З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


 Зерттеу жұмысының жазылуы мен ресімделу тәртібі



Pdf көрінісі
бет82/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97
Байланысты:
академ жазба

13 Зерттеу жұмысының жазылуы мен ресімделу тәртібі 
 
13.1 Зерттеу жұмысын жазған кезде жиі орын алатын қателер 
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ғылыми мақала, ғылыми жоба жазу 
кезінде жиі кездесетін қателерді былайша жіктеуге болады: 
Бірінші жағдай
жұмыстың тақырыбын таңдаумен байланысты. Бұл 
туралы тақырып таңдау бөлімінде айтылған болатын. 
Екінші жағдай 
тақырып атауы жақсы, жұмыс мазмұны да көңілден 
шығады, бірақ екеуінің арасында байланыс жоқ. Бұдан шығатын жол екеу: я 
тақырыпты өзгерту, я жұмысты тақырыпқа сәйкестендіріп, қайта жазу. 
Қайсысы оңай, өзіңіз таңдаңыз. 
Үшінші жағдай
алдыңғы екеуіне қарағанда күрделірек. Зерттеу 
тақырыбы мен мазмұны бір-біріне толық сәйкес, алайда берілген тақырып 
ашылмай қалған. Мұның себептері көп болуы мүмкін. Біз зерттеушінің кәсіби 
қабілетінің 
жеткіліксіздігінен 
тақырыпты 
аша 
алмаған 
себебін 
қарастырмаймыз, тек жөндеуге болатын себептерді ғана сөз етеміз. 
Түзетуге келетін қателердің бірі – зерттеу мәселесі туралы ұзақ кіріспе 
жазу, мәселені, тақырыптың зерттелуін әріден бастау. Жазбаша мәтінге 
кіріскен кезде бірден зерттеудің негізгі мәселесінен бастаған жөн. 
Жұмыс авторының зерттеу тақырыбының мәніне жете алмай қалуының 
тағы бір себебі – жазу кезінде тақырыптан ауытқып кету. Жинаған 
материалыңыз мол, тақырып туралы көп білесіз, жинағаныңыздың, 
білетініңіздің бәрін бергіңіз келеді, мәтінге кірістіргіңіз келеді. Осыдан келіп 
тақырыптан шығып, басқа мәселелерге ауысып кетуіңіз мүмкін. Тақырыптан 
барынша ауытқымаған дұрыс, бұл жерде құрған жоспарыңыз бен қойған 
мақсат-міндеттеріңізді басшылыққа алып отыруды ұмытпаған жөн. 


165 
Жиі орын алатын қателердің ішіндегі 
төртінші жағдай
– дайын 
материалдарды қорытынды мәтінге жинақтау мәселесі. Зерттеу тақырыбыңыз 
бойынша жеке-жеке бөліп алып қарағанда тәп-тәуір бөліктерден тұратын 
мәтін құрастырдыңыз, бірақ бөліктердің, тараулардың, тараушалардың 
арасында байланыс жоқ. Сол себепті мәтіннің құрылымына, яғни жоспарына, 
тараушалардың мазмұндық байланысына (олардың жазылу стилі әртүрлі 
болса да) баса назар аудару керек. 
Орын алатын 
қателердің
бесіншісі
жұмыс көлемімен байланысты. 
Зерттеудің көлемі бір баспа табақ болуы керек, ал сіз бір жарым баспа табақ 
жазасыз немесе жұмыс он екі бет болуы тиіс, сіз жиырма бет жазасыз. Осы 
ретте интервалды азайту, шрифт өлшемін кішірейту сияқты қулықтар жасалуы 
мүмкін. Жұмыс көлемін сақтау талабы басқа талаптардан еш кем емес. Жұмыс 
көлемі талаптан артық болса, басылым редакторы немесе жетекшіңіз 
жұмысыңызды өзі қысқартуы мүмкін, ал бұл кезде сіз жазған мәтіннің 
маңызды жерлері кетіп қалуы әбден мүмкін, сондықтан жұмысыңызды өзіңіз 
қырнап, қысқартып, талапқа сай сәйкестендіргеніңіз дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет