Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет5/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Біріншілік механизм.
Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл механизм бойынша әсер ететін 
гормондар жасуша iшiне кiре алмайтындықтан ӛзі әкеле жатқан хабарды
жасуша 
iшiлiк 
делдалдық 
жүйелер 
(екіншілік 
мессенджер): 
1) 
аденилатциклазды; 2) гуанилатциклазды және кальций-кальмодулинді, 
фосфатидиинозитолдыьжүйелер арқылы береді.
Аденилатциклазды мессенджерлі жүйе
үш бӛлiмнен тұрады: 
І – тану бӛлiмі, ол рецептор, жасуша мембранасының сыртқы бетiне 
орналасқан рецептор, табиғаты жағынан қышқыл гликопротеид болып 
табылады, кӛмiрсулар бӛлiгi ӛзiнiң гормонын тануға қабiлеттi; 
ІІ бӛлiмi – реттеушi G-белок, екі түрде болады: активтеуші /Gs/, 
ингибирлеуші /Gi/. Бұл белоктар - α, β, γ суббірліктерден тұратын 
гетеротример. β, γ суббірліктері екі белокта бірдей болады. Активсіз күйде G-
белок α-суббірліктері арқылы гуанозиндифосфатпен байланысқан.
ІІІ бӛлiмi – катализдiк, ол аденилатциклаза ферменті болып табылады. 
Аденилатциклаза мембрананың iшкi бетiнде орналасқан, оның активтi 
орталығы цитозольге қарайды. Ол АТФ-ті цАМФ пен пирофосфатқа 
ыдыратады. Аденилатциклаза – аллостерикалық фермент, ол бір полипептидтік 
тізбектен тұрады, молекулалық массасы 120-150 кДа. Ферменттің 2 SH тобы 
болады, біреуі G-белокпен байланысады, ал екіншісі катализдік активтілік 
кӛрсетеді.
Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар келесі каскад 
механизмі арқылы ӛз сигналдарын клетка ішіне бередi. Алдымен гормон 
рецепторларымен әрекеттесіп гормон-рецептор комплексін түзедi. Бұл 
комплекс реттеушi G
s-
белок – ГДФ-ке әсер етіп, оның конформациясын 
ӛзгертедi, яғни G-белок – ГДФ, магний иондарының қатысуымен β мен γ 
суббірліктерден тұратын димерге диссоцияланады, G-белоктың α-суббірлігі 
ГТФ-пен байланысып α-ГТФ түзеді. Түзiлген α-суббірлік-ГТФ комплексі 
аденилатциклазаның аллостерикалық активаторы ретінде аденилатциклазаның 
аллостерикалық орталығына байланысып ферменттiң активтi орталығының
конформациясын ӛзгертiп субстратқа /АТФ-қа/ сәйкестігін арттырады. Активтi 
аденилатциклаза мына реакцияны катализдейдi. 
АТФ
Н
2
О
Mg
2+
цАМФ + Н
4
Р
2
О
7
Бұл реакция гормон-рецепторлық комплекс ыдырағанға дейiн жүредi.
Түзілген цАМФ протеинкиназа А-ның (цАМФ-тәуелді протеинкиназа) 
активаторы болып табылады. Активсiз түрiнде бұл фермент 4 суббірліктен 
тұрады. Оның екеуi реттеушi (2R), екеуi катализдiк (2С). Ферменттiң реттеушi 
бӛлiмi катализдiк бӛлiмдердің активтi орталық түзiлуiне мүмкiндiк бермейдi. 


164 
цАМФ протеинкиназаның 2 реттеушi суббірліктерімен байланысады да, активті 
протеинкиназа түзеді. Активтенген протеинкиназа А фосфор қышқылының 
қалдығын АТФ-тан белок (фермент) құрамындағы оксиаминоқышқылдарына 
(серин, треонин) тасымалдап, фосфорланған белок (фермент) түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет