Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет45/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99
2.
 
Қан плазмасында натрий, калий, кальций катиондарының мөлшері, 
нормадан ауытқу себептері. 
Макроэлементтерге 
натрий
жатады – оның қан плазмасындағы мӛлшері -
135-155 ммоль/л, жасушада – 4-10 ммоль/л. Эритроциттермен салыстырғанда 
плазмада натрий кӛбірек болады. Na жасушадан тыс сұйықтықтың негізгі 
элементі болып саналады, плазманың барлық катиондарының 90%-ын құрайды. 
Гипернатриемия (қан плазмасында Na-дің мӛлшерінің жоғарлауы) – 
натрийдің жеткіліксіз шығарылуы (жедел және созылмалы бүйрек 
жетіспеушілігі кезінде бүйректің шумақтық сүзгіштігі тӛмендегенде), немесе 
шамадан кӛп түсуімен (гипертоникалық ерітіндіні дұрыс қолданбағанда) 
байланысты. Клиникалық белгілері жасушадан тыс сұйықтық кӛлемінің 
жоғарлауына байланысты пайда болған мидың дегидратациясына тәуелді. 
Гипернатриемия кезінде перифериялық ісіну, демікпе, веноздық іркілу, ӛкпенің 
ісінуі, артериялық қысымның жоғарлауы болады. Сонымен қатар бас ауруы, 
естің бұзылуы, кома, тырысқақ, бұлшық еттің тартылуы байқалады. 
Гипернатриемия паренхиматоздық нефритте, біріншілік және екіншілік 
гиперальдостеронизмде, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, нефротикалық 
синдромда, 
бауыр 
циррозына 
байланысты 
асцит 
кезінде, 
бүйрек 
артерияларының стенозында. 
Гипонатриемия (қан плазмасында натрийдің мӛлшерінің азаюы) жиі 
натрийдің тер арқылы (қатты терлегенде), несеп айдайтын дәрі-дәрмектерді 
қолданғанда бүйрек арқылы, ішек арқылы және құсықпен шамадан кӛп 
шығуына байланысты болады. 
Натрий жетіспеушілігінде әлсіздік, апатия, бас айналу, естің шатасқанның 
белгілері, артериялық қысымының тӛмендеуі, тахикардия, есінен тану
олигоурия, терінің 
тургор 
тӛменденуі байқалады. Қанда натрий – NaCl түрінде 
болады, қалыпты мӛлшері – 220 ммоль/л. Қалыпты жағдайда NaCl мӛлшері 
тұрақты, патология кезінде ӛзгереді (Na концентрациясының ӛзгеру себептерін 
қараңыз). 
Калий – 
негізгі жасушаішілік катион (90%-ы бос бос күйінде, оңай 
ауысады, ал қалған бӛлігі байланысқан күйде болады) калийдің сарысудағы 
концентрациясы 3,6-4,7 ммоль/л, ал эритроциттредің құрамында – 78-108 
ммоль/л. 
Калий жүрек бұлшық етінің босаңсу фазасын ұзартады. Физиологиялық 
концентрациясы миокардтың ӛткізгіштігін және қозғыштығын тӛмендетеді, ал 
жоғары мӛлшерде жүректің автоматизмін және жиырылғышын тежейді. 


224 
Мӛлшері 10 ммоль/л-ден асқанда жүрек блокадасы байқалады. Калий қанқа 
және тегіс салалы бұлшық етінің жиырылу күшін және тонусын күшейтіп, ӛте 
жоғары концентрацияда жүйке-бұлшық етінің ӛткізгіштігін тежейді. 
Қан плазмасында калий жасушалар ыдырағанда, эритроциттердің 
гемолизінде, бүйрек қызметі бұзылғанда, бүйрек үсті бездерінің қызметтері 
тӛмендегенде. Мысалы, альдостеронның секрециясы бұзылғанда, организм кӛп 
мӛлшерде Na мен суды жоғалтады, ал калийді сақтайды.гиперкалиемия 
науқастың аяқ астынан ӛліп кетуіне әкелуі мүмкін. Калий тыныштық кезінде 
мембраналық потенциалын тӛмендетеді, жүрек жұмысының потенциалын 
қысқартады және реполяризация жылдамдығын жоғарлатады. Қарынша 
фибрилляция арқылы болған жүректің тоқталуы гиперкалиемияның алғашқы 
белгісі болуы мүмкін. 
Гипокалиемия (қан плазмасында калийдің азайып кетуі) альдостеронның 
секрециясы артқанда байқалады. Бұл жағдай жүректің жұмысының ӛте ауыр, 
миокард метаболизмінің бұзылуына әкеледі, кардиодистрофия дамиды
экстрасистолалар, қарыншалардың пароксизмалды және 
мерцательной 
аритмиясы немесе тыныс алу бұлшық еттерінің салдануы байқалады. 
Кальций 
(N=2,25-2,75 ммоль/л) – иоданған және белоктармен байланысқан, 
сонымен 
қатар 
фосфатпен, 
цитратьпен 
комплекс 
түрінде 
кездеседі.физиологиялық активтілікті кальцийдің бос иондары кӛрсетеді. 
олард.физиологиялық активтілікті кальцийдің бос иондары кӛрсетеді. Олардың 
концентрациясы гомеостаз механизм арқылы сақталады.
Гиперкальциемия сүйек тінінің қатерлі ісік кезінде, қалқанша маңы безі 
гормонының секрециясы жоғарлағанда, ағзада Д витаминнің мӛлшері артқанда, 
жедел ацидоз кезінде (сүйектегі кальций протонға ауысады), акромегалия 
кезінде (СТГ бүйректегі 1-гидроксилазаны стимулдейді). Сүтті кӛп мӛлшерде 
ішкенде кальцийдің бүйрек арқылы экскрециясы азаяды. Гиперкальциемия 
кезінде жалпы және бұлшық етті әлсіздік, дене салмағының азаюы, 
шаршағыштық, зерденің нашарлауы, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы, құсу, 
лоқсу, іш қату, құрсақ қуысында ауырсыну сезімінің болуы байқалады. 
Сонымен қатар полиурия, қасаң қабық пен қан тамырларының кальцинозы 
байқалады.бүйректе тастар пайда болуы мүмкін. Бүйрек жетіспеушілігі 
дамиды.
Гипокальциемия гипопаратиреоз, рахит, механикалық сарғыштануда, 
нефрозда, гломерулонефритте, алкалоз кезінде (протондар альбуминдер 
диссоциациялануынан пайда болады, бұл альбуминмен байланысқан 
кальцийдің кӛбеюіне алып келеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет