Эмоционалді ерік жігер сферасы бұзылған балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыс


Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері



бет3/5
Дата08.07.2022
өлшемі27,31 Kb.
#37553
1   2   3   4   5
Байланысты:
ерік жігер 6

Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері.
Аутист балалардың ата-анасы және оларды бақылайтын бала дәрігерлері әдетте олардың өмірінің бірінші жылында нәрестенің психомоторлық дамуындағы қандай да бірауытқушылықтарды байқамайды. Көптеген аутист балалардың психофизикалық дамуы олардың өмірінің бірінші жылында жас шамасы нормативтеріне сәйкес болады. Баланың эмоциялық дамуы да оның бір жасқа дейінгі жас ерекшеліктеріне қарай одан психикалық жоғары белсенділікті күтпейтіндіктен ата-анасын көп алаңдатпайды.
Сонымен бірге мамандарға аутист балалардың психикалық ерекшеліктері олардың өмірінің алғашқы айларында –ақ, әсіресе ерте аффекті немесе эмоциялық-коммуникативті саласының дамуынан байқалатыны жақсы мәлім. 


Сәби жас.
Көптеген сәби балаларда ересек адамның эмоциялық қатынасына әлсіз көңіл аударулар байқалды, олар өзіне көңіл аударуларды талап етпейді, қолға алуды сұрамайды, өздерімен өздері болып тыныш жата береді. Анасының қолындағы бала оған жабыспайды, құшақтамайды табиғи және жайлы қалыпты қабылдаудан қиналады. Оларда адамның бетіне қызығушылық байқалмайды, қараған күнде де олардың көзқарасы адам бетіне қарамай жанай өтіп кетеді. Бұл сәбилерде жиі жағдайда жеке сенсорлық әсерді жоғары деңгейде бекіту байқалады. Олар кілем немесе түс қағаз өрнектері ұзақ уақыт мұқият қарайды, қабырғадағы көлеңкенің қозғалысын бақылайды, 3-4 айдан бастап, жарнаманы немесе мультфильмді басқалардан ерекшелеп ұзақ қарай бастайды. Олардың тағы бір ерекшелігі кітаптың бетін парақтау, бір нәрсені шиқылдату, саусақтарын салалау, арбаны тербету, секіруді жақсы көреді.
Ерте жас.
Егер баланың ата-анасы аутист бала өмірінің алғашқы бір жарым жылында оның дамуындағы проблемаларды байқамаса, бала өмірінің екінші жылының соңы мен үшінші жылының басында айқын байқалады. Жақын адамдары атын атап шақырса оның қарамайтыны, ата-анасымен өзара әрекетке ұмтылмайтыны, басқаға еліктемейтіні, басқа балалар ойнайтын ойынды ойнамайтыны, тек бір істі бар көңілімен қайталай беретіні басты белгісі болып табылады.
Аутист балаларда ерте жастан-ақ қоршаған заттардың пішініне, шығу тегіне деген қызығушылық пайда болады. Ата-аналар баланың текшелерді, пирамидалардың шығыршықтарын, қарындаштарды түсіне қарай өзі топтастыратынын, заттарды пішініне қарай сұрыптап, көлемі бойынша қатарлап тізетінін, арнайы үйретпесе де компьютер, ұялы телефонды пайдалана алатынын, жиі жағдайда екі-үш жастағы балалар әріптерді , цифрларды білетінін, көру, музыкалық есте сақтау, тақпақтарды есте сақтау қабілеттерінің болатынын айтып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет