Жұмыстың мақсаты: Бөлім кластары өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.
Жұмыстың міндеттері: Хитридиомицеттер, Оомицеттер, Зигомицеттер кластары өкілдерінің морфологиялық және практикалық ерекшелігі, көбею жолдарымен танысып, зиянды түрлерімен күресу жолдарын көрсету.
Қажетті материалдар:Орамжапырақ, фитофтора, мукор саңырауқұлақтарының уақытша және тұрақты препараттары, зақымданған өсімдіктердің кеппе шөптері.
Тапсырма: Қарап және суретін салу
Ольпидиум саңырауқұлағымен зақымданған орамжапырақтың сыртқы көрінісімен танысып суретін салу;
Орам жапырақтың тамыр мойнының микроскопиялық құрылысын қарап, жалаңаш протоплазманың, зооспорангийдің және зооспораның суретін салу;