399
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
398
әскерінің басым көпшілігі осы түркі тектес ру-тайпалардан
құралғанын көрсетті. Тіпті, ол Орта Азияны жаулап алып,
енді Солтүстік Африкаға қол сұға бастайды, осы кезеңде Мы-
сыр елін (Египет) басқарып отырған Бейбарыс сұл тан Шыңғыс
хан жорығының бетін қайтарып, Мысыр еліне аяқ бастыр-
май қояды. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына
(Жошы, Төле, Шағатай, Үгедей) бөліп беріп, олар өздері жау-
лап алған елдерде хандық құрады.
Ыдырыс—Құран Кәрімде аты аталған пайғамбарлардың
бірі. Ол туралы «Мәриям» сүресінде (56-аят) және «Әнбие»
сүресінде (85-аят) екі мәрте сөз болған. XІV ғасырда дүниеге
келген Бурханаддин Рағбузидің «Қиссасул әнбиесінде» Ыды-
рыс пайғамбар жайында қызықты хикаялар берілген. Сондай-
ақ пайғамбарлар өмірі туралы көптеген діни кітаптарда ол тура-
лы мәліметтер айтылады.
Ысқақ—пайғамбар, Ибраһимнің баласы. Құранда Ибра-
һимға Аллаһтың рақымы түсіп, қартайған шағында оның дінге
берік, кіршіксіз өмірі үшін ұл сыйлағандығы айтылады. Ұлы-
ның дүниеге келетінін қарапайым жолаушылар болып келіп,
оның қонақжай дастарқанынан дәм татқан періштелер хабар-
лайды. Аллаһтың Ибраһимға «зейінді ұл» сыйлағаны, ал бұдан
соң ол түсінде Аллаһтың ұлын кұрбандыққа шалуын талап етіп,
аян бергендігі айтылады. Ибраһим мұны орындауға дайын бо-
латын. Бірақ Аллаһ Тағала пендесінің адалдығына көзі жеткен
соң райынан қайтады. Аллаһ өз үмбетін осылай сынаған еді.
Ысмайыл—пайғамбар, Ибраһимнің баласы, Інжілдегі
Ис маил. Ол Алланың әмірімен, әкесі Ибраһим екеуі тасқын
қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді. Аңыздар да Ысмайыл-
ды Ибраһимнің күңі Ажардан туған үлкен ұлы екендігі жайлы
егжей-тегжейлі сипатталады. Әйелі Сараның қызғаншақтығы
мен қастандығынан сескенген Ибраһим Ажар мен Ысмайыл-
ды Арабияға әкетуге мәжбүр болады және оларды сусыз далаға
тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң шешесі ас-Сафа мен
әл-Маруа биігінің төбесіне шығып, алыс тан құдықты, көгалды
жерді көреді. Оларға Жәбірейіл көмекке келеді. Соның әмірімен
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Ысмайылдың өкшесі тиген жер
ден қа
сиетті Зәмзәм бұлағы
атқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: