2. «Таңдану» мағынасын білдіретін етістіктер
1) Таңдану – таң қалу, таңырқау.
Ат тұрған жерінен көкке көтеріле бастады. «Мынаның аты тұрды ма, немене», - десіп жұрт таңданып, бір-біріне қарағанша, ат аспанға шығып кетті (Ертегілер, ІІІ том).
2) Таң қалу – қайран қалу, аң-таң болу.
Билл қожасына жол берді. Соңынан оның аяғына көзі түсіп, таң қалып:
- О, Адам хан. Әлде менің есім ауысты ма, әлде сенің аяғың төртеу болып кеткен бе? – дейді.
3) Таңырқау – таңдану, аң-таң болу, қызығу.
Апарып балаларына берді мұны,
Аңдардай үстінде бар шыққан жүні.
Таңырқап тұрпатына, тыңдаушы еді
Ыңырсып анда-санда шықса үні (Рүстем-дастан).
4) Қайран қалу – дал болу, таңдану.
Патша сұлу қыз бен репетсіз ғалымды көріп қайран қалды (Ертегілер, ІІІ том).
5) Аң-таң болу – біреудің ойын түсіне алмау, дал болу.
Ала көзбен бір қарап дүниеге,
Ақын тұрды азырақ болып аң-таң.
Дүние шексіз аралар кете барды
Тілін ұқты, сырын да тез аңғарды (Қ.Аманжолов).
6) Дал болу – не істерін білмеу, дағдару.
Кенет түсін жылытып: - балам ашуыңды қой... өзің кімсің? Жын екеніңді, адам екеніңді білмей дал болып тұрмын, ашып айтшы? – деді (Ерт.).
7) Ажаптану – таңдану, ғажаптану.
Шомбойда менің бір-екі суретім болушы еді. Мөлдіреп қадалған қара көз сол суреттерді көрген екен. Бірақ үйткенмен азаптандым (С.Сейфуллин).
8) Ғажаптану- таңдану, таңырқау, қайран қалу.
9) Аузын сылп еткізу – таңырқау, тамсану.
Шелек жуып жатқан бәйбіше шелегін тастай беріп, аузын сылп еткізіп, тізесін құшақтап отырып қалды (Б.Майлин).
10) Тамсану – аузының суы құру, таңдану, таңырқау.
Сұрасаң менің атым – Құлтума-ды,
Момыннан Құлтумадай ұл тумады.
Қолға алып домбыраны шырқағанда,
Тамсантып, шіркін көмей бұлтылдады (Ай заман-ай).
11) Аузының суы құру – таңырқау, таңдану.
Оның соған қанша керегі бар? Құда түсесің бе? Әйтеуір, жақында болған керемет деп елдің аузының суы құрып отыр, - деді (Ерт.).
12) Аузын аңқиту – таңырқау, таңдану.
13) Аузын ашып қалу – таңдану, таңырқау, құмарту.
Осы кезде аулада тұрғандардың бәрінің аузы ашылды да қалды (М.З.).
14) Аңқаю – аң-таң болу, аңқию.
Ел састы, аңқайды,
Би тартты егеске
Жұрт тағы мал-жайды
Ой қылар бермеске (Абай).
15) Аңқию – таңырқау, таңдану, таң қалу.
16) Аңтарылу – не істерін білмей аңыру, дағдыру.
Базаралы, Асылбектер Абайдың байлауын ұқпай аңтарыла қалды (М.Әуезов).
17) Аңыраю – 1.аңқию. 2.аңыру, дағдыру.
Мал иесі аңқау шаруа аңрайып, жалдапқа жол беріп, аузын ашып сөйлейтін «Әділ» адам екен? – деп те қояды (С.Сейфуллин).
18) Аңыру – сасып қалу, не істерін білмеу.
Жәния үзілген жіптің бір ұшын тарамысты ұзын саусақтарының арасына ілген қалпы аңырып қалды (С.Шаймерденов).
19) апырайлау – қайран қалу, таң-тамаша болу.
20) Дағдару – қайтерін білмей дал болу, аңыру.
21) Жағасын ұстау – аң-таң болу, шошыну.
22) Аузын ашып, көзін жұму – таңырқау, таң қалу.
23) Таңдай қағу – таң қалу, таңдану.
24) Меңірею – аң-таң болу, есеңгіреу, аңыраю, аңқию.
25) Тамашалау – қазықтау, таңырқау, таңдану.
26) Таң-тамаша болу (қалу) – таңдану, таң қалу.
Келесі күні Кутуб-хан Адам ханға келеді.
Адам хан сап-сау досын көріп таң-тамаша қалып, қуанады (Ауғ.ерт.).
Достарыңызбен бөлісу: |