліксіз болады. Дұрысы – мәтіннің көлеміне 
байланысты 10-15 сөз қолдану. Әрбір қосымша тірек сөз оқырманның 
мақаланы оқуға деген қызығушылығын тудыруы мүмкін. Негізгі 
терминдермен қоса күрделі терминдерді де қолданыңыз. Мысалы, электр 
шығынын оңтайландыруға қатысты мақалада 
энергия шығыны, оңтайландыру 


137 
алгоритмі
сөздерімен бірге 
электр энергия шығыны, таратушы электр 
желілері, энергия шығынын оңтайландырудың эвристикалық алгоритмдері 
сияқты күрделі терминдерді қолдануға болады, алайда тым күрделі сөздерді 
қолданбаған жөн. Кейде үш сөзден артық күрделі сөзді бірнеше тірек сөзге 
бөлуге болады. Мысалы, 
күн қондырғылары мен түрлі қуаттылықтағы 
конденсатор банктері 
дегеннің орнына 
күн қондырғылары, түрлі 
қуаттылықтағы конденсатор банктері 
деп берген дұрыс. 
Әрбір тірек сөз – бұл дербес элемент. Тірек сөздерді 
энергия шығыны 
және оны оңтайландырудың эвристикалық алгоритмдері 
деп қолданған 
дұрыс емес, оның орнына 
энергия шығыны, шығынды оңтайландырудың 
эвристикалық алгоритмдері 
немесе 
энергия шығынын оңтайландырудың 
эвристикалық алгоритмдері 
деген жөн.
Ғылыми мақалаларда тірек сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет